.
.
Тақырыбы: Ерлік пен батырлық туралы Ерлік пен батырлық туралы
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3687 | Размер: | Автор: ТәрбиеМақсаты:1.Б. Момышұлының «Ерлік пен батырлық туралы» шығармасымен, Бұқар жыраудың «Батырың өтті Бөгенбей» жырымен таныстыру. 2.Батырлардың еліміз,жеріміз үшін жасаған ерең еңбегімен таныстыру. 3.Оқушыларды елін,жерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
Жеңдіріп біз ашуды
Ақылға әр кез келеміз.
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Атамекен тарауы бойынша сұрақтарға жауап алу.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жаңа материалмен жұмыс:
Б.Момышұлы (1910-1982)
Тараз облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң мұғалімдік қызмет атқарған. 1932 жылы әскер қатарына шақырылады. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында ерен ерлігімен әскери батальонды басқарып көзге түскен. Бауыржан Момышұлы әлденеше ордендермен, медаль-дармен марапатталды. Дүние салғаннан кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
а) Оқулықпен жұмыс: Ерлік пен батырлық туралы шығарманы оқушыларға оқыту, қысқаша түсініктерін сұрау.
ә) Бұқар жыраудың «Батырың өтті Бөгенбай» жырын мәнерлеп оқыту.
б) Бөгенбай батыр туралы деректі оқушылар өз беттерімен оқиды, бір-біріне сұрақ дайындайды.
Сұрақ жауап:
1. Бауыржан Момышұлы қай жылы туған?
2. Бауыржан Момышұлы қандай соғысқа қатысқан?
3. Оның ойындағы ер азамат қандай болу керек?
ҮІ Қорытындылау
Ерлік пен батырлық туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?
ҮІІ Үйге тапсырма: Б.Момышұлы туралы деректер жинау, Батырың өтті Бөгенбай жырын жаттау
ҮІІІ Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.