.
.
Тәрбие сағаты-ән кеші: «Қазақ вальсінің королі» «Қазақ вальсінің королі»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2693 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: Ш.Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттау,оқушыларды ән өнерін білуге тәрбиелеу,олардың сөйлеу тілін дамыту.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, музыка.
Көрнекілігі:Ш.Қалдаяқовтың портреті, презентациялар, суреттер,
Түрі: тәрбие сағаты-ән кеші
Қадірменді ән сүйер қауым! Ән әлемінің падишасы, «Қазақ вальсінің королі» атанған халық артисі, ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларына арналған «Қазақ вальсінің королі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз! Бүгін сіздердің алдарыңызда Шәмші әндері шырқалады. Ендеше, «Ақ ерке – Ақ Жайықтың» жағасында шалқып, «Бақыт құшағында» балқып, айдын көлде жүзгендей «Қайықтаның» сазында тербеліп, әсем ән мерекесін бірге тамашалайық! Шәмшінің әнін шырқасаң атар таң күліп, Жүректе қалар әуендері мәңгілік. Жылы нұр сеуіп жаныңа ләззат беретін Әндері-ай шіркін, Шәмшінің кетті жаңғырып!
Наш классный час сегодня посвящён великому композитору казахского народа,народному артисту Шамши Калдаякову. Шамши Калдаяков был королём казахского вальса.
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылында, Арыс өзенінің жағасында туған. Ол орта мектепті бітірген соң, Капыланбек малдәрігерлік техникумына оқуға түсіп, оны 1950ж бітіріп шығады. 1951-1954 жылдары Ресейдің Қиыр Шығысында әскери борышын өтейді. Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, 1955 жылы Ташкент қаласындағы музыка училищесіне оқуға түсіп, 1956-1962 жылдары Алматы қаласындағы мемлекеттік консерваториясының композиция факультетінде профессор В.Великановтың класы бойынша білім алады. Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық қызметі 50-ші жылдардан басталған. Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса мол үлес қосқан сазгер. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиіп, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Елге, жерге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншілік Шәмші шығармаларының басты тақырыбы. Шәмші Қалдаяқовтың «Сыр сұлуы», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең», «Ақ бантик», «Теріскей», «Бәрінен де сен сұлу», «Арыс жағасында» т.б. көптеген әндері халық арасында кеңінен тарады. Ол жазған әндердің ұзын саны 500-ден асады. 1992 жылдан бері елімізде сазгерлер мен әншілердің Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау-фестивальдері өткізіліп жатыр. Ш.Қалдаяқов туралы қаншама естеліктер жазылып, кітаптар шығарылып жатыр, ескерткіш орнатылып, көшелер мен оқу орындарының аты берілді, деректі телефильм түсірілді. 1967ж, 1971ж, 1978ж, 1981ж, 2000 жылдары Шәмші әндерінің әндер жинақтары шықты.
(Выступление ученицы 8 «Б» класса Лобода В. Биография Ш.Калдаякова)
Шәмші Алматыда үйсіз, күйсіз жұмыссыз қиналып жүрген кезінде ауылдан анасы Сақыпжамалдың қайтыс болғаны туралы хабар алады. Бұл 1958ж еді. Сонда Шәмші үйіне жететін ақша таба алмай қатты қиналыпты. «Ана туралы жыр» әні сол кезде туған ән еді. Оны Шәмші ағамыз парктің ішінде қайғырып отырып шығарған екен. Бірақ, бұл ән тек Шәмшінің ғана анасына емес, барша қазақтың ақ жаулықты аналарына арналып шығарылған десек артық айтқандық емес. Себебі бұл әнді айтып тұрып әркім өз анасын еске алары сөзсіз. Әннің сөзін жазған Ғафу Қайырбеков.
Когда Шамши в Алматы без жилья,не зная что делать,находился в трудном положении, получил известие о смерти матери Сакыпжамал.Это был 1958 г. У него не было денег,чтобы поехать на похороны матери. Свою печаль он выразил в песне «Ана туралы жыр». Эта песня стала не только его песней,но и всех казахстанцев.
(«Ана туралы жыр» әнін тыңдату )
Көп жылдар бойы айтылмай, иесі табылмай, тасада қалып қойған әндердің бірі Қадыр Мырзалиевтың сөзіне жазылған «Сыған серенадасы». Бұл әнді архивтің ішінен ақтарып алып шығып, қалың елге танытқан әнші Тоқтар Серіков екенін бәріміз білеміз.
Одна из песен Калдаякова ,которая долгие годы находилась в архиве,не могла найти своего исполнителя.Она называется «Сыған серенадасы».Эту песню исполняет певец Токтар Сериков.
( «Сыған серенадасы» әнін тыңдату)
«Ақ бантик» әні сыйға тартылған ән. Оны Шәмші Қалдаяқов ең алғаш өзі орындап бір тойда жолдасына сыйға тартыпты. «Ақ бантикті» тыңдасақ, қыздардың ұлдардан гөрі тезірек ержететіні есімізге түседі. Сөзін жазған Мұхтар Шаханов.
Песню «Ақ бантик» исполнил сам Шамши в качестве подарка своему другу. В этой песне поётся о том,как рано взрослеют девушки,чем парни.
(«Ақ бантик» әнін тыңдату)
Қазақ бар жерде Шәмші бар,
Жасайды бізбен мәңгілік.
Шырқалса, Шәмші әндері
Атқандай еді таң күліп.
Сұлу Арыс сулары,
Еркелеп ағар тербеліп.
Ғашықтар жүрді жағада
Жүрекке әнмен дем беріп.
Шәмшінің ең танымал әндерінің бірі «Арыс жағасында» Арыстың жағасында туған бұл әнді кім білмейді?! Бірақ, бұл әнді де кезінде өкімет қиянаттың қыспағына алып, радиоға, теледидарға жібермей қойыпты. Сол кезде Ескендір Хасанғалиев пен Нұрғали Нүсіпжанов студияға тығылып кіріп жасырын түрде өлеңді радиоға жазып, биліктің рұқсатынсыз радиодан беріп жіберіпті. Міне, сол кезде бұл әннің қазақ халқына қалай ұнағанын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес! Ән сол сәтте-ақ халықтың жүрегінен жол тапты.
Одна из известных песен Шамши Калдаякова называется «Арыс жағасында». Однако правительство того времени не разрешало петь по радио, по телевидению. Однажды Ескендир Хасангалиев и Нургали Нусипжанов тайком зашли в студио,записали песню и без разрешения передали по радио. Словами не передать,как понравилась песня казахскому народу!
(«Арыс жағасында» әнін тыңдату)
Халық Шәмшіні «Қазақ вальсінің королі» деп бекер атамаса керек. Оның көптеген әндері вальс ырғағына жазылған. Шәмші әндеріне вальс билемеген жан бар ма? Біздің әке-шешелеріміз осы вальстердің ырғағында жүріп бір-бірімен танысып табысты емес пе?
Недаром назвал народ Шамши «Королём казахского вальса». Его песни в основном написаны под мелодию вальса.
(«Қуаныш вальсі» әнін тыңдату)
«Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихы былай болатын. Сол кездегі өкімет басындағылар Ш.Қалдаяқовқа коммунистік партияны мақтап ән жаз деп тапсырма береді. Сонда Шәмші ағамыз Жұмекен Нәжімеденов екеуі бірігіп «Менің Қазақстанымды» жазып апарып береді. Әнді дайындап апарған кезде «мынау өлеңіңнің ішінде партия туралы бір де бір сөз жоқ қой, мынаны қабылдамаймыз, кейбір сөздерін өзгертіп партияны кіргіз» деп өлеңін лақтырып жібереді. Сонда Шәмші ағамыз «менің әндерім халқыма ұнаса болды, партияға ұнамаса қойсын» депті де бір сөзін де өзгертпестен қалдырыпты. Тіпті ол өте көрегендікпен «Бұл ән қазақтың әнұраны болады» деп айтыпты. «Менің Қазақстанымды» жаттамаған бала жоқ, айтпаған қазақ жоқ! Халық оны өзі әнұран қылып алды. Ал, 2006 жылдың қаңтар айында халық қалауы болған «Менің Қазақстанымның» кейбір сөздеріне түзетулер енгізіліп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны болып қабылданды. Әнұранның сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған қазақтың ұлы сазгері, ән падишасы, Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқов.
История песни «Менің Қазақстаным» такова: правители власти того времени дали поручение Шамши Калдаякову написать песню о восхвалении партии. Тогда Шамши вместе с Жумекеном Нажимеденовым написали песню «Менің Қазақстаным». Когда они понесли песню,её не приняли ,ссылаясь на то,что ни слова про партии нет. Шамши сказал: «Если мою песню примет мой народ, другого не надо».Он не изменил ни одного слова, оставил как есть. Он даже сказал,что эта песня станет «гимном казахского народа».И он не ошибся! В январе 2006года эта песня стала Государственным Гимном Республики Казахстан. Внесены некоторые изменения в слова песни. Слова гимна написали Жумекен Нажимеденов и Нурсултан Назарбаев, музыку написал великий композитор, народный артист Казахстана Шамши Калдаяков.
(Әнұран орындалады)
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.