.
.
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8 Баяндауыш
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 386 | Просмотров: 2079 | Размер: 16.1 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың тақырыбы: Баяндауыш
Сабақтың мақсаты: баяндауышты сөйлемде ажырата білулерін меңгерту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,тіл дамыту, анализ-синтез т.б
Сабақтың көрнекілігі: плакат,кеспе , қосымша материалдар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Жигсо 2.
1. Тақырыпты оқу.
2. Топтастыру
3. Қорғау
4. Сұрақтар қою 5 сұрақ
5. Баяндау, түсіндіру.
Баяндауыш – сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі. Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін,қимылын,жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді. Баяндауыш сөйлемді аяқтап,ойды тиянақтайды.Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да,баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.
Баяндауыш құрылысына қарай былайша жіктеледі:
Құрылысына қарай Сұрақтары: Не істеген? Не қылған? Қайтті? Не болмақ? Немене? Қалай? Кімдікі? Ненікі?
Дара Заман өзгерген,білім күшейген.
Қазына – халықтікі.
Күрделі Абай күрсініп қояды.
Олжабек шалқасынан түсе жаздады.
Үйірлі Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.
Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында,кейде атау тұлғада,тәуелдік,септік тұлғада тұрады.
Баяндауыш болатын сөз таптары мыналар:
Баяндауыш болатын сөз таптары Сөйлемдер
Етістіктер Мен өте қуандым
Сен қайда жүрсің?
Сын есімдер Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.
Ел тоқ.
Зат есімдер Сендер бақытты адамсыңдар.
Ат – көлік, қамшы – қару.
Сан есімдер Ер кезегі – үш.
Үш жердегі үш – тоғыз.
Есімдіктер Медеуі – мен.
Өтегені - өзі.
Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз От жылт еті.
Мылтық тарс етті.
Бекіту, Топтастыру стратегиясы: Баяндауышты топтастыру.
Жаттығумен жұмыс: 38-жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.
....-ынтымақ. ....-сәлем берді ....-төрт
....-байлық ....-бөлінбейді. .....-жетім.
....-оқу. .....-білерсің ....-жаман
39-Жаттығу.
Автор орындығы: Оқушылар баяндауыш бойынша сұрақ қояды.
Бағалау: Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.
Үйге тапсырма: Әдебиеттен баяндауышы бар 5 сөйлем жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.