.
.
Пәні: Орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі «Бір табақ ұн, бір табақ арпа».
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 322 | Просмотров: 1905 | Размер: 20.4 Kb | Автор: ТәрбиеСыныбы : 8
Сабақтың тақырыбы: «Бір табақ ұн, бір табақ арпа».
Сабақтың мақсаты: Шығарманың мазмұнын түсіну, Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білу, мәтіннен күрделі сөздер мен жалқы және жалпы зат есімдерді таба алу. Сабақтың нәтижесі: -шығарманың мазмұнын түсінеді; - Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы біледі; - мәтіннен күрделі сөздер мен жалқы және жалпы зат есімдерді таба алады; -мәтіннің негізгі тақырыбы мен идеясы жайлы өз ойларын айта алады; -нанның қадірін түсініп, бағалай алады.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жылулық шеңбері (Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу), топтық жұмыс (Қалай оқу керектігін үйрету), сұхбат (Диалогтік оқыту), талдау, талқылау, «Өрмекші» , «Балық сүйегі»(Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету), рөлге бөлу (Талантты және дарынды балаларды оқыту), демонстрация (оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану), өзін-өзі бағалау (Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау).
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кері байланыс парағы, маркер, ватман
Сабақтың барысы:
1. Жылулық шеңбері. «Менің анам ... »
2. Үй жұмысы мен жаңа сабақты байланыстыру.
- Балалар әдебиетінің өкілдерінің бірі- Бердібек Соқпақбаев. Бүгін біз Б.Соқпақбаевтың «Бір табақ ұн, бір табақ арпа» атты шығармасы бойынша жұмыс істейміз. Балалар екі топ бөлінеді. Бірінші топ- «Білімділер» , ал екінші топ «Талаптылар».
Үйге тапсырма : Б.Соқпақбаевтың «Бір табақ ұн, бір табақ арпа» шығармасын оқып келу
- Ұн бидайдан жасалады. Бидай өсіріледі. Арпа да- өсірілетін дақылдардың бір түрі. Аштық жылдары арпа, бидайдың бір дәні қандай қымбат болды? Бауырсақ, нан қандай қиыншылықпен келген. Кішкентай балалардың арманы бір үзім нан жеу болған жылдарды Б.Соқпақбаев қалай суреттеген? Біз осы кезеңнің суреттерін Б.Соқпақбаевтың «Бір табақ ұн, бір табақ арпа» шығармасынан көре аламыз.
-Б.Соқпақбаев кім? Оның қандай шығармаларын білеміз?
«Бір табақ ұн,бір табақ арпа» шығармасының негізгі тақырыбы мен идеясы қандай деп ойлайсыңдар?
Тақырыбы. Аштық кезеңі
Идеясы: Ананың қамқорлығы, баласының тоқтығы үшін үйіндегі қымбат мүлкін аямай, айырбастайды.
1-тапсырма «Кім жылдам?» Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша 1-ші топ «Өрмекші» жасайды. 2-ші топ «Балық сүйегін» құрастырады.
Оқушыларға рөлдер тағайындалады:
А деңгей: «Спикерлер»
В деңгей: «Хатшы»
С деңгей: «»
2-тапсырма. «Мен бастайын, сен қоста»
Мәтін мазмұнын әңгімелеу
3-тапсырма. Шығарма кейіпкерлерін салыстыру.
«Білімділер» тобы шығармадағы және өмірдегі Ана бейнесін салыстырады.
«Талаптылар» тобы Автор мен Тілеу бейнелерін салыстырады.
4-тапсырма. «Мен саған, сен саған» . Сұрақтар әлемі
Екі топ мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қояды.
5-тапсырма. Грамматикалық тапсырмалар.
А) «Аштық», «қорек» сөздеріне фонетикалық талдау жасау
Б) Жалқы, жалпы есімдерді табу. 1 сөзді құрамына қарай талдау.
Жекібай
6-тапсырма. Ана жайлы қандай мақалдар білесіңдер? Бұл мақалдарды қалай түсінесіңдер?
1.Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
2. Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
3 . Анасын сүйгеннің баласын сүй.
4. Анаңды он рет Меккеге арқалап апарсаң да, еңбегін өтей алмассың.
Сабақты қорыту. 6-тапсырма «Сезімді ояту».
Елестету
Сүйсіну
Жек көру
Жаны ашу
Өкініш
Таңдану Автор қандай бала деп ойлайсыңдар?
Кімдердің қандай қылығына сүйсіндің?
Кімдердің қандай әрекеті ұнамады?
Қай жерінде өзіңде жаны ашу сезімі пайда болды?
Өкініш сезімі пайда болды ма, қашан?
Таңғалып, риза болған сәтің ше?
Көшбасшылар топ мүшелерінің еңбектеріне қорытынды жасап, бағалау парағын толтырады.
Кері байланыс «Сәттілік баспалдағы».
Әбілқайырова Самал Егінбайқызы
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
№1 Новоишим орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе селосы) — қазақ
жазушысы.[1] ҚазақтыңАбай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. "Жұлдыз", "Балдырған" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалық шаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазакфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. Б.Соқпақбаев "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958), "Әпенденің айласы" (1960), "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.