.
.
Пәні: Қазақ тілі Достық
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 299 | Просмотров: 1975 | Размер: 30.5 Kb | Автор: ТәрбиеКүні:
Сыныбы: 2 «а»
Тақырыбы: Достық
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға достық туралы тапсырмалар орындата отырып жан- жақты мәлемет беру.
2. Дамыту: Жаңа сөздермен таныстырып, сөздік қорын, достық туралы мақал-мәтел айта отырып,жұмбақтар шештіру арқылы ой-өрісін дамытып, достық жайында дұрыс көз-қарас қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Достыққа адал бола білуге, мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір алмасу әдістерін қолдану.
Көрнекілік:Интерактивті тақта, электрондық оқулық, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Сабақтың барысы:
I.а) Ұйымдастыру: а) сәлемдесу, ә) түгелдеу, б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ә) Психологиялық дайындық: Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын!
Жеті күннің әр күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын!
II. а) Үй тапсырмасын сұрау. 6-тапсырмасы бойынша сұрау.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
б) Ой қозғау. Жұмбақты шешіңдер: Қиналғанда жаныңнан табылып,
Адалдықпен шын көңілден
Созады көмек қолын.
Айтыңдаршы недейді мұның атын ?! (Достық.)
III. Негізгі бөлім. (Танымдық кезең).
-Балалар, айтағойыңдаршы достық дегеніміз не өзі?!
-иә, достық дегеніміз бір-бірін сыйлау, қиналғанда жанынан табылып көмектесу, жанашырлық көрсетіп, қамқорлқ жасау екен. Бүгінгі өткелі отырған сабағымыздың тақырыбы «Достық»
-Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің ретін, тақырыпты жазыңыздар.
Оқулықпен жұмыс.
Сөздік
Достық - дружба
Қайда тұрады? – где живет?
Тапсырмалармен жұмыс.
1 – тапсырма. Өлеңді оқы.
Достық
Ортақ мекен – Жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Туыспыз біз бәріміз,
Біз Отанды сүйеміз.
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
1. Өлең нетуралы айылған?
2. Достық сөзін буынға бөлу
3. Дыбыс нешеге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыстарын ажырату.
2 - тапсырма.Жаңа достармен таныс.
Жанат
Кел, танысайық!
Думан
Данияр Айжан
Үлгі:Менің атым – Жанат.
3- тапсырма Сөйлеп үйрен.
Кім қайда тұрады?
Сұрақтарға жауап бергізу.
“Кім тапқыр?” ойынын ойнату.Әріптердің арасына жасырылған сөздерді тауып, буынға бөліп жазу,дауысты дыбыстардың астын бір сызық (-)дауыссыз дыбыстардың астын екі (=) сызықпен сызу.
Ә,о,у,ғ,т,достар,қ,г,ж,с,т,тату,ұ,ң,ө,п,сыйластық,а,б,в,д,адалдық,ы,қ,х,з,э,ф,й,ц
4- тапсырма. Үлгі бойынша айт. Суретпен жұмыс.
Үлгі: Марат Алматыда тұрады.
Оралда Қызылордада
Шымкентте Өскеменде
Сергіту сәті: Достық лебіздерін арнау.Оқушылар шеңбер құрып, бір-бірлеріне достық тілектерін айтады.
5- тапсырма.Сұраққа жауап жаз.
Кім нешінші пртада отыр?
Саят бірінші партада отыр.Болат үшінші партада отыр.Димаш екінші партада отыр.Қанат төртінші партада отыр.
“Адасқан сөздер” ойынын ойнату.
Адасқан сөздерді орнына қойып, мақалдың мәнісін ашу.
IV.Қортындылау. Топтастыру арқылы.
V.Үй тапсырмасы.6- тапсырма.
Күнделікті енді алайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Достық жайында алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық
VI.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.