.
.
Тақырыбы: Қазыбектің «Қаз дауысты Қазыбек» атануы. Қазыбектің «Қаз дауысты Қазыбек» атануы.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2707 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты:1. «Қазыбектің «Қаз дауысты Қазыбек» атануы» шығармасымен таныстыру. 2.Халықтың қаз дауысты Қазыбек туралы шығармасын түсіндіру. 3.Халық шығармаларының, аңыздардың мазмұнын түсіне білуге үйрету.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: «Атамекен» шығармасының мазмұнын сұрау, «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқыту.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
Оқулықпен жұмыс: а) Қазыбек туралы түсінік беру.
ә) Үш би туралы білетіндері туралы айту, еске түсіру.
б) Қазыбектің «Қаз дауысты Қазыбек» атануы әңгімесін тізбектей оқыту, түсіндіру. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қою,
дәптерге жаздыру.
Сұрақ жауап:
1. Қазыбек қандай би болған?
2. Оны неліктен «Қаз дауысты Қазыбек» деп атайды?
3. Қазыбектің шешендігін әңгіменің қай жерінен көруге болады?
Дәптермен жұмыс: Өзіндік жұмыс 18-19 бет. Дәптерге Қаз дауысты Қазыбекті сипаттап жазу.
ҮІ Қорытындылау
Балалар, бүгін біз не үйрендік?
Қандай шығармалармен таныстық?
ҮІІ Үйге тапсырма: «Қазыбектің «Қаз дауысты Қазыбек» атануы» әңгімесін мазмұндау
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.