Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Сыныбы: 3 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Біліп ал
Сабақтың мақсаты: - Оқушылардың уақыт туралы білімдерін тереңдету. Уақытты дұрыс айта білуге үйрету. Сағаттың түрлерін таныстыру.
- Ауызекі сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту.
- Уақытты үнемдеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, аудару. Т. б.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, бейнелеу, музыка, дене тәрбиесі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу
2. Түгелдеу
3. Тіл дамыту сұрақтарын қою:
- Бір аптада қанша күн бар?
- Апта күндерін ата!
ІІ. Үй жұмысын сұрау:
1. Жаттығуды оқыту. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Мен бүгін мектепке бардым. Сен кеше стадионға бардың. Ол ертең дүкенге барады. Мен биыл үшінші сыныпта оқимын. Мұғалім қазір тақтаға жазды.
2. Жұмбақты жатқа айтқызу, шешуін тапқызу.
Сырт-сырт етеді,
Уақыт өтеді.
Күнде есебін жаттайды,
Ешбір тыным таппайды.
Алмайды бір тағат
Оның аты – САҒАТ.
3. Бекіту сұрақтарын интерактивті тақтада оқыту:
- Бір тәулікте қанша сағат бар?
- Бір сағатта қанша минут бар? т. б.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Сөздікпен жұмыс. (Жаңа сөздерді интерактивті тақтадан көрсету)
Дұрыс – правильно
Дұрыс емес - неправильно
А) мәнерлеп оқыту.
Б) Берілген уақыт ішінде жаттату.
В) Сөз тіркестерін құрау.
2. Интерактивті тақтамен жұмыс. (ауызша тапсырма)
1) Интерактивті тақтадан сағаттарды көрсетіп, уақыттың қанша болғанын айтқызу.
2) «Сағат 14:00-де сен қайда болдың?» т. б. сұрақтарға жауап бергізу.
Мысалы: Сағат жеті болды. Мен сағат жетіде үйде болдым. Ұйқыдан тұрдым.
3.Деңгейлік тапсырмалар беру: (оқулықпен, дәптермен жұмыс)
І. 3-тапсырма. Екі қатарға жаз.
Дұрыс: Мен сабақ оқыдым. Мен бес алдым. Мен тісімді тазаладым. Мен стадионға бардым.
Дұрыс емес: Сен жаттығу жазбадың. Сен кітапты жырттың. Сен бетіңді жумадың. Сен екі алдың.
ІІ. 1-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Бүгін мен театрға бардым. Кеше мен стадионда болдым. Ертең мен киноға барамын.
4. Сергіту сәті. Интерактивті тақтада музыкалық сергіту сәтін қойып, оқушыларға әні мен қимылдарын қайталату.
5. Тақтадан жұамбақты оқыту. Жауабын суретпен салып көрсету.
Өмірді өлшейді,
Ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай.
6. Жұптық жұмыс. 5-тапсырма. Диалогты оқыту.
- Бір жылда неше ай бар?
- Бір жылда 12 ай бар?
- Бір айда неше күн бар?
- Бір айда 30 немесе 31 күн бар.
- Бір аптада неше күн бар?
- Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
7. Суретпен жұмыс. Суреттегі сағаттың түрлерін айтқызу. Қол сағат, қабырға сағат, үстел сағат, қалта сағат, құм сағат, су сағат.
8. Тақтамен жұмыс. Жанардың күн тәртібі туралы айту.
ІҮ. Сабақты бекіту: - Сағаттың түрлерін ата!
- Сен сағат қаншада мектепке барасың?
Ү. Үйге: Жұмбақты жаттау. 2-тапсырма.
ҮІ. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.