.
.
Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтылып, оқушыларға жаздыру керек. Бұл түсіндірме бойынша диктантты есту арқылы және көру арқылы жазатын, теріп жазатын, шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын т.б. түрлері бар. ДИКТАНТ
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 712 | Просмотров: 17511 | Размер: 288.0 Kb | Автор: ТәрбиеҚазақ тілі пәнінен білім, білік, дағдыны үнемі есепке алып отыру- бастауыш мектептегі оқу процесінің ең қажетті бөлігі.
ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Осы жұмысты ала отырып, емлелік, пунктуациялық қателермен жұмыс жасап, оқушының білімін толықтырып отыру қажет.
3
Ұсынылып отырған жинақта диктанттың бірнеше түрлері беріліп отыр:
Терме диктанты - мәтін ішінен өтілген ережеге сай сөздер мен сөз тізбектерін немесе жеке сөйлемдерді теріп жазады. Терме диктант фонетика, грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Оқушының ақыл- ойын дамытуға көмектеседі.
Өзіндік диктант-бұрыннан белгілі бір мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысты жазу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.
4
Бақылау диктант– үлкен тақырыптарды өткен соң жазылады. Бұл диктант түрі оқу материалын қаншалықты игергендігін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін болғандықтан тоқсан аяғында алынады.
Бақылау диктантының сөз саны стандартқа сай мына кесте бойынша беріледі:
Жұмыс түрлері 1-сынып 2-сынып 3-сынып 4-сынып
Тоқсан I II III IV I II III IV I II III IV I II III IV
Бақылау диктант 1 1 1 1 1 1 2 1 1 1 2 1 1 1 2
5
Сыныптар I жарты жылдық II жарты жылдық
2-сынып 30-35 35-40
3-сынып 40-50 50-65
4-сынып 65-70 75-80
Бақылау диктанты әр сыныпта жылына 5 рет алынады. Тоқсан сайын 1 реттен және оқу жылының қорытындысы бойынша 1рет. Диктантқа арнайы дәптер арналады. Мұғалім бақылау диктантын оқығанда бір орында тұрып оқуы керек.
Көру диктанты- оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Диктант мәтіні алдын –ала тақтада жазылады. Оқушылар 2-3 мәрте оқып, естеріне сақтайды. Сосын мәтінді жауып, естеріне сақтап қалғандарын жазады. Жазып болған соң мәтін ашылып, тексеру жұмыс жүргізіледі. Қате кеткен сөздермен дыбыстық, буындық талдау жүргізіледі.
6
Суретті диктант- берілген суретке қарап атын жазу (заттың) немесе суретке байланысты сөйлем құрау.
Сөздік диктант- сабақтың кез келген кезеңіндежүргізіледі. Сөздік диктантына оқушыларға фонетикалық тұрғыда қиындық туғызып жүрген сөздер, не болмаса жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер, өтілген жаңа сөздер жазылады.
Графикалық диктант- мұнда сөйлемнің не сөздің сызбалары беріледі. Сол сызбаға сәйкес сөйлемдер құрастырылып жазылады.
Шығармашылық диктант- басқа диктанттардан ерекшелігі – оқушыларды ойлауға ұмтылдырады. Бұл диктантты орындау барысында оқушылар шығармашылық еңбекке үйренеді. Мұнда оқушылар сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, тірек сөздер арқылы әңгіме құрау, сұраққа жауап бере отырып сөйлем құрау сияқты жұмыстар жүргізеді.
Конкурстық диктант- бұл диктант түрін тоқсан
7
сайын бір рет өткізуге болады. Оған әр тоқсанда
үйретілген жазылуы қиын сөздер алынады. Конкурстық диктант жарыс түрінде өткізіледі. Жарысқа түсу үшін сынып екі топқа немесе үш топқа бөлінеді.Қай топ диктантты сауатты әрі көркем жазса, сол топ жеңіске жетеді. Бұл диктант түрін алу барысында оқушылардың шапшаңдықтары артып, қызығушылықтары арта түседі.
3 –сыныпта өткенді қайталау.
Сөйлем, дыбыс және әріп.
Сөздік диктант
Қасық, ашудас, қараңғы, құлып, сыйлық, үңгір, қапсырма, бурыл, аспан, шеңбер, әңгелек, дөңгелек.
Тапсырма: Өзің қалаған бес сөзге сөйлем құра, ң әрпінің астын сыз.
8
Терме диктант
Ұшатын жыландар
Құстың ұшатынын бәрі біледі. Ал жыланның ұшатынын кім біледі?
Оңтүстік Азияның тропикалық ормандарында кездеседі. Олар ағаштың басында тіршілік етеді. Ұшу алдында олар бүйір терілерін қампитып, қамданып алады. Содан кейін денесімен тіреп қатты секіріп қалады да, қалықтап барып екінші бұтаққа қонады.
Тапсырма: Етістіктерді теріп жаз.
Шығармашылық диктант
(Қай) жерге су диірмені салынған. (Кім?) қасиетті даланың жұпар иісін мейірлене жұтты. Мұрат қарындаштарын (қайда ?) салды. (Кіммен?) бірге ауылға кетті.
9
Тапсырма: Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі сұраққа жауап беріп, сөйлемді көшіріп жаз.
Бақылау диктант
Қайырымдылық
Жұмыс іздеген екеу келе жатып, елу- алпыс вагон тізбегін көрді. Темір жиекті тақтайды вагонның жиек теміріне іле алмай бір топ адам әбігерленіп жатыр.
-Әй, жұмысшылар, ана тақтайды көтерісіп жіберіңдер!
-Не деп жатырсың, қожайын? Біз саған әзірге жалданғанымыз жоқ.
Бір жағы шала ілініп тұрған ауыр тақтай екінші жағын қозғай бергенде жерге гүрс ете қалды. Қимылы ұшқалақтау біреу: «Ойбай, өлдім!»-деп безек қақты. Жас жұмысшы бір қолымен тақтайды көтеріп, бір қолымен безілдеп жатқанды суырып алды да:
10
-Әттеген-ай... оннан артық адам тақтайдың бір жағын көтере алмайды,ә? Аға, ар жағын сүйеп жіберіңізші, осынысын қойып берейін.
-Таста әрі! Ақша бермесе, қолыңды әуре қып керегі қанша? Тастай алмай жүрген жаның бар ма!
Жолдасының қатыгездігін ұнатпаған бала жігіт тіл қатпастан тақтайдың вагон жақ шетін көтеріп, жарты кездей тақтайды вагонның ішіне кіргізіп жіберді.
Тапсырма: Мәтіндегі қаратпа сөзі бар сөйлемдердің астын сыз. Қожалық сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Сөз және оның құрамы
Сөздік диктант
Өлкеге, атауыздың, айдынға, бастықтың, еңбекқор, ауызбіршілік, қасапшыда, ертеңгілік, бауырыма, топырақта, құлыншақты, әлемдегі, дәріхана, еденде.
11
Тапсырма: Жуан қосымшалы сөздердің астын бір сызықпен, жіңішке қосымшалы сөздердің астын екі сызықпен сыз
Терме диктант
Татулық
Біз ең тату сыныппыз. Біз барлық кезде біргеміз, доспыз. Біздің сыныпта білімді де, биші де, әнші де бар. Қандай да бір іс шара ұйымдастырылса, біздер белсенділік танытамыз. Татулықты ту қылып, бірлікті ұранға айналдырған біздің сынып осындай.
Тапсырма: Туынды сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау.
Шығармашылық диктант
Өнер, қалам, оқу, сыз, сый, би, жап, бас, қой, орын, дәм, қыс.
12
Тапсырма: Берілген түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды сөз жасау және сөйлем құрау
Бақылау диктант
Көкпар
Біздің ауылдың жайлауы таудың үстінде. Тау жоталары шұбатылып кетіп бара жатқан түйе көшіне ұқсайды. Мұнда биік шатқалдар мен жартастар көп. Малшылар бір–біріне таяу орналасады. Ауылда той да болып тұрады. Сондай тойлардың бірінде көкпар тартылды.
Атқа мінген жігіттер лезде дайын болды. Көкпар қызығын көру үшін ел түгел жиналды.
Жайлау жазық емес, сондықтан аттап басқан сайын өрге шығу керек.Көкпаршылар ат үстінде күш сынасып, көкпарға берілген серкені тартысып жүр. Серкені біреу жұлып алып, өңгере қашты. Басқалар оны қуып, қайтадан тартыс басталды.
13
Тапсырма: Малшылар, көкпаршылар сөздерінің тасымалдану жолын көрсету. Сөз құрамына талда
Сөз таптары
Шығармашылық диктант
Аспан, биік, ақын, қашады, Арман, ащы, оныншы, жүгір, алматы, таяз, қасқыр, тон, жабысқақ, асады, қос, аппақ, бұйра, елудей, Нұрзат, секір.
Тапсырма: Сөздерге сұрақ қойып, сөз таптарына топтап жаз.
Көру диктанты
Төбет
Сақ төбетім Жолдыаяқ,
Саңқылдайды қоймай-ақ.
Бөріге қой бермейді,
Ұрыға бой бермейді.
14
Тапсырма: Негізгі зат есім мен тәуелдеулі зат есімнің астын сыз.
Шығармашылық диктант
Аш, сөйлеме, баспа, керме, ора, кездес, ұшпа, орында, көмектес, төкпе, ойлан, айналма, жүгірме, итерме, биле.
Тапсырма: Болымды етістікті бірінші бағанға, болымсыз етістікті екінші бағанға көшіріп жазып, болымсыз етістік жасап тұрған жұрнақтарды бұрышпен белгіле.
Графикалық диктант
Тапсырма: Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыр.
15
Бақылау диктант
Панасыздар
Табан мен нәлім балықтарының шабақтарын өсіріп, жеткізу жайында басы да ауырмайды. Уылдырық шашты да жөніне кетті. Ал олардан шығатын шабақтар қалай жетіліп өссе де мейлі. Бір жағынан оларды кіналауға да болмайды. Мыңдаған шабаққа бір аналық қайдан қарап үлгірсін. Бақа да сол сияқты. Бір шашқанда мыңнан артық уылдырық шашады. Әрине, мұндай панасыздардың бәрінің бірдей шығынсыз өсіп жетілуі өте қиын. Су ішінде олардың қаншама жауы бар. Көбісін уылдырық кезінде жұтса, енді біразын кішкене шабақ, итбалық қалпында жейді. Сөйтіп азғана бөлігі есейіп жетіледі.
В. Бианки
Тапсырма: Дыбыстық талдау жасау.
16
Сөз тіркесі
Сөздік диктант
Бүкіл сынып, ағаш қасық, әсем ән, үлкен үй, ақылды күшік, қалың киім, кешкі ұйқы, жаңбырлы күн, ғажайып түс, биік тау, әдемі гүл, жақсы адам.
Тапсырма: Сөз тіркесін сұрақ қою арқылы анықтап, байланысын сызбамен көрсет
Терме диктант
Бұл қай кезде болады?
Өрік, алма,
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Астық пісіп,
Орақ түсіп,
17
Қырман дәнге толады.
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Тапсырма: Бастауышты тауып, қайсөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
Шығармашылық диктант
Құстар тойында
Той басталды жаз келіп,
Қазан асты қаз келіп.
Ұзақ отты маздатты,
Тарғақ күріш тазартты.
Тапсырма: Сөз тіркесін сызбамен көрсет.
18
Бақылау диктант
Кірпі
Әлден уақытта жел соға бастады. Ағаштардың ұшар
бастары теңселіп, орман іші шуылдай жөнелді. Осы кезде бір ғажапты байқап қалдық. Тиіндер секіріп жүрген қарағайлардың түбінен бір неше кірпі жорғалап шыға келді. Олар бастарын жоғары көтеріп қатты да қалды. Аспаннан әлдебір нәрсе күткендей телміріп отыр.
Біз кірпілерге қарап тұрмыз. Ағаштың бастарынан кепкен саңырау құлақтар түсе бастады. Кірпілер дайын асты арқасындағы инедей тікендеріне шаншып алады. Осылайша іннің ішіне тасып жүр.
Тапсырма: Екінші азат жолдағы екінші сөйлемдегі сөз тіркестерін сызбамен көрсет.
19
Бақылау диктант
Аққу
Аққу-аса көркем құс. Оның салмағы жетіден он килограмға дейін жетеді. Мойны ұзын келеді. Түсі шымқай, ақ болады. Қара түстілері де кездеседі. Олар су өсімдіктерінің тамырларын және ұсақ жәндіктерді жейді. Аққулардың ең көріктісі және қолға ұстауға көнімдісі- сыбырлауық. Сыбырлауық Қазақстан жерін мекендейді. Бұларды парктер мен жеке су қоймаларында әсемдік үшін өсіреді. Аққу- сирек кездесетін құс. Сондықтан оны аулауға тыйым салынған.
Тапсырма: Бесінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
Сөйлем
Шығармашылық диктант
Байлық байлық емес,
Бірлік - байлық.
20
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Ықылас пен ынтымақ,
Бітер іске болсын тап.
Аттың жүйрігі азаптан құтқарады.
Тапсырма: Берілген мақал мәтелдердің негізгі мағыналарын сақтай отырып, оларды сұраулы сөйлемдерге айналдыру.
Графикалық диктант
21
Тапсырма: Сызбаға сәйкес сөйлем құрап жазу.
Бақылау диктант
Сары уыз
Уыз деген не, білесің бе? Ол –жаңа туған малдың: сиыр, қой, ешкі, түйенің алғашқы сүті. Ол өте қою, тәтті болады.Кейде уыз көженің дәмін келтіру үшін тары мен шекер де араластырады. Сиырдың уызынан уыз көже жасап, бүкіл көрші-қолаңды шақырады. Уыз көже ішкен жұрт «ақ көбейсін» деп бата береді. Малдың төлдері уызға әбден тоюы керек. Уызына тоймаған төл жүдеу болып келеді. Сондықтан да үлкендер мал төлін әбден емізіп, уызына тойдырады.
Тапсырма: Сұраулы, лепті сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге айналдырып жазу.
22
Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
Шығармашылық диктант
Бейбітшілік, Отан, достық
Тапсырма: Берілген сөздерді қатыстырып, құрмалас сөйлем құрап жаз.
Терме диктант
Оқпан
Қопалы өзен-көлдердің маңына бара қалсаң, «әуп-әуп» деген дауыс естисің. Бұл оқпанның үні. Оның «әуп-әуп» деген үніне орай «әупілдек» десе, кейде өкірген тәрізді үн шығаратын болғандықтан , халық оны «көлбұқа» деп те атайды.
Оқпан қамыстардың арасында тіршілік етеді, мойын қауырсындары қамысқа ұқсап қоңыр болып келеді де, қамыс арасында отырғанда оны көре қою өте қиын.
23
Күндіз көзге түспей, қалың қамыс ішінде отырады. Түнде балық, жылан, ұсақ құстар мен сүт қоректілерді аулауға шығады. Оқпан қорегін ұстарда қаққан сияқты қозғалмай судың таяздау жерінде тұрады да, судың беті қозғалса болды, орнынан атылып ұмтылады. Секіріп көтерілген бақаларды, жас балапандарды осылайша ұстайды.
Тапсырма: Құрмалас сөйлемдерді теріп жаз.
Бақылау диктант
Жолдасым көп болсын десең
Ешқашан жолдастарыңа дөрекілік көрсетпе. Жәбірлейтін сөзбен атама. Мазақтайтын ат қойма. Өзіңі қолайлы орынға отыру үшін, ойын кезінде не басқа уақытта итермелеп, ұрып-соқпа.
Жолдастарыңмен амандасуды ұмытпа. Тіпті кішкентайлармен де амандас.
24
Үлкенмен де, кішімен де, қызбен де, ұлмен де достасуға болады. Егер досыңа бір нәрсе үшін ренжіп қалсаң, тез ұмытуға тырыс. Өштеспе! Досың сенен кітап не ойыншық сұраса, бер, қолын қайырма. Өзің досыңнан кітап не ойыншық алсаң, сол заттарға ұқыптылықпен қара. Осы ережелерді үнемі орында.
Тапсырма: Екінші, үшінші сөйлемнен бір құрмалас сөйлемге айналдыр.
Сөйлем мүшелері
Көру диктант
Инелік
Инелік –ау, инелік,
Қаша берме именіп.
Түспей ақ қой торыма,
Қоншы келіп қолыма.
Анықтап бір қарайын,
25
Суретіңді салайын.
С. Жаманқараев
Тапсырма: Өлеңнен бастауыш пен баяндауышты тап.
Графикалық диктант
.
Тапсырма: Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыр.
26
Бақылау диктант
Көкшетау
Күн ыстық. Көкшетау маңы. Айнала төңірек, жер дүние, жан жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрған сияқты.
Қара жерге түгел жасыл жібек кілем төсегендей. Оның айнадай суында зеңгір аспанның суреті көрінеді.
Алдыңғы күні қалың нөсер жаңбыр құйып өткен еді. Жер беті қаптаған, құлпырған қалың жасыл шөп жаңа жасыл желекке оранған. Өсімдіктердің, бұталардың жасыл жапырақтары мен гүлдер кеше мен бүгін төтенше құлпырған. Айналаға қарап тұрғанда, жердің семіз қара топырағы жасыл ала шөптен көрінбейді. Қалың, бітік жасыл шөптерге араласа шыққан түрлі гүлдер жерге өрнек, түр береді.
Тапсырма: Екінші азат жолдағы бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда.
27
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Терме диктант
Құстар
Құстар бір орында отырмайды. Бұтақтан бұтаққа секіріп, бір ағаштан екінші ағашқа ұшып-қонумен болады. Тиын да осылай секіре алады, бірақ бірнеше мыңдаған шақырым қашықтыққа ұшып кетіп, қайтып келе алатын құс ғана.
Барқылдақ торғай, суықторғай, қарлығаш, шымышық, бозторғай, ләйлек сияқты құстар алысқа ұша алады. Сондықтан оларды жыл құстары деп атайды. Жазда олар біздің жерде тіршілік етіп, ұя салады, балапан шығарады. Суық түсісімен жылы жақтарға ұшып кетіп, қыс бойы тіршілігін сонда өткізеді де көктемде қайтып келеді.
Тапсырма: Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін теріп жаз.
28
Сөз және оның мағынасы
Сөздік диктант
Ата- ана, бурыл ат, өткір қайшы, қосаяқ, он бес, күреңот, бала- шаға, қолғабыс, қып-қызыл, Екібастұз, мая-мая, келім-кетім алабұға, тарс-тұрс, жедел жәрдем.
Тапсырма: Күрделі сөздерді жасалу жолына қарай әр бағанға бөліп жаз.
Біріккен сөздер
Сөздік диктант
Көлбақа, селеубояу, Біршоғыр, Нұрболат, көктерек, Теміртау, алабұға, Барсакелмес, қосаяқ, Ақтөбе, Екібастұз, Темірболат, Жезқазған.
Тапсырма: Біріккен сөздерді түбірмен белгіле.
29
Бақылау диктант
Майдан үшін
Майдан үшін, жеңіс үшін көмір қажет. Қару-жарақ жасайтын зауыттарды іске қосатын да, жауынгерлерге киім-кешегі үшін мата тоқитын фабрикалардың станоктарына қуат беретін де осы көмір.
Кенші бұрғысымен өндірілген әрбір түйір көмір – жауға қарсы атылған оқ.
Сәкен аға өз бригадасына осы жайды түсіндіріп, шахтадан қайтып келе жатты. Ымырт үйіріліп барады. Қардың түскеніне екі-үш күн өтпей жатып-ақ бетін көмір ұнтақтары жауып, қара қошқылдана бастапты. Кеншілер табанымен тапталған жалғыз аяқ соқпақ жол, Сәкен ағаны жатаққа қарай асықтыра түсті.
Тапсырма: Қос сөздердің астын сыз.
30
Терме диктант
Келер-келмесі белгісіз, отырар-отырмастан сөйлей жөнелді, келім-кетім адам көп, күте-күте жалығып кеттім, бетпе-бет кездесіп қалдық, қолма-қол берді, алды-артына қарамастан кете берді.
Тапсырма: Қос сөздерді теріп жаз.
Бақылау диктант
Тал тойы
Тал гүлдеді. Той басталды. Ағаштар, бұталар әлі сұп-сұр болып, жалаңаш тұр. Орлардың арасында тал бір шоқ гүл сияқты. Гүлдері сап-сары алтындай болып жарқырайды. Саусақпен түртіп қалсаң, саусағың сап-сары болады. Шертсең болды алтын түтін бұрқ етеді. Иіскесең бал иісі шығады. Жан жақтан «қонақтар» тойға асығуда түкті, аю сияқты қанаттары икемсіз ара ұшып
31
келді. Келе гүлге қонып, оның тозаңына былғанды. Жортып, тез қимылдап, құмырсқа да жетті. Гүлге қонып, қарындары қампиып, жарылып кеткелі тұр.Кішкене қанаттары зырылдап, аяқтары сидиып, масалар да ұшып келді. Неше түрлі қоңыздар, шыбындар құж-құж етеді.
Көбелектерде қанаттарын жайып жіберген. Есек ара да ашулы, аш. Ала қанаттары жолбарысқа ұқсайды.
Бәрі де гүлге асығуда. Талдың гүлі түскен соң той бітеді.
Н. Сладков
Тапсырма:Қос сөздердің астын сызып, қалай жасаланын анықта.
Қысқарған сөздер
АПИ, ҚР, ТМД, т, ц, АҚШ, см, ЖШС, ҚазМУ, дм, м.
Тапсырма: Берілген қысқарған сөздерді толық жаз.
32
Сөз таптары
Зат есім
Суретті диктант
Тапсырма: Суретке қарап сөйлем құрастыр. Зат есімнің астын бір түзу сызықпен сыз.
Терме диктант
Аспап, бала, киік, қалам, көксерке, оқушы, Арман, тон, жылқышы, доп, әке, жапырақ, торсық, нағашы.
33
Тапсырма: Кім? сұрағына жауап беретін сөзді бағанның оң жағына, не? сұрағына жауап беретін сөздерді бағанның сол жағына жаз.
Шығармашылық диктант
Мектепке ... қуанып келе жатыр. Олардың қолдарында құшақ құшақ ... бар. Оларды ... қарсы алды. Алғашқы ... соғылды. ... сынып бөлмесіне кірді.
Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.
Зат есімнің септелуі
Терме диктант
Жылқы
Қоғалы шөлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған,
Құраулап оны жылқышы,
Қыл арқанмен байлаған.
Ұ. Есдәулетов
34
Тапсырма: Септік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жаз. Оларды сөз құрамына талда.
Көру диктант
Жаңылтпаш
Көк тырна,
Көп тырна
Тыраулап тек
Көп тұрма.
Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты.
Бөлінсін десең, қалаш тең,
Таласпа, Жарас, Қамашпен.
Әсел әсем бе, Әсем әсем бе,
Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
35
Тапсырма: Түбір зат есімді теріп жаз, өзің қалаған екі түбір зат есімді септе.
Шығармашылық диктант
Күй атасы
Күй атасы Құрманғазы бала кезінен домбыраға әуес болды. Ол ұзақ күйшіден тәлім алған. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есейе келе Құрманғазыны атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеге отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерісіне арнайды.
Тапсырма: Атау септігіндегі зат есімдердің астын сыз, түбірмен белгіле.
36
Сөздік диктант
Қамшы, тұлпар, Ақтөс, мектеп, кесе, кептер, Асан, Жерұйық, жұлдыз, кереге, оқулық, темір, құмырсқалар, орындық, тошала.
Тапсырма: Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауын жалғап жаз.
Терме диктант
Жұмбақтар
Бір оған жасың да, кәрің де,
Ағытар сырының бәрін де.
Тыңдасаң, көп нәрсе ұғасың,
Әлемді айналып шығасың.
(радио)
Күні-түні көз ілмей,
Үйіңде тұрады.
37
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай.
(сағат)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Күн)
Шетінен белдің қарап тұр,
Бетінен көлдің қарап тұр.
(Ай)
Тапсырма: Септік жалғаулары жалғанған сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талда.
Көру диктант
Шопан
Төбені атша мініп ап,
Қамшысын жыланша иіп ап,
38
Оспанбай отыр ой бағып,
Күшігі жүр қой бағып.
Тапсырма: Табыс септігінде тұрған зат есімді, барыс септігіне айналдырып жаз.
Сөздік диктант
Еңбек, бақыт, ұлан, бас, сурет, табиғат, құм, балшық, кірпіш, сабақ, ата, тостаған, жапырақ, дәріхана, дәптер.
Тапсырма: Берілген сөздерге жатыс септінің жалғауларын жалғап жаз, сөз құрамына талда.
Бақылау диктант
Жыландар
Жазда саяхатқа шығып, жеміс жидек терген кезде жыландарды көріп қаласыңдар. Сол мезетте олар шағады деп қорқасыңдар. Жылан неге шағады? Жылан өздігінен шақпайды. Жаздың ыстық күндерінде жылан денесі
39
күнге қызып, сергек болады. Ал жауын шашынды, бұлтты күндері жуасып, жайбірақат жүреді. Жыландар нашар көреді. Сол себептен қимылды, дыбысты сезгенде жасырынып қалуға тырысады. Міне сол сәтте жыланды адам да, жануарлар да байқамай, оған жақындай береді. Сонда жылан өзіне қастық ойлап тұр деген оймен шағып алады. Бірақ жыландарды жаппай қыра бермей, жер бетінен құрып бар жатқан бағалы аңдарды сақтағандай қамқорлыққа алу керек.
Т. Дәуренбеков
Тапсырма: Зат есімнің септік жалғаулары жалғанған сөздерді сөз құрамына талда.
Терме диктант
Ашқарақтар
Шөже торғайлар ауладағы тақыр жерде тімтініп, табылған дәнді бір-бірлеп шоқып жеп жүрген. Үйінің
40
есігін қиғаштау ашып, торғайларға бір кісі бір түйір дәнді лақтырып жіберді. Нан шөпжеңдеп жүрген екі-үш торғайдың қасына топ ете түсті. Шошыған торғайлар бытырап ұша жөнелді. Қатер байқалмаған соң қайта оралып, әлгі нанға жақындады. Біреуі төне түсіп, бір шоқыды. Екіншісі бір шетіне жабыса кетті. Үшіншісі жетіп барғанда, талас басталды. Біріне–бірі ырық бермей шыр-пыр етеді. Сол аралықта балпанақтай қара торғай жерге қонды да, нанды көлденең тістеп алып, ұшып кетті.
Торғайлар байқамай қалды. Тынбастан шұрқырасып жүр. Әлден уақытта барып, нанның жоқ екенін сезді. Үндері өшіп, үрпиісіп қалды.
Қ. Толыбаев
Тапсырма: Мәтіннен етістіктерді теріп жаз.
Шығармашылық диктант
Аспанның төсі ...
Көзінен бұлттың жас ...
41
Найзағай от боп ...
Ат ойнақ етті аспанды.
Керекті сөздер: тамды, қақырап, шатынап.
Тапсырма: Етістік сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтап, астын тиісті сызықпен сыз.
Сөздік диктант
Айтып отыр, келген болатын, оқы, айтты, жүгіріп келе жатыр, қызығып тұр, келетін болды, ойнап болған, баратын шығармын.
Тапсырма: Етістікті шақтарына қарай топтап жаз.
Көру диктант
Ақ мамам
Ылғи мені жақтаған,
Бетімнен бір қақпаған.
42
Жақсы ісімді мақтаған.
Менсіз таңы атпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Тапсырма: Өлеңнен өткен шақты тауып, астын сыз сұрақ қой.
Көру диктанты
Өзім жайлы
Айбар деген баламын,
Жұмсауға мен жарадым.
Өзім биыл бестемін,
Саусағыммен санадым.
Күрескенді жығамын
Рас, бірде құладым.
Футбол десе шешініп,
Белсеніп мен шығамын.
43
Тапсырма: Өлең шумағындағы келер шақ етістіктерінің астын сыз, оларға сұрақ қой.
Шығармашылық диктант
Күту, отыру, жинау, тарату.
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
Көріп отырмын
Көрдім
Көремін
Тапсырма: Етістіктерді үлгі бойынша топтап жаз.
Бақылау диктант
Астық әні
Жер бетіне сары ала жапырақтарын төгіп, қоңыр күзде келіп жетті. Тамыздан кейін сыңғырлаған қоңырауын соғып, балаларды оқу-білімге шақырып қыркүйек есік қақты.
44
Қыркүйек - бұл молшылықтың айы, береке бастауы. Бұл айда жаз бойы тыныштық құшағында тербеліп жатқан дала гүрілдеген мотор даусынан оянып, еңбек әуеніне бөленеді. Қыркүйекте дала төсін ән тербейді. Ол - астық әні.
Сап-сары дәндер жиналып тізіле қапты. Бұл бункердің толғаны. Жақындау келіп тоқтаған машинаға жанаса беріп, тетікті ағытты Шүпілдеп тұрған дән саулай жөнелді. Сол толассыз саулаған дән ағынына қарап отырып, керемет бір күй кешесің.
Н. Рахмет
Тапсырма: Мәтіннен етістіктерді тауып, оларды шақтарына қарай ажырат, сөз құрамына талда.
Сын есім
Шығармашылық диктант
... ат - көлік,
Жаман ат –өлік.
45
Ауыр жолды нар жеңеді,
... істі бар жеңеді.
... елге - түйе қол.
... елге- түйе қол,
Жылқылы елге- бие қол.
... түйе бақырауық.
Астаудағы суды ... қой ішеді.
Тапсырма: Көп нүктенің орнына керекті сын есімді қойып көшіріп жаз.
Терме диктант
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
46
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
А. құнанбаев
Тапсырма: Өлең шумағынан сын есімді теріп жаз. Қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.
Тапсырма: Сын есімнің астын сыз, заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын ажырат.
Шығармашылық диктант
Менің досым
мінезі бойы шашы Келбеті
Сабырлы
Ұстамды
Байсалды
тентек Аласа
Ұзын
Орта бойлы
тапалдау Ұзын
Қысқа
Бұйра
тік Сұлу
Әдемі
Сүйкімді
сүйкімді
47
Тапсырма: Берілген кестені пайдалана отырып, досыңды сипаттап жаз.
Өзіндік диктант
Өрік, ешкі, жылқы, бөлме, үй, оқушы, бала, тоқаш, тон, қозы, кемпірқосақ.
Керекті сын есімдер: жүйрік, әдемі, жылы, озат, сүзеген, тәртіпті, кең, тәтті, зәулім, сары, бұйра.
Тапсырма: Берілген зат есімдерге сын есімдерді байланыстырып жаз.
Бақылау диктант
Тоқылдақ
Ұзын тұмсықты тоқылдақ – Қазақстанның тұрғылықты құсы. Тоқылдақтың түрлері көп. Түсі шұбар. Өте жылдам қимылдайтын, еңбекқор құс. Ағаштың етегінен бастап жабысқаннан бұраңдадай орала отырып, жоғары өрлейді. Кейде ғана жолында кездескен ойыстар мен жарықтарға
48
тоқтайды. Егер қоңыз кездессе, ол- үлкен табыс, ал құрт болса да тамақ. Ол тұмсығымен көбінесе қураған кәрі ағаштардың қабықтарын тоқылдатады. Осындай ағаштардан өзіне ұя жасайды. Шіріген ағашты бірнеше сағат бойы тоқылдатып тесу арқылы өзі тұратын үйін дайындайды, осы ұяға жұмыртқа салады.
А. Колантарев
Тапсырма: Сын есімдердің астын сызып, сұрақ қой.
Сан есім
Көру диктант
10-15, 2 , 43, 61, 25, 10032, 597, 100 15
Тапсырма: Сан есімді теріп жаз.
Шығармашылық диктант
100 15, 10-15, 2, 43, 61, 25, 10032, 597, 115.
49
Тапсырма: Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жаз.
Бақылау диктант
Адам денесінде қанша су бар?
Тамақ жемеген адам бір айға дейін шыдай алады. Ал сусыз үш күнге ғана шыдайды. Шөлге ең шыдамды жануар-«шөл кемесі» атанған түйе сусыз сегіз тәулікке ғана шыдайды. Машинаның жүруіне жанармай қандай қажет болса, адам денесіне де су сондай қажет. Неге? Ересек адам денесінің жартысынан көбі судан тұрады.70 килограмм ересек адамның бойында 50 килограмм су болады.Егер судың мөлшері кемісе адам өледі. Ал бала денесінде одан да көп. Қырық килограмдық дененің 34 килограмы су, тек 6 килограмы ғана басқа заттар.
Тапсырма: Сан есімнің астын сызып, соңғы сөйлемдегі есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыр.
50
Өзіндік диктант
1, 2 , 3 , 4, 5, 6, 7.
Тапсырма: Берілген есептік сан есімдерге –ау, -еу қосымшаларын жалғап жаз.
Есімдік
Шығармашылық диктант
Өздік есімдік Сұрау есімдігі Жіктеу есімдігі Тәуелдеу
есімдігі
Өзінікі Қайда? Мен Біздің
Тапсырма: Кестені толтыр.
51
Конкурстық диктант
Ешқашан, ешбір, ешкім, әрқайсысы, әрқилы, ешқайда, әркім, ештеңе, ешқандай, әркез, ешқайда, әрбір, әртүрлі.
Тапсырма: Берілген есімдіктерден 4 сөйлем құрап жаз.
Үстеу
Сөздік диктант
Қазір, ертең, тез, артқа, асықпай, дереу, сәскеде, бүгін, ілгері, алдында, секеңдеп, лезде, түстен кейін, ауызба-ауыз.
Тапсырма: Үстеулерді қатыстырып сөйлем құра.
Шығармашылық диктант
(Қайда? ) түлеп, (қайда?) өскен,
Тек (қайда?) күн кешкен.
(қыран)
52
(қайда?) шаншып құйрығын,
Келеді шауып жүйрігім.
(қарақұйрық)
Керекті сөздер: тауда, көкке, шыңда, аспанда.
Тапсырма: Үстеудің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.
Шылау
Көру диктант
Естідім-ау Жеңіс күнін,
Дүрілдейді көк пен жер.
Қуанышпен күлім қағып,
Ойнақтайды қуанған ел.
Тапсырма: Өлең шумағынан шылауды тауып, шеңбермен қорша.
Сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын анықта.
53
Терме диктант
Сапар шегіп тым алыс,
Түзге де ол барыпты.
Толқынынан күнбағыс,
Қалпақ киіп алыпты.
Т. Бердияров
Қылшылдаған қыс мынау
Әбігерге түстің–ау
Торғай, торғай тоңдың ба?
Тұра алмайсың орныңда?!
Е. Қалиев
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң- қыс келіп, әлек салды
Ұлпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
А. Құнанбаев
54
Жаман бала қырысып,
Өз-өзінен тырысып,
Түске дейін жатады,
Шешесімен ұрысып.
Р. Тышқанбаев
- Айт! –деп інім жалынды,
-Жел де ауа кәдімгі,
Айтқаныма нана ғой!
Жел дегенің тек бірақ
Ойға-қырға шапқылап,
Байғыз таппас ауа ғой.
М. Әлімбай
Тапсырма: Өлең шумағынан шылауларды теріп жаз.
Одағай
Шығармашылық диктант
..., мынаның ұстатпауын қарашы!
55
..., мен де бүгінгі саяхатқа сыныптастарыммен бірге шыққанымда.
Мына екеуі аузыма келіп түсер ме еді, ...!
..., бұлардың бәріне не болды?
Тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті одағайларды қойып, көшіріп жаз.
Бақылау диктант
Достықты қалай сынауға болады?
Түлкі, жабайы шошқа, құндыз үшеуі орман, тауды аралауға шықпақ болып келісті. Олар жолға шығып, өзенге де жетті. Өзенге көпір жасады. Олар көпірден үшеуі қатар өте алмайтын болғандықтан, бір-бірлеп өтпек болды.
-Сен бірінші өт,-деді жабайы шошқа құндызға.
-Сен үлкенсің, сені сыйлаймыз.
-Дұрыс! Құндыз бірінші өтуі керек, - деді түлкі.
Құндыз көпірмен өтіп барады. Бір кезде көпір түсіп
56
кетті де, құндыз суға кетті.
-Ойбай, өлетін болды, өлетін болды!- деп айқалады шошқа.
Құндыз жағаға шықты да, жөтеліп, сілкініп қалды.
-Ой, тамаша!
Шошқа мен түлкі қуанып кетті.
Тапсырма: Мәтіннен одағай сөздерді тауып, астын сыз.
Конкурстық диктант
Қап, әттеген-ай, бәрекелді, ойбай, мәссаған, пай-пай, түу, қойшы, шіркін, алақай.
Тапсырма: Одағай сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
57
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.