Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Етістікті қайталау. -

Етістікті қайталау.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1576 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы
А.С.Макаренко атындағы №6 ЖОББМ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жулкашова Жаннагуль Уразгалиевна
Орыс мектебінің 6-сыныбына арналған қазақ тілі сабағының жоспары.
І Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау.
ІІ Сабақтың мақсаты:
1 Білімділік:оқушылардың қазақтың ұлттық тағамдары туралы білімдерін толықтыру. Түсінгенін еркін, жүйелі түрде әңгімелей білуге дағдыландыру. Етістікті қайталау, алған білімдерін пысықтау. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасауға дағдыландыру, тәуелдік, септік жалғауларын қайталау.
2 Дамытушылық:оқушылардың танымдық, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.
3 Тәрбиелік: әдептілікке, дастарханды, қонақты сыйлай білуге тәрбиелеу.
ІІІ Сабақтың әдісі:баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, салыстыру, ойын элементін қолдану, жаттықтыру, Синквейн әдісі, ТҚЖ қолдану.
ІҮ Сабақтың түрі: аралас
Ү Сабақтың көрнекілігі: ұлттық тағамдар бейнеленген,тапсырмалар көрсетілген слайдтар, бейнетүсірілім.
ҮІ Сабақтың өту барысы: 1 Ұйымдастыру.
2 Үй тапсырмасын тексеру: 1 «Ұлттық тағамдар» мәтінінің мазмұнын айту.
2 «Сөздер ұйқасы» ойыны арқылы «Ұлттық тағамдар» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді тексеру.
дорого-қымбат лестница-баспалдақ
верблюжье молоко-шұбат жареное мясо-қуырдақ
брови-қас плотно-тығыз
пища-ас кобылье молоко-қымыз
3 Өткен сабақта танысқан жаңа сөздермен сөз тіркесі мен сөйлем құру. Слайдтта берілген суреттерді пайдалану.
4 Қорытындылау.
3 Жаңа сабақ: Қазақтың дастарханы. Етістікті қайталау.
1 Сабақтың мақсаты мен міндетін айту. 2 Кіріспе сөз.
3 Мәтінмен жұмыс. а) оқу (мұғалім) ә) оқу (оқушы)
б) Жаңа сөздермен жұмыс.
дәм-пища ауыз тию-пробовать дәннен жасалған-растительный бидай-пшеница күту-ждать
-Жаңа сөздерді айтып жаттығу (мұғалімнен кейін қайталау,хормен,жеке оқу).
-Жаңа сөздермен сөз тіркесін, сөйлем құру.
в) Мәтінді түсініп оқу. г) Сұрақтарға жауап беру.
- Қазақтар дастарханды қалай сыйлаған?
- Келген қонаққа қандай құрмет көрсетеді?
- Тамақтың негізгі түрлерін атаңдар.
- Ет тағамдарына не жатады?
- Сүт тағамдарына не жатады?
- Нан тағамдарына не жатады?
- Дәннен жасалған тағамдарға не жатады?
д) Сұрақтарға сүйене отырып, мәтіннің мазмұнын айту.
4 Диалогпен жұмыс. Үлгі бойынша сөйлесейік. Сендер қонақ шақырғанда, қандай тағамдар дайындайсыңдар?
Диалог 1 -Сәлем,Әсет.
-Сәлем,Нәзира.
-Қош келдің, төрлет.
-Рахмет.
-Әсет, мен саған арнап бауырсақ, құймақ, палау пісірдім, дәм тат.
-Рахмет, Нәзира, өте дәмді.
Диалог 2 -Сәлем,Саша.
-Сәлем,Катя.
-Қош келдің,жоғары шық.
-Рахмет.
-Саша, мен саған арнап бесбармақ, бауырсақ дайындадым.
Дүкеннен шұбат сатып алдым. Дәмін тат, ұялма.
-Рахмет, Катя, бәрі өте дәмді екен. Сен де маған қонаққа кел, күтемін.
Диалог 3 -Маша, сен қайда бардың?
-Мен қонаққа бардым.
-Сен кімге қонаққа бардың?
-Мен Маратқа қонаққа бардым.
-Марат саған қандай тағам дайындады?
-Марат маған ет қосылған картоп дайындады.
-Марат, саған кім қонаққа келді?
-Маған қонаққа Маша келді.
-Сен оған қандай тағам дайындадың?
-Мен оған ет қосылған картоп дайындадым.
5 Ал әдемі мерекелік дастархан басында біз көңілімізді қалай көтереміз? Ән айтамыз ба? Біз сендерге «Дастархан» әнін ұсынамыз. (Ән айту)
Қонаққа барғанда немесе қонақ келгенде қандай сыпайы сөздер айтылады? -Дастархан басында өзімізді қалай ұстауымыз керек? (Ережелермен танысу)
1 Дастархан басына бас киіммен отырма. 2 Үстелге шынтақтама.
3 Аузыңды асқа толтырып сөйлеме.
4 Тамақты дыбыс шығармай ішуге тырыс, қасықпен ыдысты тарсылдатпа.
5 Үстелдің ар жағына қол созба, сыпайы түрде алып беруді өтін.
6 Тамақтан кейін шанышқы мен пышақты тәрелкеге қой.
7 Шай ішкенде,қасықты ыдыста қалдырма. 8 Аузыңды қолыңмен сүртпе.
7 Балалар, жоғарыда аталған тағамдардың қалай дайындалатынына назар аударайық. Эфирде оқушылардың күшімен дайындалған «Дәмді және тез» бағдарламасы.«Бауырсақ» ұлттық тағамын дайындау тәсілімен танысу.
(бейнетүсірілім)
8 Оқулықпен жұмыс Мақал-мәтелдің аудармасын табу. 125-бет 1-тапсырма
9 Тапсырмалармен жұмыс. а) «Жеу» етістігін өткен, осы, келер шақта жіктеу.
ә) «Дастархан» сөзін тәуелдеу, септеу. б) Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.Оларға синтаксистік талдау жасау. Етістіктерді тауып,түрін ажырату, шағын, райын анықтау.
1 Анам , дайындады, жылқының етінен, бесбармақ. 2 Жегім келеді, мен, қуырған бидай. 3 Мерекелік, дастархан, дайында, қонақ келсе.
10 Тақырып бойынша бес жолды өлең құру.
1 Тағам
2 Дәмді, ыстық.
3 Дайындадым, жедім, ұнайды.
4 Ұлттық тағам дайындауды үйрендім.
5 Тамақ, ас.
4 Бекіту, қорытындылау: -Тамақтың негізгі үш түрін атаңдар.
-Ет, сүт, нан, дәннен жасалған тағамдарға не жатады?
-Етістік дегеніміз не? Етістік тұлғасына қарай қалай бөлінеді?
-Етістік мағынасына, құрамына қарай қалай бөлінеді?
- Етістіктің шақтарын, райларын атаңдар.
-Бүгінгі сабақта қандай жаңа сөздермен таныстық?
-Осы жаңа сөздермен және «дастархан» сөзімен қандай сөз тіркесін, сөйлем құрай аласыңдар?
5 Үй тапсырмасы: 1«Мерекелік дастархан» тақырыбына шағын әңгіме құрастыру. 2 Жаңа сөздерді жаттау. 3 Етістікті қайталау. 6 Оқушыларды бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.