.
.
Сабақ жоспары Достарыммен асханада тамақ ішу.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 354 | Просмотров: 4648 | Размер: 267.0 Kb | Автор: ТәрбиеПәні: қазақ тілі
Сынып: 8.
Мерзімі:
Мұғалім: Масалимова Г.А.
Сабақтың тақырыбы: Достарыммен асханада тамақ ішу.
Сабақтың мақсаты: қазақша тілдік қатынасты еркін игерте отырып, ауызекі тілдесімде жүйелі сөйлеуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Берілген тақырып аясында сұхбаттасу;
Суреттер мен тапсырмалар арқылы қазақ тілінде еркін сөйлеу, қатесіз жазу қабілеттерінің жетілуіне, ой-өрісінің дамуына көмек көрсету;
Сұрақ-жауап, мәтін арқылы оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасын қамтамасыз ету;
Берілген тақырып аясында оқушылардың сөздік қорын байытып, тілдерін дамыту;
Дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту.
Сабақтың әдісі: сұхбаттасу, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Сабақта қолданылатын қосымша жадылар: интерактивті тақта, сурет, карточкалар, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
-Сыныпта кім кезекші?
-Сабақта кім жоқ?
-Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Үй тапсырмасын барлығымыз орындадық па? (ауызша берілген тапсырманы жалпылай сұрақтар арқылы тексеріп шығу; грамматикадан өткен тақырыптан тест тапсырмасын алу)
Тәуелдік жалғау.
Тест сұрақтары
1. Тәуелденіп тұрған сөздер қатарын тап.
А) құрбым
Б) құрбысыз
С) құрбылар
Д) құрбымен
2. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын қой. Менің дос... мұражайға кетті.
А) -ың
Б) -ым
С) -ымыз
Д) –тарыңыз
3. Тәуелдік жалғауының III жағын белгіле
А) –мын/мін, -бын/бін
Б) –ың/ің, -ыңыз/іңіз
С) –сы/сі, -ы/і
Д) –ым/ім, ымыз/іміз
4. Оңаша тәуелденіп тұрған сөзді тап
А) жолдастарыңыз
Б) жолдасты
С) жолдасым
Д) жолдастар
5. Тәуелдік жалғауы түсіп қалған тіркесті тап
А) бізде үй
Б) біз үйдеміз
С) біздің үй
Д) біздің үйлеріміз
III. Жаңа сабаққа даярлау:
-Сендер мектепте қайдан тамақтанасыңдар?
-Біздің асхана нешінші қабатта?
-Асханада кімдермен бірге тамақтанасыңдар?
IY. Жаңа тақырып:
1. Сөздікпен жұмыс:
а) берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру
ә) сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
б) осы сөздерді қатыстырып диалог құрастырту
даяшы – официант шырын – сок
қызмет етеді – обслуживает мінсіз - безупречно
таңертеңгі ас – завтрак түскі ас - обед
кешкі ас - ужин кезек - очередь
ботқа – каша
2. Мәтінмен жұмыс:
-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу
-мәтінді аударту
Біздің жұмысымыздың қасында екі қабатты үлкен асхана бар. Мұнда салқын тағамдар, ыстық тағамдар, сүт тағамдары, тәтті тағамдар және түрлі сусындар сатады.
Мен түсте асханадан тамақтанамын. Дастарқан мәзіріне қарап, біріншіге сорпа, кеспе немесе борщ, екіншіге картоп пен ет, палау немесе манты, үшіншіге компот, шырын немесе шай аламын. Салқын тағамдардан капуста немесе сәбіз салатын жеймін. Кешкі асымды кейде үйден, кейде асханадан ішемін. Екіншіге палау немесе картоп алуды ұнатамын. Үшіншіге шай, самса немесе бауырсақ аламын.
3. Мәтіннен кейінгі жұмыс:
-Мәтінге ат қойдырту
-Мәтіннен септеліп тұрған сөздерді таптыру
4. Жазба жұмысы:
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына септік жалғауларын қою.
Салқын тағамдар....капуста немесе сәбіз салатын жеймін. Ал түсте асхана.... тамақтанамын. Біз... асханамыз таза, жарық және кең. Мен таңертеңгі асымды үй.... ішемін.
Y. Сабақты бекіту:
-Бүгін сабақта не істедік?
-Қандай жаңа сөздер үйрендік?
-Қандай тақырып өттік?
5. Топпен жұмыс:
I топ. Берілген сурет бойынша сөз тіркестерін құрастыру
II топ. Берілген сурет бойынша диалог құрастыру.
III топ. Берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастыру
YI. Үйге тапсырма:
59-бет 4-тапсырма.
Берілген мақал-мәтелдерді жаттау.
Адамнан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.
Ас атасы - нан.
Ас - адамның арқауы.
YII. Бағалау:
Оқушыларды сабақта жасаған жұмыстарына орай бағалау.
YIII. Рефлексия:
Сабақ ұнады Сабақ жартылай ұнады Сабақ ұнамады
IX. Сабақ соңы.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.