.
.
Набиев Қанат Бөдейұлы, Есімдіктен өткенді қайталау.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 305 | Просмотров: 1522 | Размер: 38.2 Kb | Автор: ТәрбиеСемей қаласындағы №33 жалпы орта білім беетін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Есімдіктен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты: Есімдік труалы алған білімдерін тексеру. Тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білімін саралау.
Міндеттері:
Теориялық білімді практикада қолданады. Ауызша және жазбаша тілдік қорын дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, оқушыларды ізденіске, өз ойларын айта білуге үйрету.
Бірлесіп жұмыс істей отырып, оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру.
Туған жерді, тарихты бағалай білуге, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: Талдау, жинақтау, жаттығу. Сұрақ - жауап, қайталау.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа қағаздар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Есімдіктің түрлеріне сөйлем құрау туралы тапсырма берілген. Әр қатардан бір оқушыдан шығарып тексеремін.
ІІІ. Білімді тексеру кезеңі
Құрметті оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті сабақтан өзгеше болмақ. Бүгін біз туған қаламыз Семей қаласында орналасқан мәдени орындарға саяхат жасамақшымыз. Саяхат жасау барысында әр аялдамада берілген тапсырмаларды дұрыс орыдасаңдар, қаламыздағы мәдени-тарихи орындары туралы мағлұматтар алып, өз білімдеріңді кеңейтулеріңе болады.
№1 аялдама. «Ерлік және еңбек даңқы» мұражайы.
Бұл мұражай туралы толық мағлұмат алғыларың келсе, келесі сұрақтарға жауап берулерің керек.
1. Есімдік деген не?
2. Мағыналық түрлеріне қарай нешеге бөлінеді?
3. Сол, мынау, міне деген есімдіктердің қай түрі?
№2 аялдама. Абай атындағы мұражай.
Егер берілген сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер, мұражай туралы тарихи мағлұматтар аласыңдар.
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. жіктеу есімдігі
2. сілтеу есімдігі
3. сұрау есімдігі
4. өздік есімдігі І жақ көпше түрі тәуелденген түрі
5. сілтеу есімдігі шығыс септігінде
6. белгісіздік есімдігі
7. жалпылау есімдігі
С
Е Н
О
С Ы
К
І М
Ө З І
М М Е Н
О С Ы
Д А Н
Ә Р К
І М
Б Ү
К І Л
№3 аялдама. Өлкетану мұражайы.
Әр топ оқулықтағы мәтінді оқып, берілген тапсырмаларды орындайды. Тапсырмада көрсетілген сөйлемдердегі белгісіздік есімдіктерді басу арқылы табу керек. Осы тапсырмаларды толық, әрі дұрыс орындаған жағдайда мұражай туралы қызықты тарихи мағлұматтар аласыңдар.
Жұмбақ сұрақтар
1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қай түрі? (біз-жіктеу)
2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды? (сұрау есімдігі)
3. Жақтас жалғауға жікте қояды, жақтас емесіне жоламай қояды? (мен, сен)
№4 аялдама. Невзоровтар отбасылық мұражайы.
Сілтеу есімдіктерін үлгі бойынша септе.
Септіктер Сол Осы
Атау Сол Осы
Ілік Соның Осының
Барыс Соған Осыған
Табыс Соны Осыны
Жатыс Сонда Осында
Шығыс Содан Осыдан
Көмектес Сонымен Осымен
ІV. Сабақты бекіту кезеңі.
V.Қорытынды:
№ түрлері
Мысалдар Жіктеу есімдігі Сілтеу есімдігі Сұрау
есімдігі Өздік есімдігі Белгісіздік есімдігі Болымсыздық есімдігі Жалпылау есімдігі
А Ә Б В Г Ғ Д
1 Сіздер +
2 Біреу +
3 Барлығы +
4 Анау +
5 өзі +
6 Ешқандай +
7 Олардың +
8 Бәрі +
9 Қай? +
10 Сол +
VІ.Үйге тапсырма беру кезеңі
1. 6-тапсырма
2. Есімдіктердің түрлерін қайталау
VІІ. Білімді бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.