Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сызықша -

Бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сызықша

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2145 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Бастауыш пен баяндауышқа қойылатын сызықша
Астық – біздің байлығымыз. Әйтім – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. Бұл – үлкен қуаныш. Ол – қазір топ бастығы. Қыздарының үлкені – Майра да, кішісі – Сайра. Ұзын белдің бойында биік таудай мұнартқан – Қарағанды. Менің ұмтылған тілегім – қалай да пайдалы адам болып шығу. Бес жерде бес – жиырма бес. Жақсы – ісімен жақсы. Жүз – жиырма беске бөлінеді. Жүз жиырма – беске бөлінеді. Қайың – күй таңдамайтын ағаш. Ол түрлі жағдайларда өсе береді. Лупа – үлкейтіп көрсететін құрал. Оның негізгі бөлігі – үлкейтіп көрсететін шыны. Қиярдың шықан жері – Үндістан.Оттегі – түссіз газ.

Село үлкен. Бұл – Марқакөл ауданының орталығы. Алтай жайылымдары биыл ерекше. Мына жалпақ етек толған – қойлы ауыл. Көл балыққа кедей емес көрінеді. Ең бағалысы – қызыл балық.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш мүше
Пайда, мақтан - бәрі тұл. Жұрт тарай бастағанда, Михаил, Айдынғали, Жақсылық – үшеуі оңаша қалған еді. Үйлер мен магазиндер, мектептер мен клуб үйі, адамдар, машиналар – бәрі де көмір үстінде. Мортық, ебелек, тітір, жусан – бәрі де жақсы өсіпті. Керуен көшетін сауда жолдары, үлкен базарлар, атақты қалалар, су жолдары – барлығы да бүгін айрықша керек болған. Ақылбай, Ербол және Мағаш пен Кәкітай - төртеуі оша әңгімелесіп отыр екен. Әр бөлменің ұзынын, көлденеңін, ішкі қатынас есіктерін – бәрін де Абай өзі қағазға сызып, Әйгерімнің қолына табыс етіп кеткен. Көшелер мен аулаларда жайқалған ағаштар, көшелерге төселген тастар, сонау шахтадан тартылып келген электр қуаты – бәрі-бәрі депутаттар қолға алған істер еді. Мен апыл-құпыл киіне сала, далаға шықсам, Рақила, Дәмелі – екеуі қой қораның есігін басып қалған жал қарды аршып жатыр екен. Қисық, Роза және мен – үшеуміз бұларды жататын үйлеріне апарып, орналастырып келдік.

Оңашаланған айқындауыш
Қазір оның бригадасында түрлі ұлт өкілдері – орыстар, украиндар, татарлар, белорустар – істейді. Сол кеште – жарық айлы, сыр құмар кеште – көп жолдастың қоршауында келе жатып, Әмір мен Үмітей сөз қосады. Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойды алады. Өзі әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала – қызғана да, тамашалай да қараған еді. Олардың бірі – сары сақал, арық, боз – өз ойының жүйріктігін көрсетуге тырысады.

Құрмалас сөйлем
Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін тұра алмады. Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді. Гүл шықса – жердің көркі, қыз туса – елдің көркі. Жүзінде қайғы да жоқ, қасірет те жоқ, - қорқыныш қана бар. Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті. Оларда пасықтық бар, - адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, - жарқын жүз жоқ. Тұманның қалыңдығы сонша – түк те көрінбейді. Оның қорыққандығы сондай – не айтып, не қойғанын білген жоқ. Екеуінің шұғылданғандығы сондай – ішке кірген кісіні аңғармайды. Есіктің киізін ойлай итерем, былай итерем, - ашылмайды. Елге мойнымды созам, - көрінбейді.

Төл сөз
«Баламмен ақылдасайын», - деді Ақылбай. – Сен қайда тұрасың? – деді Асан. «Автобус күтіп тұрмын», - деді Әли.
Бала Майқыны көргеннен-ақ орнынан атып тұрып:
- Ассалаумағалейкүм, хан біткеннің қызығы, бұқара жұрттың қазығы, азығы, - деп сәлем береді.
Шешесі: «Үйімізіден дәм-тұз татып кетсін, - деп, - сол кісіні шақыр», - деді. – Қойдым, Тәуке, қойдым, - деді.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.