.
.
«Дарабоз» көшбасшы сайысы «Дарабоз» көшбасшы сайысы
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3789 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты: оқушылардың өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту; сайыс арқылы оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу; мақал-мәтелдерді меңгерген жүйріктерді анықтау.
Сайыстың шарттары: сайыс бес кезеңнен тұрады.
«Ойлы болсаң, озып көр», «Сөздің көркі-мақал», «Көрермендер көрімдігі», «Ойлан, тап», Анаграмма
Жанры: көшбасшы сайысы
Көрнекілігі: Слайд, кітап көрмесі
Жүргізуші:
Сайыстың барысы:
І кезең: «Ойлы болсаң, озып көр». 2 топқа 4 сұрақтан ұяшықтарда 8 сұрақ жасырылған. Әр ұяшықта белгіленген ұпай саны жазылған.
ІІ кезең :«Сөздің көркі-мақал». Берілген сөздерден мақал-мәтел құрау.
ІІІ кезең: «Көрермендер көрімдігі». Әр топ, қарсылас топтың жанкүйер көрермендеріне 2 жұмбақтан жасырады.
ІҮ кезең: «Ойлан, тап». Экранда берілген 4 ұяшыққа сайыскерлер өздері ұпай тігіп ашады.
Ү кезең: Анаграмма. Адасқан әріптерді орнына қойып, сөз табу.
Сайысты қорытындылау: Жеңімпазды анықтау, марапаттау.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар, сайыскерлер! Қазақ тілінің жанашыры, қазақ тілі мен әдебиетінен өтілген материалдарды терең меңгерген, тілге жүйрік оқушыларды таңдау мақсатында 8 «А», «Б» сыныптарының арасында өткелі отырған «Дарабоз» атты көшбасшы сайсымызға қош келдіңіздер!
8 «А», «Б» сыныптарынан құралған топты ортаға шақырамыз.
Шын жүйрік шабысымен танылады,
Нақты білім, терең ой осындайда сыналады.
Баға берер әділқаза ортамызда,
Сіздерге құрметпенен қол соғылады-деп әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1. Оқу ісінің меңгерушісі Садақбаева Р
2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әділханова Р
3. Биология пәні мұғалімі Нұрбекова С
Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,
Шарттарын сайыскерлер біле ме екен?-деп, сайыс кезеңдерімен таныстыру.
Ікезең «Ойлы болсаң, озып көр»,
ІІкезең «Сөздің көркі-мақал»,
ІІІ кезең «Көрермендер көрімдігі»,
ІҮ кезең «Ойлан, тап»,
Ү кезең Анаграмма
Сайысымызда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сұрақтар, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, бейне сұрақтар, адасқан әріптерден құралған тапсырмалар жасырылған.
Экранда берілген тапсырмаларға қай топ бірінші жауап берсе, сол топқа ұпай қосылып отырады.
Әділқазылар алқасы, жауабына қарай бағалап отырыңыздар.
Ікезең «Ойлы болсаң, озып көр»
4 ұяшықтан бөлініп, 8 тапсырма жасырылған
1. Жетек сұрақ және анықтауыш сұрақ қандай жағдайда қойылады?
Жауабы: Жетек сұрақ -негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақ. (кеше кімдер өлең айтты? –қыздар.Ұлдар ше?)
2. Махамбеттің «Тарланым» өлеңі кімге арналған?
Жауабы: Исатайға
3.Лепті сөйлем деген не?
Жауабы: Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлем.
4.Өз заманында «Хас Хажып» атағын алған ақын кім?
Жауабы: Баласағұн
5. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не?
Жауабы: сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздерү
6. Шығармада кейіпкерлердің өзара кезектесе сөлесуі не деп аталады?
Жауабы: Диолог
7. Баяндауыш дегеніміз не?
Жауабы: сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.
8.Мыңмен жалғыз алысқан қай ақын?
Жауабы: Абай
ІІкезең «Сөздің көркі-мақал»
Кестедегі сөздерден мақал-мәтел құрастыру.
1. (Талаптыға нұр жауар.)
Оқыған
Талапты Жауар
Білімді
Саналы
2.(Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.)
Құс
Балапан Іледі
Торғай
Үкі
3.(Біреу тойып секіреді, біреу тпңып секіреді.)
Біреу
Екеу Секіреді
Үшеу
Төртеу
4.(Айдағаның –бес ешкі, ысқырығың жер жарар.)
Лақ
Ешкі Ысқырық
Төл
Қой
5.(Әдепті бала-арлы бала, Әдепсіз бала-сорлы бала)
Мәдениет
Ізет Бала
Әдеп
Талғам
6.(Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.)
ІІІ кезең «Көрермендер көрімдігі»
Шарты: әр топ, қарсылас топтың жанкүйер көрермендеріне 2 жұмбақтан жасырады. Тапса, ұпайы қосылады. Таппса, қарсылас топқа ұпайы беріледі.
Әр жұмбақ 10 ұпайдан.
ІҮ кезең «Ойлан, тап»
Экранда берілген 4 ұяшықты сайскерлер ұпай санын өздері тіге отырып ашады. Дұрыс тапса, ұпайы қосылады. Таппаса, тіккен ұпайы алынып тасталады.
1ұяшық.(бейне сұрақ) мектеп кітапханашысы Жаңылай апай
Ә.Кекілбайұлының өмірінен мағлұмат айту.Қандай шығармаларын білесіңдер?
2ұяшық.
Көрке әдебиетте адамның сырт бітімін, кескінін, жүріс-тұрысын суреттеуді не деп атайды?
Жауабы: портрет
3ұяшық. (бейне сұрақ)
«Еңсеп» Ә.Кекілбайдың қай шығармасындағы кейіпкер?
Жауабы: «Шыңырау» повесті
4ұяшық.
Қазақ тілінде неше жалғаудың түрі бар?
Жауабы. 4
Ү кезең (Анаграмма). Адасқан әріптерді орналастыру
Мірқоекпсақ кемпірқосақ
Киежкөк көкжиек
Бслогу глобус
Тысайкер айтыскер
Рысбақу бауырсақ
Межіңпаз жеңімпаз
Тебәеди әдебиет
Сайысты қорытындылау.
Жеңімпаздарды марапаттау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.