Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Болымды және болымсыз етістік -

Болымды және болымсыз етістік

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 370 | Просмотров: 4145 | Размер: 60.0 Kb | Автор: Тәрбие
. 6 - сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінетінін, қалай жасалатынын түсіндіру.Сөз мағынасын түсіндіріп, етістіктің түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Салыстыру, талдау арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі:Тыйым сөздер арқылы адамдық қасиетті бойына сіңіре отырып,жақсы іс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, үлестірмелі парақшалар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
-Иә, балалар, сендер еліміздің болашақ иесісіңдер! Болашақ ұрпақ білімді, ғылым техниканы игеру қажет. Олай болса, болашақ ғылым иелерінің жиып жатқан білімдерін тексерейік.
Жұмбақ шеше отырып, ішіндегі іс-әрекетті білдіретін сөздерді табу.
1. Қар еріп, су көбейіп, сай-салаға ағады.
Бүршік шашып, жапырақ ашып, гүл-бәйшешек жарады.
Балаларым, айтындаршы, бұл қай кезде болады
(көктем)
2.Көктемде құстар келгенде,
Ең алдымен келетін,
Өзіміз күтіп алатын
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар?
(қараторғай)
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың білімдерін мына сұрақтар арқылы тексеру:
1. Етістік дегеніміз не?
2. Негізгі етістік дегеніміз не?
3. Туынды етістік дегеніміз не?
4. Дара етістік дегеніміз не ?
5. Күрделі етістік дегеніміз не?
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
Болымды және болымсыз етістік
Етістік мағынасына қарай болымды және болымсыз болып бөлінеді. Істің болғанын, болып жатқанын, не болатынын білдіретін етістіктің түрін болымды етістік дейміз. Мысалы: Мен сабақ оқыдым. Мен сабақ оқып отырмын. Мен сабақ оқымақпын.
Істің болмағанын я болмайтынын білдіретін етістіктің түрін болымсыз етістік дейміз. Етістіктің болымсыз түрі болымды етістікке жұрнақ жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мұны жазған адамның өзін білме, сөзін біл дегендегі білме болымсыз етістігі-ме жұрнағы арқылы біл деген болымды етістіктен жасалған. Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарай кісіні ал дегенде алма болымсыз етістігі оның ал деген болымды түрінен ма жұрнағы арқылы жасалып тұр.
Болымсыз етістік — қимыл, іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдеретін етістік. Қимыл, іс-әрекеттің яғни етістік білдіретін мағынаның жүзеге аспауы, болмауы арнайы грамматикалық амал-тәсілдер арқылы беріледі. Ол етістіктің негізгі, туынды, күрделі түбірлеріне, етіс, күшейтпелі етістік тұлғаларына -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе қосымшасы қосылу арқылы жасалады да, тек етістіктің болымсыз түрін жасап қоймайды, болымдық мәнге қарама-қайшы болуы, оппозициялық сипаты және соған сәйкес грамматикалық жүйелі тұлғасы болу арқылы етістіктің болымсыздық категориясын жасайды. Болымсыздық категориясының бірден-бір тұлғалық көрсеткіші -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе болымсыздық тұлғасы. Атап айтқанда, есімшенің -ған, -ген, -қан, -кен тұлғасы етістікке жоқ модаль сөзі, есімшенің, -ған, -ген, -қан, -кен, -атын, -тін,- йтын,-йтін, -ар, -ер, -р, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек тұлғалы негізгі етістіктерге емес көмекші етістігі (құрамы: е көмекші етістікке -ме болымсыз етістік тұлғасы мен -с болымсыз есімшенің қосымшалары қосылған) тіркесіп жасалады. Болымсыз етістік етістіктің лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Себебі, біріншіден, бұл категорияның қосымшасы етістік түбірге жалғанғанда, түбір семантикасына аздап болса да әсер етіп, өзгеріс еңгізеді, яғни түбір беретін мағынаның болмайтынын білдіреді, екіншіден, етіс категориясы сияқты түбірдің грамматикалық сипатын сақтап қалады:
1.Бұйрық райдың 2-жақ жекеше анайы тұлғасымен сәйкес келіп, тікелей жіктелмейді;
2.Сол күйінде қолданылмайды, етістіктің таза грамматикалық категорияларын жасауға негіз болады: рай, шақ, есімше, көсемше және тұйық етістік тұлғалары тек болымсыз етістік тұлғасының үстіне ғана жалғана алады, көрісінше болмайды.
Болымсыз қосымшалары (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) етістік түбірлері және етістік түбірлерінің грамматика сипаты тән (тікелей жіктелмейтін, бұйрық райдың 2-жақ жекеше, анайы түрімен сәйкес келетін) етіс, күшейтпелі етістік сияқты тұлғалары мен рай, шақ, жақ тәрізді етістіктің таза грамматика категорияларының шекарасын көрсетіп тұратын белгі ретінде жұмсалады (Ы.Маманов). Күрделі етістікте болымсыз форма бірде негізгі етістікке жалғанса, бірде көмекші етістікке жалғанады: айт-па-й жүр, сөй-ле-ме-й қалды, бер-ме-п еді және айтып жүр-ме, сөйлеп қой-ма, беріп жібер-ме т. б. Әрине, бұлар қимыл, іс-әрекеттің болымсыздық мәнін білдірумен бірге негізгі немесе көмекші етістікке жалғануда белгілі стильдік мән білдіреді, егер болымсыздық форма екі етістікке де әрі негізгі, әрі көмекші етістікке бірдей жалғанса, онда ол болымды мәнді білдіреді де әдеттегі болымдыдан өзгеше ерекше стильдік бояуы болады: айтпа-й қой-ма-ды, жаз-ба-й отыр-ма-ды, сұра-ма-й кет-пе-ді т.б.
Лексика – грамматикалық мағынасына қарай талдау
Берілген сөз: Барма
1.Бұл сөз екі құрамнан тұрады: бар-ма
2.Тұлғасына қарай:туынды
3.Құрылысына қарай: дара
4.Мағынасына қарай: болымсыз етістік
ІV. Оқулықпен жұмыс. 228-жаттығу орындалады.
Болымды етістіктен болымды етістік жасаңдар және жасалу жолдарына назар аударыңдар.
Үлгі: асық-асықпа
Асық, жүгір, шула, айқайла, тарық, кешік, бөгел, сүрін, күл, жағалас, теп, ти, ұмыт, жоғалт.
VІ. «Кім жылдам?» Венн диаграммасы, топтастыру статегиясы бойынша 2 оқушыға тапсырма беремін. Кім бірінші болса, сол оқушы жеңімпаз атанады.

VІІ.Сәйкестендіру тесті
Сабаққа бұзба
Суға жүгірме
Үлкеннің сөзін түкірме Құс ұясын бөлме
Үйді айналып кешікпе

VІІІ. Үлестірмелі парақшамен жұмыс.
І парақша
Адам баласы табиғатты ... .
Біз бұлақтың көзін ...
Су мол болса, астық та ...
Табиғаты сақталған халықтар ұзақ өмір ... .
Экологиясы төмен аймақтарымыз көбейіп ... .
Керекті сөздер: сүреді, барады, қорғауы тиіс, аштық, мол болады
ІІ парақша
Берілген зат есімдерден етістік құрастырып, жасалу жолын анықта.
Жұрнақтар: Мысалдар:
-ла, - ле ой, сөй
-да, - де тұз, гүл
- та, -те бас, іс
ІХ. Бауыржан Момышұлының нақыл сөздеріндегіетістіктерді лексика – грамматикалық мағынасына қарай талдау
Жасық жан ержүрек бола алмайды. – бола алмайды-
1.Күрделі сөз бес құрамнан тұрады: бо-ла ал-май-ды
2.Тұлғасына қарай: туынды
3.Құрылысына қарай: күрделі
4.Мағынасына қарай: болымсыз етістік
Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,
Бойға қуат бітіреді.
Шын дос сыртыңнан мақтайды.
Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Елін сүйген жауынгер ер болады.
«Жақсы солдат - командирге ұстаз, ал, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа да ұстаз бола алмайды»,
І қатар. Мәтіннен дара және күрделі етістікті бөліп жаз.
Дара етістік Күрделі етістік
Сүйсіндіреді
Бола алмайды
ІІ қатар. Мәтіннен негізгі және туынды етістікті топтап жаз.
Негізгі етістік Туынды етістік
Жаз, сақта
Жазған, сақталған

Х.Үйге тапсырма.
1.М.Өтемісұлының «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін жаттап,етістіктерді теріп жаз, талда. 2.Болымды, болымсыз етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.
ХІ.Бағалау.

Дайындаған: Бөкенбаева Ханзия Әметқызы
Бейнеу ауданы
Сыңғырлау мектебі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.