.
.
Cабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық тағамдары» . «Бақытты сәт» ойыны.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 264 | Просмотров: 1645 | Размер: 12.7 Kb | Автор: Тәрбие«Қазақтың ұлттық тағамдары» .
«Бақытты сәт» ойыны.
Сабақтың мақсаты: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ. Оқыта үйрету ойыны.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Модульдік технология.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Интерактивтік тақта.
2. «Шашу» кәмпиті.
3. Ортақ бағалау парағы.
4. Фишкалар
5.Конкурс тапсырмалары.
Ұжымдастыру формасы: Топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
I. Мұғалімнің сөзі:- Сәлемдесу,(Сәлеметсіңдерме?Отырыңдар.
II. –Біздің әр өткен сабағымыз қуаныш. Ал қуанышта кеңпейіл халқымыз не істеген?...Шашу шашқан.
-Шашу дегеніміз не?....Ол тілек, береке. Біз де береке тілеп, шашу шашайық. (Шашу шашылады).
Кәмпитті жай ғана жемей, менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
- Бүгін кім кезекші?-...
- Сыныпта кім жоқ?...
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
III. –Балалар! Көздеріңді жабыңдар. Мен сендерге бір азық – түлік беремін, оның иісінен, бұл не екенін анықтаңдар. (Қымыз).
-Қымыз туралы кім біледі?
-Қымыз неге жатады? ...(Қазақтың ұлттық тағамдарына).
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
IV. Оқушылар (Сусындар, Тағамдар) болып отырады.
- Ойынның мақсатымен, шартымен таныстыру.
Ендеше бүгінгі «Бақытты сәт» ойынымызды бастайық.
I-гейм «Бой сергіту»
Команданың әр мүшесіне карточка беріліп, дайындыққа 1минут уақыт бөлінеді. 1минут уақыттан кейін әрқайсысы жауап беріп, сәйкес фишка алады.
Сусындар командасы
1.Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?(Шұжық, бесбармақ,қазы,қарта т.т)
2. Шұжық ненің етінен жасалады? (қой,сиыр,түйе,жылқы етінен)
3. Сенің сүйікті тамағың не?(...)
4. Қазақтың басты ұлттық тағамы не?(ет)
5.Қымыз ненің сүті?(биенің сүті)
6. Сүт тағамдарын ата?(шұбат, айран, қымыз)
Тағамдар командасы
1. Айран ненің сүтінен жасалады?(сиыр сүтінен)
2. Қазы, қарта, жая ненің еті?(жылқы еті)
3. Бесбармаққа ненің етін салады?(жылқы, сиыр, қой, түйе етін)
4. Жылқы етінің қандай ерекшелігі бар?(жылқының еті қатпайды, майы тоңазымайды)
5. Құрт неден жасалады? (сүттен)
6. Сенің сүйікті тағамың не?(...)
II-гейм «Шашылған бауырсақтар»
Тапсырмалар жазылған карточкалар:
1. Мына сөйлемді аудар:
Из мясо конины готовят казы, карта, жал. (Жылқының етінен қазы, қарта, жал дайындайды)
2. Баяндауыш қандай сұраққа жауап береді?(баяндауыш кім?не? деген сұраққа жауап береді)
3.Мына сөйлемді аудар:
Творог, курт, масло молочные блюда.(Сүт тағамдары -рімшік, сүт, құрт, май.)
4. Мақал-мәтелдің аудармасын дұрыс айт:
Когда в семье лад, все вкусно подряд. (Тату үйдің тамағы тәтті)
5. Мақал-мәтелді аяқта:
Ат-адамның қанаты,
(Ас- адамның қуаты)
6. Сөйлем мүшелерін ата:
(Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
7. Бастауыш, баяндауыш қандай сөйлем мүшелері? (тұрлаулы)
8. Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қандай сөйлем мүшелері?
(тұрлаусыз)
9. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың негізгі үш түрі бар. Оларды ата? (ет, сүт, нан тағамдары)
10. Мына сөздерді аудар:
еда, пища- (дәм)
не попробовав- (ауыз тимей)
гость-(қонақ)
гостеприимство- (қонақжайлылық)
11. Қазақ тілінде неше шақ бар? Оларды ата: (өткен шақ, келер шақ, осы шақ)
12. Мына сөйлемді аудар:
В Казахстане есть санаторий где лечат кумысом. (Қазақстанда қымызбен емдейтін санаторий бар).
III-гейм Фонетика әлемінде
Мұнда мұғалім тақтаға әр командаға екі сөйлем жазады. Сөйлемдерде дауысты, дауыссыз дыбыстар түсіріліп жазылады
Сусындар командасы
1) Қаза...та ұлт...ық та... амдар ал...ан түрлі.
2) Дастар...андағы д...м, та...амнан а...ыз тимей кетуге болмайды.
Тағамдар командасы
1) Тамақ ішуге шақыр...анда, тама...ты к...п күтт...руге болмайды.
2) Қазақта дастар...аннан, д...мнен үлкен н...рсе жоқ.
IV-гейм «Сен маған, мен саған»
Үй тапсырмасы. Үйден ас туралы өлең жаттап келу.
V-гейм « Не дәмді?» ой толғауы
Үй жұмысы: Диалог құру «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қорытынды.
Рефлексия :
Сонымен сабақты қортындылайық:
- Ет тағамдарын атаңдар?
- Сүт тағамдарын атаңдар?
- Нан тағамдарын атаңдар?
- Жылқы, сиыр, түйе не береді?
- Шұжық неден жасалады?
- Ұлттық тағамдарды ата?
Бағалау парағы бойынша топ жиналған фишкалар бойынша өз тобын бағалайды.
.
Бағалау парағы
Оқушының
аты-жөні I-гейм
Бой сергіту II- гейм
Бөшкеден шыққан бас қатырғылар III-гейм
Фонетика және грамма-тика әлемінде IV-гейм «Сен маған, мен саған» V-гейм
«Дәмді тағам» Қорыт-ынды
баға
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.