.
.
7-cынып. Денсаулыққа пайдалы тағамдар
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 321 | Просмотров: 3818 | Размер: 14.9 Kb | Автор: ТәрбиеТақырыбы.
Денсаулыққа пайдалы тағамдар
Мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажетті бағалы байлық екендігін түсіндіру. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
Денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, мақал - мәтелдер, слайдтар, постер.
Әдістер: жоба қорғау, «Күнделік», «Кубизм», жуан сұрақтар, оқу , аудару.
Сабақ барысы.
1. Қызығушылықты ояту.
А) Сәлемдесу, жеміс-жидектердің суреттері арқылы топқа бөліну
Ә) «Сағат» тренингі
Б)«Ас-адамның арқауы» мақалы арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын , мақсатын айқындайды.
2. Мағынаны ажырату
А) сөздік.: жыл сайын, кешкі астан соң, салауатты өмір салты, серуендеу, жат әдеттер, таза ауа.
Б) Мәтінмен жұмыс. «Күнделік» стратегиясын пайдаланып, мәтінге пікір жазу.
Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, табиғатта серуен, таза ауада жүгіру жатады. Кешкі тамақтан соң таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болған жөн.
В)сөйлемдерді толықтыр:
Салауатты өмір салтына ........
Кешкі астан соң........
Ұйқының пайдасы......
Әр адам жыл сайын.......
Г) Бейнебаян «Денсаулығыңды сақта»
Д) Топтық жұмыс. Жобаларын (постер) қорғау.
Не пайдалы? Не зиянды?
Е) Кесте бойынша «Дәрумендер-денсаулығымыздың дәнекері» деген атқырыпқа әңгіме
Дәрумен аты Кездесетін жері
А Бауырда, сүтте, балықтың уылдырығында, жұмыртқада, қызыл,сары жемістерде
В Күріште, ашытқыда, бидай, картоп, бауырда, сүтте, етте, жұмыртқада, салаттарда
С Көкөністер, жемістер, сүтте, бүйректе кездеседі.
D Балық майы, бауыр, бүйрек, жұмыртқа сарысы, сүт, сары майда.
E Көкөніс, астық дәндері, сүтте, өсімдік майы, жұмыртқада.
Ж) Жуан сұрақтар
3. Ой-тоғаныс.
А) Бекіту: кестені толтыру
Денсаулыққа пайдалы: Денсаулыққа зиянды:
Б) Үйге тапсырма: «Инсерт» сызбасы арқылы мәтінді оқу.192-бет
В) Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек.
Г) Қорыту. Кубизм.
1.Не пайдалы?
2. Не зиянды?
3. Сұрақ
4. Мақал
5. Кеңес бер.
6.Қарсы шық
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.