.
.
Сынып 7А, Б Ертегілер әлемінде.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2125 | Размер: | Автор: гостьМерзімі
Тексерілді Нурасылова Б.Р.
Күні 14.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Ертегілер әлемінде.
Сабақтың мақсаты: а) Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгуіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын ақпараттық құзыреттілігіндамыту.
ә) Сәттілікке жеткен тұлға көрсеткіші сияқты пәнді сапалы түрде меңгеруге ынталану және қызығушылығын таныту. б) Тілге құрмет ете білуге баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: отырған орындар бойынша сұрақ-жауап \МПМ/
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. А) Сәлемдесу. Ә) Кезекшімен сұхбат. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
І. Үй тапсырмасын тексеру
Балалар, бүгін біз сабағымызды «БИС» технология бойынша өткіземіз, сендердің жауаптарын мына отырған орындар бойынша бағаланып, дұрыс жауаптарын \+\, ал бұрыс жауаптарын \-\ деген таңбалар қойылады,сондықтан сабаққа белсенді қатысуларыңды сұраймын.
1 белгі. Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар:
1. Сан есім неше мағыналық түрге бөлінеді? 6 түрге бөлінеді
2. Қазақ тілінде неше септік бар? 7 септік бар
3. Қазақ тілінде неше жалғаудың түрі бар? 4 түрі бар
4. «Алтау» деген сөз қандай сан есімнен жасалған? Жинақтық сан есім
5. Орфографиялық сөздіктің міндеті қандай? Сөздердің жазылуы
6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қанша тараудан тұрады? 6
7. Осы шақ нешеге бөлінеді? 2-ге
8. Тұйық етістік қалай жасалады? - у жұрнағы арқылы
9. Ілік септіктің сұрақтарын ата.
10. Барыс септіктің жалғауларын ата.
11. «Ертегі» сөзінде неше буын бар? 3
12. «Жаздай» сөзі қандай буыннан жасалған? Бітеу буыннан
13. Қазақ тілінде неше әріп бар? 42
14. «Тіл туралы» Заңы қашан қабылданды? 1989 жылы 22.09
15. Сенің ана тілін қай тіл?
16. Сен қазақша сөйлесің бе?
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Ертегілер әлемінде
Сабақтың мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқу материалын 63% меңгуіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын ақпараттық құзыреттілігін дамыту
II. Сөздермен жұмыс орындау.
(Тақтада сөздер жазылады осы сөздерді естеріне сақтап, 30 секунд ішінде, орындарын ауыстырмай жазу керек 7 сөз болуы тиіс)
2 белгі. Тірек - сөздермен таныстыру
Шашыраңқы таласу төбелес тыну ақырында жеделхат әлсіз
ІІІ. Мәтінмен жұмыс: (оқушыларға мәтінді оқуға 3 минут уақыт беріледі)
Лексикалық тақырыбы: Ертегілер әлемінде.
Ерте, ерте, ертеде әріптер мен дыбыстар әрқайсысы әр жерде, шашыраңқы өмір сүрді. Бірін – бірі сыйлау дегенді білмеді, бірінің орнына бірі таласып, соңы төбелеспен тынатын. Тәртіп жоқ жерде береке болсын ба, күштісі әлсізіне күн көрсетпепті. Әрқайсысы әр түрлі үн шығарып, дүниені азан – қазан қылып жібереді екен.
Бұлардың осындай іс-әрекетінен шаршаған Әліппе бұдан әрі шыдай алмады. Бір күні терең ойға түсті. Әліппе әрі ойлады, бері ойлады. Ақырында Сөзстан қаласында оқып жатқан Тілге жеделхан салды: «Сөзстан қаласы, синтаксис көшесі, «Грамматика» жатақханасы, Тіл Қазақұлына. Хал қиын . Әріптер бетімен кетіп барады. Тез жет! Әліппе»
3 белгі. Ертегілер әлемінде мәтіні бойынша сұрақ- жауап:
1. Ерте, ерте, ертеде нелер әрқайсысы әр жерде, шашыраңқы өмір сүрді? Әріптер мен дыбыстар
2. Бірін – бірі не істеуді білмеді? Сыйлау дегенді
3. Бірінің орнына бірі таласып, соңы немен тынатын? Төбелеспен
4. Не жоқ жерде береке болсын ба, күштісі әлсізіне күн көрсетпепті? Тәртіп
5. Әрқайсысы не істеді? Әр түрлі үн шығарып
6. Нені азан – қазан қылып жібереді екен? Дүниені
7. Бұлардың осындай іс-әрекетінен шаршаған кім? бұдан әрі шыдай алмады. Әліппе
8. Қашан терең ойға түсті? Бір күні
9. Әліппе қалай ойлады? Әрі ойлады, бері ойлады
10. Ақырында Сөзстан қаласында оқып жатқан кімге? не салды? Тілге жеделхан
11. Қай қалаға хат жіберді? Сөзстан
12. Қандай көшеге хат жіберді? Синтаскис
13. Қандай жатақханаға хат салды? Грамматика
14. Кімге хат жіберді? Тіл Қазақұлына
15. Хал қандай болды? Қиын
16. Нелер бетімен кетіп барады? Әріптер
17. Тез жет! деді не? Әліппе
IV. Сыни- тұрғыдан сұрақтар: 4 белгі.
1. Ерте, ерте, ертеде буындар мен дыбыстар әрқайсысы әр жерде, шашыраңқы өмір сүрді. - әріптер мен дыбыстар
2. Бірін – бірі сыйлау дегенді білмеді, бірінің орнына бірі таласып, соңы төбелеспен тынатын. +
3. Тәртіп жоқ жерде береке болсын ба, әлсіз күштісіне күн көрсетпепті. - күштісі әлсізіне
4. Әрқайсысы әр түрлі әріп шығарып, дүниені азан – қазан қылып жібереді екен. - үн шығарып
5. Әрқайсысы әр түрлі үн шығарып, дүниені азан – қазан қылып жібереді екен. +
6. Бұлардың осындай іс-әрекетінен шаршаған Дыбыс бұдан әрі шыдай алмады. - Әліппе
7. Бір күні таяз ойға түсті. - терең ойға
8. Әліппе әрі ойламады, бері ойламады. - Әрі ойлады, бері ойлады
9. Ақырында Сөзстан қаласында оқып жатқан Құлаққа жеделхан салды: - Тілге
10. «Сөзстан қаласы, Морфология көшесі, «Грамматика» жатақханасы, - Синтаксис
11. «Сөзстан қаласы, синтаксис көшесі, «Лексика» жатақханасы - Грамматика
12. Тіл Қазаққызына. - Қазақұлына
13. Хал жақсы. - қиын
14. Әріптер бетімен кетіп барады. +
15. Тез жет! Дауысты. - Әліппе
V. Сөздік қоры: (56 сөз) 5 белгі.
Ал, енді ,балалар, кітаптарыңды жауып, бүгінгі сабағымызда қандай сөздер естеріңде қалды соның барлығын дәптерлеріңе жазыңдар. 5 минут өткен соң оқушылар дәптерлерін ауыстырып, неше сөз жазғанын айтады.
Бекіту: - Ал, енді оқушылар сабақта өздеріңді қалай сездіңдер шыршаға іліндер.
Бағалау: Сабақтың соңында неше (+) және неше (-) алғандарын мұғалім оқушылармен санап, бағасын айтады.
«5» - 4, 5; «4» - 3; «3» - 2; «2» - 1
Рефлексия: Ой толғаныс «Бүгінгі менің сабақтағы көңіл күйім». Оқушылар стикерлерді иледі.
Үй тапсырмасы: ІІІ деңгей. 211-212 бет. 1. Сұрақтарға ауызша жауап беру. 2. Етістіктерді теріп тұйық етістікке айналдыру
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.