Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Достық түбі  -  адалдық -

Достық түбі - адалдық

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 403 | Просмотров: 2288 | Размер: 60.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Достық түбі - адалдық
Сабақтың мақсаты: Адамның бойында болатын болашақ өміріне достық сезімнің құдіретін ұғындыру, бұл сезімнің қасиетті де қастерлі, жақсылықтар жиынтығы екеніне көз жеткізу. Достық туралы ой қозғай отырып, дос таңдау, дос бойындағы адалдық пен сенім жайлы сырласу.
Көрнекілігі: Достық туралы қанатты сөздер, шар, гүлдер:
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен (Әл-Фараби)
Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досың менен қасыңды (Мұса Жәлел)
Мұғалім сөзі: Анадан туған әр адамның жүрегінің түбінде достық дейтін ұлы сезім ұялап жатады. Достық- адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Әрине, достық- іншейін дос тапқысы, дос болңысы келгендіктің нәтижесі емес. Бір-біріне ықыласы түскен, жан-жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті үйлескен, мінездері сыйымды адамдар ғана дос бола алады. Сонымен, балалар, бүгінгі «Достық түбі- адалдық» атты сабағымыз өміріңе сән беретін, адам бойындағы ғажайып сезім- достық туралы. Өмірде көп көрген, достық мектебінде шыңдалған ақындардың жырларын оқып, ұлтымыздың қасиетті хадистерін жаттап, даналардың сөздерін санамызға тоқып, достық деген ұғымның адам бойындағы жақсы қасиеттердің жиынтығы екеніне көз жеткізіп, адал досты жалған достан айыра білуіміз керек.
1-ж: Не жетеді нағыз досқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады- сен қиналсаң болғаны,
Ұйықтамасаң- ұйықтамайды ол- дағы
2-ж: Қиындықты сенімен бір көрісіп,
Қажымайтын, таусылмайтын жігері
Дос дегенім жарты нанды бөлісіп
Адалдықтан жаралады жүрегі
1-ж: Достық-адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп тілектес мұраттас болуы
2-ж: Ата-бабаларымыздан келе жатқан қатаң қағида рухани өсиет –достыққа адалдық. Біздің улы эпостарымыз бен жырларымыздың достықты аспандата марапаттамағаны бар ма? Достыққа адалдық туралы жан тебірентерлік аңыздар, «Қайран, дос-ай»дегізіп, көкіректі қақ айыратын өлеңдер қаншама?
1-ж: «Не жетеді ғазиз досқа расында,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда»,-деп Шекспир айтқандай, достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушылардың ой толғамағаны кемде-кем шығар.
2-ж: Ендеше, достықтың мәні туралы жырлайық
(ақын-жазушылардың достық туралы өлең-жырларын оқу)
Ән: «Достарым»
1-ж: Достықтың маңызы байлықпен өлшенбейді, оның өзі - баға жетпес байлық.Ал оны жеке мүддең үшін пайдалану немесе о баста сол мақсатпен дос болу екіжүзділік, зымияндық болып табылады.
2-ж: Ондайлардың рухани танымын қазақтың ақ иық ақыны Сәкен Сейфуллин өзінің «Сыр сандық» өлеңінде дәл айтып кеткен. «Сыр сандық» өлеңін мәнерлеп оқу.
1- ж: Ұлы ақын әрі ойшыл Абай: «Жаман дос көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың»-деп, жалған достық кейпін шебер бейнелеген.
«Амал достық пен адал достық»
1-ж: «Адамға адал жолдас табу қиын,
Көбісін дос жасайды ақша, бұйым.
Досым деп көріегенге сене берме,
Ахмет, бар болса егер баста миың»-деп Байтұрсынов атамыз жырлағандай, Досымбектің досы қанша екен? Соны білелік.
Көрініс: «Жалған достық»
1-ж: Нағыз достықтың бір белгісі- шыдам, сабыр. Ежелгі грек философы Биастың: «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады»дегені рас.
2-ж: Ой маржаны мақалдарымыз бен мәтелдеріміз де халқымыз бойында достықты, адалдықты ардақтап, көздің қарашығындай сақтау дәстүрі терең орын тепкен. Ендеше, кезекті достыққа байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерге берейік.
1. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
2. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
3. Күлме досыңа, келер басыңа
4. Досың мың болса да аз деп біл, дұшпаның біреу болса да сақтан
5. Жан қиыспас дос болсаң,
Сыйласумен жүресің.
Шашылып жатса, сыртынан,
Жинасумен жүресің.
Би:
1-ж: Құметті достар! Достық қатынасының мән-мағынасына үңілсек, оның сырларына шомып, сезім толқынында жүреміз. Ол бір ұшы-қиыры жоқ теңіз іспетті.
2-ж: Дұрыс айтасың, бүгінгі тақырыптың мазмұнын кеңірек ашу үшін ендігі сөз кезегін мектебіміздің психолог, социолог, педагог мамандарына береміз.
1-ж: Міне, достар! Ой толғап, сырласа отырып, достықтың мәнін түсінуге ұмтыламыз
2-ж: Бірақ әлі де болса кеудемізде «Досты қалай таңдаймын?» деген сұрақ туындайды. Осы сұрағымызға жауапты «Кабуснамадан» іздеп көрсек:
Оқушы: Ей, перзентім! Жетесіз, инабатсыз дос ұстама, ондай адамның қасиеті болмайды.Ондай адамдарды нан достары қатарына жатқыз, жан достар қатарына жатқызба, себебі олар ар-намыс достары емес, тамақ достары болып табылады.
Оқушы: Тағы бір айтарым, ақылсыз адамдармен ешқашан дос болма, ақылсыз достың істеген ісін ақылды дұшпан істей алмайды. Мәрт, кең пейілді, инабатты, білімді, опалы адамдармен дос бол! Сен өзің де достарыңның осындай қасиеттерін елеп, еңбегін қадірлегейСІҢ.
Оқушы: Мынаны біл: дос болуға лайық адамды екі нәрседен білуге болады: бірі-досының басына іс түскенде, одан дүние-малын аямайды және кембағал кезінде де одан сырт айналмайды. Екіншісі- досы бұл дүниеден өтсе де, оның отбасына, балаларына қамқорлық көрсетеді.
Оқушы: Ей, перзентім, адамдармен достығың орташа болсын! Досым көп екен деп, әрқайсысына елпеңдеп көңіл бөле берме, алдыңа және артыңа қара. Достарыңның көзқарасынан, пікірінен ғапыл қалма. Жарлы болсаң дәулеттімен дос болма, себебі жарлыны ол дос етпейді. Өзіңе лайық дос ізде.
Оқушы: Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Барлық уақытта дос ұстауды әдет қыл, себебі, досы көп адамның кемшілігі білінбейді, ал жақсы қасиеттері көбейе түседі. Бірақ жаңа дос тапқанда, ескілерінен безбе, олардан сырт айналма.
1-ж: Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досың менен қасыңды
2-ж: Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен»-деп Әл-Фараби бабамыз айтқандай, бүгінгі сабағымыздың оймақтай түйінін табайық. Нағыз дос қандай болуға тиіс?



Қорытынды: мұғалім сөзі:
Сендер осылай достықты топтастырсаңдар, мен сендердің достықтарыңды
Д- дүниеде
О- озық ойлы
С- сабырлы
Т- тұрақты
Ы- ыстық
Қ- қарым - қатынаста дос бола біледі деп сенемін.
Ертеде Иран жұртының патшасы қалың қолмен түп заузатымыз саналатын сақ (скиф) еліне тұтқиылдан лап қойып, қапияда даңқты билеушісін тұтқындап, алып кетіпті. Қолды болған әмірші: «Мен үшін жауға жалбарынып, жатқа сақтың жарты сүйем жерін беруші болмаңдар»,-деп халқына арыз-сәлемін жолдайды. Бірақ тұтқын патшаның жан досы- Скилоп жанын қоярға жер таппай, ажал аузына, аждаһадай ысқырынған Кирдің алдына барып: -Патшамызды тұтқыннан босат, ұлы мәртебесіне лайық құнын төлейік!-дейді. Сонда Кир тұрып: -Менің дүниеге мұқтаж еместігімді өзің де білсең керек. Қаласам: скифтердің де, басқаларының да мал-жаны менікі. Бірақ досың үшін жаныңды шүберекке түйіп келіп тұрғаныңды ескеріп, бір шарт қоям, орындасаң- патшаң босатылады. Екі көзіңді ойып беруге көнесің бе?-дейді қаныпезер әмірші. –Болсын!- дейді шамырқанған ер Скилоп. Өзіне не үшін бостандық берілгенін білген скиф патшасы «досым Скилоп өзін өлімге байлап, оған қоса қос жанарын ойып беруден тайынбағанда, мен қалай ұялмай төрт мүшем түгел жүрмекпін» деп, ол да екі көзін ойып тастапты. Сөйтіп, екі дос елге қолтықтасып оралған екен дейді.
Кісіні жаман достар ғана тастап кетпейді, көп жағдайда жаман кісінің өзі жақсының қадіріне жетпей, жалғыз қалады.
Адам бойында барлық жақсы қасиеттер, адамгершілік, кішіпейілдік, әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сендердің бойларыңда қаланды деп сенемін. Шынайы да тұрақты мәңгілік дос бола білейік!
Үйге: Тест парақшаларын толтыру тапсырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.