.
.
Сабақтың тақырыбы: Емтиханға қалай дайындаламыз? Емтиханға қалай дайындаламыз?
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 10169 | Размер: | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: Емтиханға алдын-ала қалай дайындық жасау керек және кеңес беру, талаптар мен міндеттер туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері: Білімділігі: Емтиханға дайындық туралы білімдерін тиянақтау, жүйелеу; оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым жаттығулары арқылы дамыту.
Дамытушылығы: Жаңа сөздерді қолдана отырып ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Емтиханға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылыққа, ізденушілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Жаңа сабаққа дайындау.
Кезекші арқылы түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Белгілі күйші, сазгерлер» тақырыбы бойынша тұсаукесер, монолог, диолог дайындау (қалауынша).
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты – Емтиханға қалай дайындаламыз? тақырыбына кеңес алу арқылы емтиханға алдын-ала дайындық жасау.
І. Ойтолғау. Тақырыпты ашу.
Менің атым – Маржан. 9 сынып оқушысымын. Тоғызыншы сыныптан кейін колледжге түссем деймін. Бір күні сынып жетекшім Айгүл апай: -Қай пәннен тапсырасың деп сұрақ қойды. Сол уақытта жауап бере алмадым. Ұзақ ойланып, ағылшын тілінен тапсыратынымды айттым. Бірақ қалай дайындалатынымды білмеймін -
ал балалар Маржан не туралы айтып отыр, қалай ойлайсыңдар. Әрине, емтихан туралы айтып отыр, олай болса бүгінгі тақырыбымыз «Емтиханға қалай дайындаламыз?».
Кіріспе «Емтихан бұрышы»
1.
2. Сөздікпен жұмыс
Қолайлы ыңғайлы удобный
Күлгін пепельный, серый
Белсенділік селсоқтық(ант) активность
Ереже қағида правило
Енгізу кіргізу вводить
Кезектестіру чередовать
Дәрумен витамин
Қобалжу абыржу волноваться
Шаршау қажу, жалығу уставать
1. Талдау
2. Синоним, антоним табу
3. Сөз тіркестер, сөйлемдер құрастыру
4. Дәптерге жазу
3. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Емтиханға қалай дайындаламыз?
Емтихан латын тілінен енген, «сынау, байқау» деген мағына береді. Алғаш рет орта ғасырларда Еуропа университеттерінде қолданылған. Мәскеуде 1703 жылы мектепте өткізілді. Қазақстанда емтихан қабылдау алғаш рет Алтынсарин мектептерінде жылына 2 рет қабылданды. 1966-1967 оқу жылынан бері мектептерде сыныптан сыныпқа көшіру емтихандары өткізілетін болды.
Емтиханға дайындалу үшін:
• Ең алдымен дайындалатын ыңғайлы жер даярла.
• Бөлме интерьеріне сары мен күлгін түстерді енгізуге болады, себебі бұл түстер интеллектуалды белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түсті бір суретті іліп қою жеткілікті.
• «Уақытты босқа өткізбе» ережесін үнемі есте ұста.
• Дайындыққа бөлінген уақытты дұрыс пайдалануға тырыс.
• Дайындық жоспарыңды жаса.
• Дайындық пен демалысты кезектестіріп тұр, мысалы, 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс.
• Барлық уақытта, әсіресе емтиханға дайындық уақытыңда өз денсаулығыңды күт. Бұл уақытта уақытылы және дәруменді тамақтармен тамақтану қажет.
• Ішкі қобалжуларды, шаршағандықты басатын күнделікті жаттығуларды жасауды ұмытпа.
Мәтін бойынша сұрақтар:
1. Емтихан тапсырар алдында қандай тілектер айтар едіңдер?
2. Емтихан қай тілден енген?
3. Қазақстанда қай оқу жылдарында емтихан қабылданатын болған?
4. Емтиханға дайындық жасауда қандай талаптарды орындау қажет?
5. Ең алдымен не істеу керек?
6. Қандай ережені үнемі есте сақтау керек?
7. Жұппен диалог құрастыру.
8. Мәтіннен не түсіндіңдер, не білдіңдер?
9. «Қар кесек» емтиханға байланысты етістіктерді пайдалана отырып сөйлем құрау.
4. Грамматика әлемі.
1-тапсырма. Дұрыс нұсқасын толтыру тесті.
1. Заттың ________ білдіріп, _____________ деген сұраққа жауап беретін сөз табын ______________ деп атайды.
2. Заттың ________, _______, ________білдіріп, __________________ деген сұраққа жауап беретін сөз табын __________деп атайды.
3. Семантикалық кесте. (бір-бірімен алмасып дұрыс жауаптарын интерактивті тақтадан тексер, ешқандай қатесі жоқ оқушыға ғана бес қою)
Мысалдар Дара Күрделі Негізгі Туынды Жалқы Жалпы Деректі Дерексіз Жанды Жансыз
Айдана + + + + +
Емтихан + + + + +
Ақыл + + + + +
Дайындық + + + + +
Қаламгер + + + + +
Дәптер + + + + +
Құрманғазы + + + + +
Білгіш + + + + +
4. Семантикалық кесте. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.
Берілген сөздерге тиісті сын есім тудырушы және зат есім тудырушы жұрнақтарды жалғап жаз.
Мысалдар -ма,
-ме,
-ба,
-бе,
-па,
-пе -лы,
-лі,
-ды,
-ді,
-ты,
- ті -қы,
-кі,
-ғы,
-гі -шы,
-ші -қыш,
-кіш,
-ғыш,
-гіш -қор,
-паз -ым,
-ім,
-м -и
Тапсыр + +
Біл + +
Өнер + +
Күз +
Еңбек +
Ғылым +
Бас + + + +
Оқыту +
5. Сергіту сәт. «Қызықты сұрақтар»
1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала?
2. Құрманғазының белгілі күйлері?
3. Қазақстанның бас қаласы?
4. Мектеп неше қабатты?
5. Қазақ тілі кабинеті нешінші кабинет?
6. Күріштің Отаны?
7. Ормансыз адам ........
8. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
9. Бесінші сөз табы?
10.Бүгінгі тақырып не туралы?
11. «Ұзын» сөзіне антоним?
12. Үнді дауыссыз дыбыстар?
13. Сын есім тудырушы жұрнақтар?
14. «Емтихан» қай тілден енген сөз?
15. Қыс.Аппақ қар. Қандай сөйлем?
16. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері?
6. Тренинг жаттығуы.
Мақсаты: емтиханға дайындалу барысында қатты ширығу кезінде назарларыңды дұрыс бағыттап, зейіндеріңді жаттығуға аударуға бағытталады.
Бұл тренинг «Қалпақ» деп аталады.
«Менің үшбұрышты қалпағым, үшбұрышты менің қалпағым, менің қалпағым үшбұрышты» - деген жаңылтпаш бар. Менімен бірге қайталаңдар, енді «қалпақ» сөзін естігенде бастарыңнан жоғары екі рет ұрыңдар, «үшбұрышты» - дегенде «үш» сөзіне үш саусақтарыңды алға созып, «бұрыш» – дегенде қолдарыңмен бұрыш жасаңдар. «Менің» – дегенде өздеріңді көрсетіңдер. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталаңдар.
7. Ой қозғау. Сөйлесуді жалғасытыр.
- Сәлем, Іңкәр!
- Сәлем, Ақбота!
- Неге қуанып тұрсың?
- Қуанбай ше? Ең қиын емтиханнан бес алдым!
- Құттықтаймын! Қандай сабақтан емтихан тапсырдың?
- Физикадан. Бүгін түні бойы дайындалдым.
- Қандай сұрақ келді?
- ... .
ІV. Қорытындылау:
Бүгінгі сабақты қорытындылау үшін стикерлер беріледі, сол қағаздарға «Емтиханға дайындалу үшін не істеу керек, не істемеу керек?» деген сұраққа жауап берейік. Ол жауаптарды «Емтихан бұрышы» стендіне іліп қояйық.
Билет сұрақтарына жауап беру.
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Етістік дегеніміз не?
2. Берілген сөзге фонетикалық талдау жаса «Емтихан».
3. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Мен мемлекеттік емтиханды үздік тапсырдым.
5. «Емтиханға қалай дайындаламыз?» тақырыбына сөйлесу құра.
6. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? Неше түрі бар. Мысал келтір.
7. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата. Мысал келтір.
8. Сабақтас құрмалас сөйлемнің неше түрі бар. Мысал келтір.
9. Берілген сөзге фонетикалық талдау жаса «Сынақ».
10. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Інім емтиханға жақсы дайындалғандықтан, үздік баға алдым.
10. «Оқушы» сөзіне морфологиялық талдау жаса.
V. Үйге тапсырма:
«Емтиханға дайындалу үшін ...». тақырыбына сыныптастарыңа жадынама дайындап, жазыңдар. Сөз таптарын қайталау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.