Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Бірыңғай  мүшелер, байланысы, тыныс белгілері. -

Бірыңғай мүшелер, байланысы, тыныс белгілері.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2225 | Размер: | Автор: Тәрбие
. 8 сынып
Қазақ тілі
І Сабақтың тақырыбы: Бірыңғай мүшелер, байланысы, тыныс белгілері.
ІІ Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларға бірыңғай мүшелер туралы, олардың байланысы, оған байланысты қойылатын тыныс белгілері туралы түсінік беру;
Б) Дамытушылық: оқушыларды синтаксистік талдау жасай білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту, пунктуациялық сауаттылықтарын арттыру, компьютермен жұмыс жасай білуге баулу;
В) Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
ІІІ Түрі: интегралды сабақ;
ІVӘдісі: түсіндіру, талдау, суретпен жұмыс, сызбамен жұмыс, графикалық кесте сызу, компьютермен жұмыс;
V Көрнекіліктер: компьютердегі тапсырмалар, таратпа картотекалар, сызбалар, суреттер;
VІСабақтың барысы:
1 Ұйымдастыр кезеңі / жоқ оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару/
2 Үй тапсырмасы: 61-жаттығу / қатар бойынша қосарлы айқындауыштарды қатыстырып, сөйлем құрау/
3 Ережелерді пысықтау:
Айқындауыш мүше дегеніміз не?
Айқындауыш мүше нешеге бөлінеді?
Оңашаланған айқындауыш деп нені айтамыз?
Қосарлы айқындауыш дегеніміз не?
4 Жаңа тақырып: бүгінгі тақырыбымызға көшейік. Біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты – бірыңғай мүшелер, олардың байланысы және оларға байланысты қойылатын тыныс белгілері жайлы түсінік алу.
Сөйлемде белгілі бір мүше сан жағынан біреу ғана емес, екі я одан да көп болып, бірыңғайласып айтылуы да мүмкін. Досан, Есен, Әлмен, Бәрмен де аса сүйсінген ажар танытты. Бұл сөйлемде төрт бастауыш бар, бәрі де бір ғана ажар танытты деген баяндауышпен байланысып, кім? деген ортақ бір сұрауға жауап берген.Бірыңғай мүше түрінде тек бастауыш қана емес, басқа мүшелер де — баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш — айтыла береді. Бірыңғай баяндауыш Сүгірәлиева Алтын — жақсы әнші, әсем биші. Сызбасы: О /О Бірыңғай толықтауыш Аңшы, мергендер, жортуылдар — күнделік аңыз тудырған қайратты, өнерді, қастық-араздықты да баян етеді. Нелерді? Сызбасы: |О|О|О| Бірыңғай анықтауыш Ораз орта бойлы, кең жауырынды, төстек кеуделі, ақ сақалды, дөңестеу мұрынды, дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қас, кең маңдайлы адам еді. Сызбасы: |О|О|О|О| О|О|О| Бірыңғай пысықтауыш Көктемде, жазда және күзде ауыр тікұшақтар тайгадағы бұрғылардың үстінде қалықтап жүреді. Сызбасы: [О] О және [О]
Бірыңғай мүшелердің негізгі белгілері:
1. Бірыңғай мүшелер өзара салаласа байланысып, біркелкі сарындағы дауыс ырғағымен бөлініп айтылады, басқаша айтқанда, санамалау интонациясымен айтылады.
2. Ортақ бір сұрауға жауап береді.
3. Бірыңғай мүшелер көбінесе бірыңғай тұлғада болып, бір сөз табына жатады.
4. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады.
▲ Қызметі мен сұраулары ортақ болып, өзара салаласа байланысқан екі я одан да көп мүшелерді сөйлемнің бірыңғай мүшелері дейміз.
Бірыңғай мүшелердің тыныс белгісі
Жазуда бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады. Бірақ үтір бірыңғай мүшенің бәріне қойыла бермейді. Үтір мынадай жағдайда қойылады:
1. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, араларына үтір қойылады. Аспан айқын, ашық. [О, О].
2. Егер жалғаулық шылаулар бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып айтылса, араларына үтір қойылады. Инженер де, мұғалім де, еңбегі асқан екпінді де осы үйден табылады. (О де, О де, Оде). Кейде шортан, кейде шабақтар ілігіп қалады. (кейде О, кейде О.) Егіс мәдениетін әрі өсірем, әрі кеңейтем. (әрі О, әрі О).
3. Бірыңғай мүшелер бірақ деген қарсылық жалғаулығы арқылы байланысса, араларына үтір қойылады: Орта бойлы, бірақ толықша қара сұр жігіт еді. (О, бірақ О).
Мынадай жағдайда бірыңғай мүшелердің арасыта үтір қойылмайды :
1. Бірыңғай мүшелердің арасын пен, және жалғаулықтары бір-ақ рет байланыстырса, үтір қойылмайды. Күні-түні қолынан кітап пен қарындаш түспейтін. (О пен О). Қарағандының өзінде орысша және қазақша драмалық театр, бірнеше кинотеатр бар. (О және О).
2. Да, әрі, не, немесе, яки жалғаулықтары қайталанбай, бірыңғай мүшелердің арасында бір-ақ рет келіп тұрса, үтір қойылмайды. Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы. (О да О). Көбінің жүзі ақшыл не қызғылт сарғыш келген. (О не О).
5 Сурет бойынша жұмыс: компьютерде жылдың төрт мезгіліне байланысты табиғат көріністері /пейзаж: қыс, көктем, жаз, күз/ бейнеленген. Тапсырма шарты – бірыңғай мүшелерді қатыстырып, сөйлем құрау;
6 Оқулықпен жұмыс: 64-жаттығу /ауызша/ Мәтіннен бірыңғай мүшелерді тіркескен сөздерімен тауып, қандай сұрақтарға жауап беретінін, қай сөз табы болатынын анықтау:дәуірдің, халықтың тізгінін; жамандардан, зұлымдардан қорғады; ең биік, ыңғайлы, өлкелеріне; ең таза, шұрайлы өлкелеріне; көркемдік, жарқын жүзділік, әдептілік, жүректілік, үлкендерді, қарияларды құрметтеу, сөзінде тұру, мәрттік, кішіпейілділік қасиеттерге ие; лайықты да парызды іске; өз дертін айту үшін және түркілерге жақын болу үшін ; қамқорлық, пана табады;
7 Жорамалдау тәсілі: компьютерден дыбысы алынып, үнсіз кинофильмдер көрсетіледі. Оқушылар олардың қимыл, іс-әркеттеріне қарап, өздерінің сөйлемдерін айтады. Олардың ойлары фильмдегі оймен сәйкес келе ме, келмей ме дауысын шығарып тексереміз. /«Көксерек» және «Менің атым - Қожа» фильмдері/
8 Компьютердегі тапсырманы орындатып, өз жауаптарын бірден тексерту; /Жаттығу жұмысы/
9 Сабақты бекіту: сызбамен жұмыс: /оқушылар берілген сызба бойынша бірыңғай мүшелерді қатыстырып сөйлемдер құрайды. Осы арқылы жаңа тақырыпты түсінген-түсінбегендерін тексеру/
[О, О, О]
[О,О – О]
[О,О және О]
[әрі О, әріО]
10 Үйге: 63-жаттығу /Бірыңғай мүшелердің арасына тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу/
VІІ Оқушылар білімін бағалау;
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.