Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Білім шыңына самғайық».  Нәтиже сабақ. -

«Білім шыңына самғайық». Нәтиже сабақ.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1404 | Размер: | Автор: гость
. Айтураева Махаббат,
«Жаңа жол» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Мақтарала ауданы

Сабақтың тақырыбы: «Білім шыңына самғайық». Нәтиже сабақ.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөзжасамнан алған білімдерін тереңдету арқылы, алған білімдерін жүйелеу, бекіту, қорытындылау.
Ойлау белсенділіктерін арттыру, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: қайталау.
Әдіс-тәсілі: диалогтік әдіс, СТО стратегиялары.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген ана тілі талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында,
Ерікті ел болып алысқа қарайын да,
Ана тілім, күмбірле сарайымда, – деп ақын М. Айтқожина жырлағандай
туған тіліміз – ана тіліміз, қазақ тілі туралы сыр шертер тағы бір қазақ тілі сабағын бастаймыз.
Ә) Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңберін құру.
Қуанышты шеңберге,
Қандай жақсы қол берген.
Достарды біз қолдаймыз,
Белсенді жұмыс жасаймыз.
Ә) Оқушыларды түстер бойынша топқа бөлу. Ақ, сары, жасыл, көк, қызыл.

Сабақты Блум таксономиясы негізін жүргізу.
«Білім» стратегиясы.
І. Білім шыңы. Үй тапсырмасын пысықтау.

1. Үйге берілген 387-388-жаттығудың орындалу барысын бақылау.
Оқушылар жұптық жұмыс арқылы бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалайды.
2. Тіркесу жолымен жасалған туынды сөздер жайлы алған білімдерін графикалық диктант арқылы тиянақтау.
Жиырма

Каспий

Мәдениет

Бидай

Жетісай


теңізі үйі төрт қаласы өңді
ІІ асу.
Жаңа сабақ.
Сабақтың эпиграфы:
Қайталау – білім анасы,
Мақалдардың данасы.
Білімді берік игерсең,
Ешкімнің жоқ таласы.
«Түсіну» стратегиясы.
«Білімді мыңды жығар».
Әр топ кесте арқылы (слайд) туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіреді.
І топ. Лексикалық жолмен жасалатын туынды сөздер.
ІІ топ. Жұрнақ арқылы жасалатын туынды сөздер.
ІІІ топ. Бірігу жолымен жасалатын туынды сөздер.
ІV топ. Қосарлану жолымен жасалатын туынды сөздер.
V топ . Тіркесу жолымен жасалатын туынды сөздер.
ІІІ асу
«Қолдану» стратегиясы
«Кітап – досың, ақылшың». Оқулықпен жұмыс.
Топтық жұмыс. Сөзжасамды қайталауға арналған тапсырмаларды орындау.
І топ. Екі буыны да мағыналы сөз болатын атауларды табу.
ІІ топ. Екі сөзден бірігіп жасалған аң-құс атауларын тауып жазу.
ІІІ топ. Ой сөзінен туындайтын сөздерді жазу.
ІV топ. Жұрнақ жалғану арқылы жаңа мәнге ие болған сөздерге бірнеше мысал жазу.
V топ. Біл, кел сөздерінен түбірлес сөздер жасау.
ІV асу. «Талдау» стратегиясы.
391-жаттығу.
1. Мәтіннен жұрнақ жалғанып жасалған туынды сөздерді табу.
2. Қарамен жазылған сөздердің қандай жолдармен жасалғанын түсіндіру.
«Сергіту сәті».
Ағаштар тербеледі. Алдымыздан жел еседі. Кіп-кішкентай ағаштар үлкен болып өседі. (Қимыл арқылы орындау).

V асу. «Жинақтау» стратегиясы.

Шығармашылық тапсырма.
Туынды сөздерді қатыстыра отырып мәтін (өлең, әңгіме) құрау.

VІ асу. «Бағалау» стратегиясы.
«Жаңылмай тап» Тестпен жұмыс.

1.Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Ағажан, әкетай.
cool Адалдық, рақымсыз.
С) Әлдірек, кеңдеу.
D) Жүрек, нашар.
E) Кес, кесер.
2.Қос сөзді көрсетіңіз.
А) Бел буу.
cool Бейне жазба.
С) Бәйге ат.
D) Бәле құмар.
E) Бәле жала.
3.Сөзжасамның анықтамасын көрсетіңіз.
A) Екі я одан да көп сөздің бірігуі.
cool Екі сөздің қосарлануы.
C) Жаңа сөздердің жасалуы.
D) Дыбыстардың бірін-біріне ұқсатуы.
E) Сөздердің буынға бөлінуі.
4.Түбір сөзді көрсетіңіз.
A) Кемпірқосақ.
cool Ағайын-жұрт.
C) Көк жүзі.
D) Тау.
E) Тау-тас.
5. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөзді көрсет.
А) Соң.
В) Қызғылт.
С) Үсті.
Д) Алыстан.
Е) Қуырдақ.
6. Келіс (сөз), шаң (сорғыш) - қандай тұлғада жазылатынын көрсетіңіз.
A) Қос сөз түрінде.
cool Туынды сөз түрінде.
C) Қысқарған сөз түрінде.
D) Бөлек.
E) Біріккен сөз түрінде.
7.Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Кең өріс, балық шаруашылығы.
cool Қағазбастылық, қалжыңбас.
С) Дүние жүзі, бос сөз.
D) Ала аяқ, ал қызыл.
E) Ат спорты, ат жарыс.
Тестің дұрыс жауаптарын слайд арқылы көрсете отырып, өздерін бағалату

1 2 3 4 5 6 7
В Е С Д Е Е В

Рефлексия.
Оқушылар бүгінгі сабақ туралы ойларын жазады.
Бағалау.
1. Формативті бағалау. Оқушыларды мадақтау арқылы.
2.Топ көшбасшыларының бағаларын есептей отырып, жиынтық баға шығару.
Үйге тапсырма:
Туған табиғаттың тамашасы жайында білетін мәліметтерін кірістіріп, ертегі жазу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.