Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Есімшеден өткенді қайталау -

Есімшеден өткенді қайталау

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 268 | Просмотров: 1646 | Размер: 232.0 Kb | Автор: Тәрбие
. Смағұлова Гүлжазира Ғинятқызы
Қостанай облысы, Рудный қаласы
«№7 орта мектебі»ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Есімшеден өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. Етістіктің есімше категориясы туралы алған білімдерін тексеру.
2. Алған білімдерін тапсырмалар арқылы дамыту.
3. Мәтін арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі:: интерактивті тақта, тест.
Сынып: 7
Пән: Қазақ тілі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Сұрақтар қою.
- Есімше дегеніміз не?
- Қандай сұрақтар арқылы жасалады?
- Есімшенің түрленуі.
- Есімшенің септелуіне мысал келтіріңдер.
- Есмішенің тәуелденуіне мысал келтіріңдер.
- Көсемше жұрнақтарын атаңдар.
- Есімше мен көсемшенің айырмашылықтарын табыңдар.
Тапсырмаларды орындату.
І нұсқа
1. Жабық тест.
Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?
А) –са, -се.
В) –са, -се, -с
С) –са, -се, -та, -те.
2. Толықтыру тесті.
Сызықтың орнына тиісті сөздерді жаз.
Бір жаққа (көбінесе ІІ жаққа) қаратылып, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі ______________ деп аталады.
3. Сәйкестік тесті.
Бірінші бағанға сәйкес келетін жауаптарды екінші бағаннан сызып не жазып көрсет.
А. –ған, -қан, -кен, - ген 1) есімше жұрнақтары
В. –ып, -іп, -п 2) көсемше жұрнақтары
С. –қы, -ғы, -кі 3) шартты рай жасаушы
Д, -са, -се 4) қалау рай жасаушы
4. Ашық тест.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін реттестіріп, сөйлем құра.
Жиырма шақты, тарихтан, сабақтың, бес, алдым, бәрінен, күннің ішінде, басқа.
5. Анықтау тесті.
Бірінші бағандағы тапсырманың жауабын екінші бағанға жаз.
Тапсырма Жауап
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі қалай аталады?

6. Балама тест. «Иә», «Жоқ»
Етістік райлары қимылдың, іс-әрекеттің жүзеге асу, орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді.
А) ИӘ
Б) ЖОҚ
ІІ нұсқа
1. Жабық тест.
Қалау рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына қандай жұрнақтар жалғану арқылы жасалады?
А) –қы, -ны, -ғы
В) –қы, -кі. –ғы, -гі
С) –қы, -кі, -ты, -ті
2. Толықтыру тесті.
Сызықтың орнына тиісті сөздерді жаз.
Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ______________ деп атаймыз.
3. Сәйкестік тесті.
Бірінші бағанға сәйкес келетін жауаптарды екінші бағаннан сызып не жазып көрсет.
А. –ғалы, -гелі, -қалы, -келі 1) есімше жұрнақтары
В. –ар, -ер, -р 2) көсемше жұрнақтары
С. –қы, -ғы, -кі 3) шартты рай жасаушы
Д, -са, -се 4) қалау райын жасаушы
4. Ашық тест.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін реттестіріп, сөйлем құра.
Киіз, бір топ, ішіп, қымыз, үйдің, төрінде, ауыл ақсақалдары, отыр.
5. Анықтау тесті.
Бірінші бағандағы тапсырманың жауабын екінші бағанға жаз.
Тапсырма Жауап
Қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, -са, -се жұрнақтары арқылы жасалатын рай түрі қалай аталады?

6. Балама тест. «Иә», «Жоқ»
«Рай» деген сөз «беталыс, бағыт, жөні» деген сөздерге синонимдес.
А) ИӘ
Б) ЖОҚ
ІІ. Кестелерді толтырту.
Мысалдар Есімше Көсемше
барады
бармақ
қалған
жазатын
барып
барғалы
жазбақ

Септік жалғауы Есімше Көсемше
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
Жіктік жалғау
Мен
Сен
Сіз
Ол
Біздер
Сендер
Сіздер
Олар
ІІІ. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

Үй тапсырмасы. Пысықтау сұрақтарына дайындалып келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.