.
.
Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы жалпы орта білім беретін №4 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есмагамбетова Кадиша Хайруллаевна Екі дос. Септік жалғаулары.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1453 | Размер: | Автор: ТәрбиеКүні: 14.10.2013ж.
Сыныбы: 5В
Сабақтың тақырыбы: Екі дос. Септік жалғаулары.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сөздік қорын байытып, тілін дамытып,
мәтінмен түсініп жұмыс істеу.
2. Оқушылардың сөйлеу қабілетін , есте сақтау қабілетін
дамыту.
3. Оқушыларды татулыққа, достыққа шақыру. Бірін-бірі
сыйлауға үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа материалды хабарлау.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Інімнің досы» мәтін мазмұнын айту.
Мақал-мәтелдер мен кеңестерді жаттау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы. «Екі дос»
Сұрақтар.
• Сіздің досыңыз бар ма?
• Досыңыз нешінші сыныпта оқиды?
• Сіз досыңыздың қандай жақсы қасиеттерін білесіз?
• Дос қандай болу керек?
ІҮ. Сөздік жұмысы.
55 бет. Жаңа сөздермен жұмыс.
Үйдің арасымен-между домами
Әңгімелесу-разговаривать
Денсаулығы нашар-здоровье слабое
Шалбар-брюки
Шыбық-тросточка
Нағыз-настоящий
Ү. Мәтінмен жұмыс.
«Екі дос» мәтінімен жұмыс.
1 Мәтінді оқу.
2Орыс тіліне аудару.
3Сұрақ-жауап.
4 Түсінгенің айту.
ҮІ Венн диаграммасы.
ҮІІІ Сұрақ-жауап әдісі.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
• Достардың аттары кімдер?
• Қайсысының денсаулығы нашар еді?
• Қара төбет не істеді?
• Ақселеу неге қашпады?
• Абыз оған не деді?
• Тыңдап тұрған ақсамал не деді?
ІХ. Мақал-мәтелдер.
Сіз дос, достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіз?
• Досы көпті жау алмас.
Ақылы көпті дау алмас.
• Адам досымен, ағаш тамырымен мықты.
• Досыңның достығы,
Басына іс түскенде білінер.
Мақалдың мағынасын түсіндіріп, дәптерлеріне жазғызу.
Х. Жазба жұмысы.
1-тапсырма.
Мәтіндегі зат есімдерді теріп жазып, көптік жалғауын жалғандар.
Екілер,достар,төбеттер,иттер,шыбықтар,шалбарлар,балалар,азаматтар,әңгімелер,ақсақалдар.
2-тапсырма.
«Достық», «Ақселеу» сөздерін септеу.
ХІ. Үйге тапсырма.
Үйге «Екі дос» мәтін. Мазмұн. айту. «Достық» сөзіне сөзжұмбақ құру.
ХІІ. Оқушыларды бағалау, сабақты қорытындылау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.