.
.
Сабақ жоспары Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 233 | Просмотров: 2462 | Размер: 42.5 Kb | Автор: Тәрбие(интерактивті тақтада, экологияландырылған)
Сынып: 6в
Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Көктемгі жұмыс. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.
Мақсаты: а) Етістік шақтары туралы білімді дамыту, лексикалық тақырыппен байланыста сөйлеу, жазу тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
ә) Қоршаған ортаны қорғау, оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау, экологиялық мәдениет қалыптастыру;
б)Жұппен, жекелей жұмыс үстінде танымдық, білімдідлік қабілеттерін байқау, ойлау, ой қорытындысын жасау мүкіндіктерін дамыту.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта ,«Етістік шақтары» кестесі, «Етістік» ағашы суреті, «Көктемгі жұмыс» суреті, талдау слайды (110-бет, 4-жаттығу), «Көктемде» сөзжұмбағы, жаңылтпаш слайды,шығу парағы, деңгейлік тапсырмалар слайды.
Әдіс-тәсілдері: кестемен, сөзжұмбақпен , «ағашпен» жұмыс, жұппен, жекелей жұмыс, шығу парағын толтыру, интерактивті тақтада жаттығу жұмысын орындау.
Технология: модульдік оқыту, СТО
Сабақ түрі: модульдің сөйлесім бөлімі
Сабақ барысы: 1) ұйымдастыру
2) сабақ мақсатын айту, барысы
а) үй тапсырмасын сұрау
108- бет, 3-тапсырма
Рет-ретімен 7 оқушы 7 сөйлемді оқып шығып,берілген өткен шақтағы етістіктерді нақ осы шаққа алмастырып, оның жасалу жолдарын түсіндіреді де, мұндағы дыбыстық өзгеріске ұшыраған сөз және ол құбылыстың ерекшелігін түсіндіреді, аударады.
Үлгі кітапта берілген.
Қайталау сұрақтары: - Азат, сен білесің бе, етістік дегеніміз не?
- Оның сұрақтары қандай?
- Етістіктің шағы туралы не білеміз?
- Іс-әрекет қазір болып жатыр.Бұл қай шақ?
- Іс-әрекет енді болады. Қай шақ?
- Іс-әрекет болып өтті. Қай шақ
- Ришад, жедел өткен шақ қалай жасалады?
- Элина,нақ осы шақ ше?
- Ауыспалы келер шақтың ерекшелігі неде?
Өзара сұрақ-жауап және мұғалімнің сұрағы арқылы жалпы грамматикалық тақырыпты қайталап (кесте бойынша шолу-қайталау), сұрап, сын-ескертпе жасай отырып, бағалаймыз.
ә) жаңа сабақ
1. «Көктемде» сөзжұмбағымен жұмыс.Әр жұпқа бір үлгіден таратылып беріледі де, бірлесе орындап болған соң, бірінші болып бітірген жұп жауабы арқылы талдап, тексереміз.
2. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс(слайд)
3-деңгей
1. 2 сурет бойынша әр түрлі сөз тіркестерін құрап, онда етістік сөздерді пайдаланыңыздар.
2. Әр суретке 2 сұрақтан түзіңіздер.
2-деңгей
1. Өткен шақтағы етістіктерді пайдалана отырып, суреттерге сөйлем құраңыздар.
2. Оларды келер және осы шаққа алмастырсақ қалай болады? Түсіндіріңіз.
1-деңгей
Екі суретті бір-бірімен сабақтастыра көркем шығарма жазыңыздар.Іс-әрекет қай шақта баяндалғанын түсіндіріңіз.
Деңгейлік тапсырмалармен танысып болған соң, оқушылар таңдап алғандарын орындайды.
Орындап болған соң, 3 деңгей бойынша 1 оқушыдан тыңдап, соның негізінде қателерін түзетіп, қалған жұмыстарды сабақ соңында жинап алып,тексеруге аламыз.
3. Ойды жинақтау сұрақтары
Мұғалім: - Сонда біз байқағанымыздай, суретте балалар шұңқыр қазып, ағаш отырғызып жатыр. Оның бізге қажеті не?
Ағаш отырғызбай-ақ қойсақ болмай ма?
Оны еккеннен не пайда?
Оқушылар жауаптары тыңдалады.
Мұғалім: - Осыған орай қандай мақал- мәтел бар?
Жауап тыңдалады.
Бір тал кесең, он тал ек.
Мұғалім: - Мұны қалай түсінесіңдер?
4. Сергіту. Жаңылтпаш (слайд)
Бес түп алма
«Бестік» алғандікі.
Төрт түп алма
«Төрттік» алғандікі.
«Төрттік» алған,
Бес түп алма алмайды.
«Бестік» алған
Төрт түп алма алмайды.
5. Жаттығу жұмысы. 110-бет, 4-тапсырма (слайд)
Шарты: берілген тұйық етістіктерді шақ түрлеріне қарай өзгертіңдер
Тұйық етістік Нақ осы шақ Жедел өткен шақ Ауыспалы келер шақ
бастау
жібу
жылыну
істеу
егу
6. Бекіту. «Етістік» ағашымен жұмыс.
Ағаштан алманы үзіп алып, жауап береді де, өз кәрзеңкесіне салады.
7. Қорытынды.
- Еңбек және жұмыс / Еңбек ет , жұмыс істе/ мағыналарында нендей айырмашылық бар?
Сұрақ-жауап.
-Демек, ағаш егу- еңбек ету,
ағаш егу- ауаны тазарту,
ауаны тазарту- мықты денсаулық,
мықты денсаулық- дұрыс, саналы әрекет. (слайд)
Бағалау. Сын-ескертпе.
8. Шығу парағын толтыру.
б) үйге тапсырма «слайд»
110-бет, 3-тапсырма
Қосымша: «Көктемгі жұмыс» сөзжұмбағын құрастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.