.
.
Бекітемін: Етістіктің шақтары
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 337 | Просмотров: 3573 | Размер: 53.8 Kb | Автор: Тәрбие№ 28 жалпы орта
мектеп директоры
Қ. Ж. Құрманбекова
№ 28 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Л.М. Елимбекованың орта мерзімді сабақ жоспары
Іс-әрекеттегі зерттеу: жеті модульді қамтитын диалогтік оқытудың түрлері аспектісі;
Зерттеу тақырыбы: 11 Б сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен сөйлеу тілін дамыту үшін диалогтік оқытуды қолдану ;
Зерттеу сұрағы: 11 Б сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен сөйлеу тілін дамыту үшін диалогтік оқытуды қалай тиімді қолданамын?
№ Күні Тақырыбы Мақсаты Мазмұны Белсенді оқыту әдісі Оқып-үйренудің нәтижесі Бағалау Күтілетін нәтиже Кіріктірілген модуль Негізгі дерек көздері
1 Етістіктің шақтары. Осы шақ Осы шақтың нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып бөліну ерекшеліктері туралы түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Ұйымдастыру
Ой қозғау
Жаңа тақырып
Бекіту
Қайталау
Кері байланыс
Бағалау Топтық жұмыс, миға шабуыл, мағынаны тану, ойтолғау, зерттеушілік әңгіме, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, көпірше, ІNSERT әдісі
Жеке тапсырманы орындайды, топта бірлесіп жұмыс істейді, тест тапсырмаларын орындайды, диалогтік қарым – қатынасқа түседі, бағалауға арналған тапсырмалар, өз деңгейін бағалай алады Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау , жұлдызшалар арқылы бағалау
Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақты ажырата біледі, дұрыс қолдана алады, бірлесіп жұмыс жасай алады. Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқу мен оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану Интерактивті тақта, қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, маркер, стикер, желім, түрлі-түсті қағаз, қайшы, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер,сауалнамалар, кері байланыс жаймасы
2 Өткен шақ.
Өткен шақтың түрлері туралы нақтырақ мағлұмат беру. Жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары мен қолданылуын үйрету. Тақырыпқа байланысты сұрақтар беру арқылы мағыналарды түсіндіру, сәйкестендіру, сөйлем құрату, өмірмен байланыстыру.
Ұйымдастыру
Ой қозғау
Жаңа тақырып
Бекіту
Қайталау
Кері байланыс
Бағалау Топтық жұмыс,ой қозғау,кім жылдам, ойтолғау, кластер құру,қар көшкіні, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, ІNSERT әдісі Жеке тапсырманы орындайды, топта бірлесіп жұмыс істейді, тест тапсырмаларын орындайды, диалогтік қарым – қатынасқа түседі, бағалауға арналған тапсырмалар, өз деңгейін бағалай алады Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, бағдаршам әдісі арқылы бағалау Өткен шақтың жасалу жолдарын біледі, мағынасын түсінеді, сөйлемдер құрау арқылы өмірмен байланыстырып қолдана алады; Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқу мен оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану Интерактивті тақта,қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, флип-чарт, маркер, стикер, фломастер, қағаз, қайшы, желім, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, кері байланыс жаймасы
3 Келер шақ. Келер шақтың мағынасына қарай болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ болып бөліну жолдарын білу, мысалдар келтіре отырып түсіндіру, өмірмен байланыстыра қолдану және талдау; сөздік қорын молайту,
Дұрыс сөйлеуге үйрету./жақсарту, қалыптастыру, жүйелеу/
Ұйымдастыру
Ой қозғау
Жаңа тақырып
Бекіту
Қайталау
Кері байланыс
Бағалау Топтық жұмыс,ыстық орындық, миға шабуыл, мағынаны тану, ойтолғау, ДЖИГСО әдісі, қалыптастырушы бағалау, кері байланыс, көпірше, ІNSERT әдісі Жеке тапсырманы орындайды, топта бірлесіп жұмыс істейді, тест тапсырмаларын орындайды, диалогтік қарым – қатынасқа түседі, бағалауға арналған тапсырмалар, өз деңгейін бағалай алады Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мадақтаулар арқылы бағалау Келер шақтың мағынасына қарай бөліну жолдарын біледі, мысалдар келтіре отырып түсіндіреді,дұрыс қолдана алады Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқу мен оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану проектор,қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, кері байланыс
жаймасы/алма ағашы/, түрлі-түсті қағаз-қаламдар, желім, қайшы
4 Етістіктің шақтарынан өткенді қайталау Етістіктің шақтарына байланысты алған білімдерін жинақтау, бағалау.Орынды дұрыс қолдануға дағдыландыру, топтық жұмыстарды жақсарту, үйрету, қалыптастыру
Ұйымдастыру
Ой қозғау
Жаңа тақырып
Бекіту
Қайталау
Кері байланыс
Бағалау Топтық жұмыс, миға шабуыл, мағынаны тану,адасқан әріптер, ойтолғау, әңгіме -дебат, қалыптастырушы бағалау,сауалнама, кері байланыс, көпірше, балық қаңқасы, ІNSERT әдісі Жеке тапсырманы орындайды, топта бірлесіп жұмыс істейді, тест тапсырмаларын орындайды, диалогтік қарым – қатынасқа түседі, өз деңгейін бағалай алады Қалыптастырушы бағалау, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, критерийлер арқылы бағалау Етістіктің шақтарына байланысты алған білімдерін жинақтайды, бағалай алады.Орынды дұрыс қолдануға дағдыланады, топта жұмыс жасауды жақсартады, қалыптастырады
Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқу мен оқытуды бағалау, АКТ-ны пайдалану Проектор, тақта,қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, кері байланыс
жаймасы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
№ 28 жалпы орта мектеп
Пән мұғалімі Елимбекова Луиза Мелдехановна
Пәні Қазақ тілі
Сыныбы 11 "Б"
Өтетін күні 13.10.2014
Сабақтың тақырыбы Етістіктің шақтары
Сабақтың мақсаты Осы шақтың нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып бөліну ерекшеліктері туралы түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Күтілетін нәтиже Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақты ажырата біледі, дұрыс қолдана алады, бірлесіп жұмыс жасай алады.
Бұрын меңгерілген білім Есімше мен көсемшенің сөйлемдегі қызметі
Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, тарих, география, музыка
Сабақтың ресурстары Интерактивті тақта,қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар,кері байланыс жаймасы
Кезең Уақыты Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой шақыру 2 минут Топқа бөлуді ұйымдастыру Алдын ала осы шақтың түрлеріне байланысты тапсырмалар дайындалып, оқушылар өздері таңдаған етістік түрлеріне қарай топтарға бөлінеді
1-топ - нақ осы шақ
2-топ - ауыспалы осы шақ
5 минут Үй тапсырмасын қайталау
"Кім жылдам?" Сұрақтарға барынша тез жауап беру
3 минут « Мен кіммін?», "Мен не істеп отырмын?" деген сұрақтардың аясында осы шақ етістіктерді қатыстырып сөйлемдер жаздырту Оқушылар өздерінің жауаптарын жазады.
Тақтаға кім қандай мысалдар жазғандарын оқып шығу Оқушылардың сөйлемдеріне қарай, кімнің қаншалықты тақырыпты түсінгендігі байқалады
Мағынаны тану 3 минут «Ой қозғар» әдісі (интерактивті тақтадағы ой қазығы етіп алған пікірлерді оқу)
Етістіктің шақ категориясы туралы оқушылар өз білетіндерін, ойларын ортаға салады.
Сұрақтар дайындау
5 минут Етістіктің шақ категориясы - іс -әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы: "келе жатыр", "оқып отыр", "жел соғады". Осы шақтың екі түрі бар:
1. Нақ осы шақ
2. Ауыспалы осы шақ
Оқулықпен жұмыс. ІNSERT әдісі. Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақ туралы оқу. (дәптерлеріне жазып отыру, түртіп алу.) Шартты белгілермен жұмыс. «v»- білемін, «+» - жаңалық ІNSERT әдісі., «-»- білмеймін, «?»- толығырақ білгісі келеді.
3 минут видеоролик көрсету Видеоролик көру арқылы оқушылар мысалдар келтіріп, етістіктің оыс шақ категориясының қалай жасалатындығын түсінеді.
5 минут
Мұғалім түсіндірмесі:
1. Нақ осы шақ - қалып етістіктің ("жүр", "жатыр", "отыр", "тұр")тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп келуі арқылы жасалады. (мен жазып отырмын, сен жазып отырсың). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді,сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі.
2. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады. (мен жүземін, сен оқисың) немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: "жаңбыр жауады", "құс ұшады", "ит үреді". Бұл етістіктің осы шақ не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. 1-топ, нақ осы шаққа байланысты қалып етістіктің ("жүр", "жатыр", "отыр", "тұр")тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп келуі арқылы сөйлемдер құрап жазады
2-топ,ауыспалы осы шақ -а, -е, -й көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалатын (мен жүземін, сен оқисың) немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіретін сөйлемдер жазады
Оқушылар жұрнақтарды орынды пайдалана отырып, етістіктің осы шақ формасының жасалу жолын есте сақтайды, сөйлемдер құрай біледі, мағынасын түсінеді және ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана алады.
10 минут 1.Тапсырма:Осы шаққа байланысты сурет салу
2.Суретті сөйлету
3.Мәтін бойынша сұрақтар қою
а/ кем дегенде 7 түс қолдану
ә/ 5-6 сөйлем болу
б/ осы шақтағы етістіктерін қолдану Әр топқа осы шаққа байланысты сурет салу беріледі. Сурет салынып болған соң, топ арасында бағаланады. Содан соң критерийлер ұсынылады. Критерийлер бойынша қайта бағаланады.
5 минут Дәптермен жұмыс:
1. Мәтіннен осы шақ етістіктерді теріп жазады, жасалу жолын түсіндіреді.
2. Асты сызылған етістіктерді етістіктің осы шақ формасына айналдырады. (айналды - айналып отыр) Оқушыларға арналған мәтін:
Су – тіршілік көзі, су – тіршілік негізі. Сусыз өмір жоқ.
Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. Бірақ сол судың тоқсан пайызы адам өмірі үшін, өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемі үшін жарамсыз тұзды сулар. Оның тек 2,5 пайызы ғана тұщы су. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.
Ата-бабамыз «Судың да сұрауы бар» деген екен. Ол – шындық. Біздің ғасырымызда су проблемасы аса өзекті мәселе. Қазір 1,7 миллиард адам тұщы су тапшылығына ұшырап отыр. Бүгінде таза су тауарға айналды. Германия елі тұщы суды Швециядан сатып алады. АҚШ 1 текше метр су үшін Канадаға 5 центтен төлейді. Алжир мемлекеті де тұщы суды басқа елдерден сатып алады.
БҰҰ зерттеулеріне қарағанда, 2025 жылы бүкіл дүние жүзі халықтарының үштен екісі су тапшылығынан қиындық көреді екен. Бұл – ойланатын жағдай.
Біздің елімізде су қоймалары көптеп саналады. Бірақ өзіміздің экологияға жауапсыз қарауымыздан қаншама көлдер, өзендер, теңіздер ластанып жатыр. Балқаш көлі – жер бетіндегі ең таза су қоймасы. Ол оңтүстік шығыста орналасқан. Қазіргі кен-металлургия комбинатының қалдықтары Балқашты ластап жатыр. Көлдің деңгейі төмендеген. Балқаш жайында аз айтылып жатқан жоқ. Табиғатқа қауіптің бәрі адамнан келіп жатыр.
Біз судың тазалығын сақтауымыз керек. Ең бастысы, жауапкершілікті түсінуіміз керек.
Мәтін арқылы оқушы осы шақ етістіктің жасалу жолын есте сақтайды және өткен шақ, келер шақ етістіктерді осы шаққа айналдырады. Осы шақ етістіктің түр – тұлғасы қандай болу керектігін ұғынады.
Ой толғау 4 минут
Кері байланыс. Жаңа сабақты талдау
Бағалау (формативті және суммативті)
1. Сұрақ-жауап
2. Сауалнама
Үйге тапсырма Ережені түсініп оқу және осы шаққа байланысты сөйлем құрап, жасалу жолын талдау, түсіндіру.
Рефлексия
Бекітемін:
№ 28 жалпы орта
мектеп директоры
Қ. Ж. Құрманбекова
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
№ 28 жалпы орта мектеп
Тексерілді
Пән мұғалімі Елимбекова Луиза Мелдехановна
Пәні Қазақ тілі
Сыныбы 11 "Б"
Өтетін күні 14.10.2014
Сабақтың тақырыбы Етістіктің шақтары. Өткен шақ
Сабақтың мақсаты Өткен шақтың жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып бөліну ерекшеліктерін түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Күтілетін нәтиже Жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақты ажырата біледі, дұрыс қолдана алады, бірлесіп жұмыс жасай алады.
Бұрын меңгерілген білім Нақ осы шақ пен ауыспалы осы шақ
Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, тарих, география, музыка
Сабақтың ресурстары Интерактивті тақта,қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар,кері байланыс жаймасы
Кезең Уақыты Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой шақыру 2 минут Топқа бөлуді ұйымдастыру Алдын ала осы шақтың түрлеріне байланысты тапсырмалар дайындалып, оқушылар өздері таңдаған етістік түрлеріне қарай топтарға бөлінеді
1-топ - жедел өткен шақ
2-топ - бұрынғы өткен шақ
3-топ - ауыспалы өткен шақ
3 минут Үй тапсырмасын қайталау
"Ыстық орындық" Әр топтан ерікті оқушы шығып, өтілген тақырыптарға байланысты қайталау сұрақтарына жауап береді. Сұрақтарға барынша тез жауап беру
5 минут « Менің балалық шағым" деген тақырып аясында өткен шақ етістіктерді қатыстырып сөйлемдер жаздырту Оқушылар өздерінің жауаптарын жазады.
Оқушылардың жазғандарын тыңдап, өткен шақ етістіктерді табу Оқушылардың сөйлемдеріне қарай, кімнің қаншалықты тақырыпты түсінгендігі байқалады
Мағынаны тану 3 минут «Ой қозғар» әдісі (интерактивті тақтадағы ой қазығы етіп алған пікірлерді оқу)
Етістіктің шақ категориясы туралы оқушылар өз білетіндерін, ойларын ортаға салады.
Сұрақтар дайындау
5 минут Етістіктің шақ категориясы - іс -әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Өткен шақ сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткен іс-әрекетті білдіреді.
Мысалы: "келді", "оқып болды", "жазып шығатын едім".
Өткен шақтың 3 түрі бар:
1. Жедел өткен шақ
2. Бұрынғы өткен шақ
3. Ауыспалы өткен шақ
Оқулықпен жұмыс. ІNSERT әдісі. Жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ, бұрынғы өткен шақ туралы оқу. (дәптерлеріне жазып отыру, түртіп алу.) Шартты белгілермен жұмыс. «v»- білемін, «+» - жаңалық, «-»- білмеймін, «?»- толығырақ білгісі келеді.
3 минут видеоролик көрсету Видеоролик көру арқылы оқушылар мысалдар келтіріп, етістіктің өткен шақ категориясының қалай жасалатындығын түсінеді.
10 минут
Мұғалім түсіндірмесі:
1. Жедел өткен шақ - іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді. (етістік + -ды, -ді, -ты, -ті + жіктік жалғауы)
2. Бұрынғы өткен шақ - іс-қимылдың жалпы болғанын көрсетеді. (етістік + -ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п + жіктік жалғауы)
3. Ауыспалы өткен шақ - сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді. (етістік + -атын, -етін, -йтын, -йтін + жіктік жалғауы)
Оқушылардың ЖАДА-да жұмыс істеуі үшін мұғалім "көпіршенің"қызметін атқарады. Әр топқа тапсырма беріледі. Сол арқылы әр топ сөйлем құрап, постер жасап, оны қорғайды.
1-топ, жедел өткен шақ - іс-қимылдың жуық арада болғанын білдіреді. (етістік + -ды, -ді, -ты, -ті + жіктік жалғауы) арқылы сөйлемдер құрап жазады
2-топ, бұрынғы өткен шақ - іс-қимылдың жалпы болғанын көрсетеді. (етістік + -ған, -ген, -қан, -кен, -ып, -іп, -п + жіктік жалғауы)
3-топ,ауыспалы өткен шақ - сөйлеп тұрған уақытқа дейін дағдылы болып тұрған іс-қимылды білдіреді. (етістік + -атын, -етін, -йтын, -йтін + жіктік жалғауы)
Оқушылар жұрнақтарды орынды пайдалана отырып, етістіктің өткен шақ формасының жасалу жолын есте сақтайды, сөйлемдер құрай біледі, мағынасын түсінеді және ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана алады.
3 минут 1.Тапсырма:Өткен шаққа байланысты мақал-мәтел жазу
2.Мақал-мәтелдерді оқу
3.Тапсырмаға байланысты сұрақтар қою
а/ 2 мақал-мәтел болу
б/ өткен шақтағы етістіктерін қолдану Әр топқа өткен шаққа байланысты мақал-мәтелдер жазу беріледі.Мақал-мәтелдер жазып болған соң, топ арасында бағаланады. Содан соң критерийлер ұсынылады. Критерийлер бойынша қайта бағаланады.
Мысалы: "Көп қорқытады, терең батырады"
"Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі"
5 минут Дәптермен жұмыс:
1. Мәтіннен өткен шақ етістіктерді теріп жазады, жасалу жолын түсіндіреді.
2. Өткен шақтың 3 формасы жасайды:
Аталды - жедел өткен шақ
Аталған еді - бұрынғы өткен шақ
Аталатын еді - ауыспалы өткен шақ
Оқушыларға арналған мәтін:
Сөздік: тамаша-прекрасное, жиі-жиі-часто, сарғайып-пожелтеют, молшылық-изобилие, гүлшоқтарын-букеты.
Қиын сөздер: қоңыр күз, жиі-жиі, қараңғылық, түрлі-түсті, еңбегінің, әзірлік, гүлшоқтарын, бүлдіршіндерді.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Күз
Күз – тамаша уақыт.
Күз мезгілі «қоңыр күз», «алтын күз» деп аталады. Күзде ауа райы бұзылып, жиі-жиі жаңбыр жауады. Күн салқындап қысқарады, түн ұзарады. Қараңғылық ерте түседі. Жадыраған жаз өтіп, жарқыраған жасыл жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Шөптер солып, жер түрлі-түсті кілем жамылғандай болады.
Табиғаттың бұл кезін халық алтын күзге теңейді. Халық жыл бойы істеген еңбегінің жемісін жинайды. Күз айлары – жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл – егін, көкөніс, жеміс-жидектің піскен кезі. Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды.
Қазір қыркүйек айы. Мектептерде оқу жылы басталды. Күздің басы – қыркүйек айының бірі – Білім күні.
Бұл күні қолдарына гүлшоқтарын ұстаған оқушылар мен мектеп табалдырығын бірінші рет аттаған бүлдіршіндерді ата-аналарымен бірге көруге болады.
Мәтін арқылы оқушы өткен шақ етістіктің жасалу жолын есте сақтайды және өткен шақ, келер шақ етістіктерді осы шаққа айналдырады. Осы шақ етістіктің түр – тұлғасы қандай болу керектігін ұғынады.
Ой толғау 4 минут
Кері байланыс. Жаңа сабақты талдау
Бағалау (формативті және суммативті)
1. Екі жұлдыз, бір тілек
2. Сауалнама
Үйге тапсырма Ережені түсініп оқу және өткен шаққа байланысты сөйлем құрап, жасалу жолын талдау, түсіндіру.
"Мен қандай оқушы болдым?" эссе.
Рефлексия
Бекітемін:
№ 28 жалпы орта
мектеп директоры
Қ. Ж. Құрманбекова
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
№ 28 жалпы орта мектеп
Тексерілді
Пән мұғалімі Елимбекова Луиза Мелдехановна
Пәні Қазақ тілі
Сыныбы 11 "Б"
Өтетін күні 15.10.2014
Сабақтың тақырыбы Етістіктің шақтары. Келер шақ
Сабақтың мақсаты Келер шақтың болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ болып бөліну ерекшеліктерін түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Күтілетін нәтиже Болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақты бір-бірінен ажырата біледі, дұрыс қолдана алады, бірлесіп жұмыс жасай алады.
Бұрын меңгерілген білім жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ
Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, тарих, география, музыка
Сабақтың ресурстары Интерактивті тақта,қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, мұғалімдер үшін бағалау жаймасы, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар,кері байланыс жаймасы
Кезең Уақыты Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой шақыру 2 минут Топқа бөлуді ұйымдастыру Алдын ала осы шақтың түрлеріне байланысты тапсырмалар дайындалып, оқушылар өздері таңдаған етістік түрлеріне қарай топтарға бөлінеді.
1-топ - болжалды келер шақ
2-топ - мақсатты келер шақ
3-топ - ауыспалы келер шақ
5 минут Үй тапсырмасын қайталау
"Мен қандай оқушы болдым?" тақырыбындағы эссені тыңдау, бағалау.
"Ыстық орындық" Ережені қайталау
Эссені оқып,етістіктерді табу
Әр топтан ерікті оқушы шығып, өтілген тақырыптарға байланысты қайталау сұрақтарына жауап береді. Сұрақтарға барынша тез жауап беру
5 минут Тақырыпқа байланысты Елбасының "Қазақстан - 2050"стратегиясынан үзінді беріп, оқушылардан келер шақ тұлғада тұрған етістіктерді табуына ықпал жасау, келер шақ етістіктерді теріп жаздырту ...Мықты мемелекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі,тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.
Оқушылардың жазғандарын тыңдап, олардың жасалу жолдарын түсіндіру Оқушылардың сөйлемдеріне қарай, кімнің қаншалықты тақырыпты білетіндігі байқалады
Мағынаны тану
3 минут
«Ой қозғар» әдісі (интерактивті тақтадағы ой қазығы етіп алған пікірлерді оқу)
Етістіктің шақ категориясы туралы оқушылар өз білетіндерін, ойларын ортаға салады.
Сұрақтар дайындау
5 минут
Етістіктің шақ категориясы - іс -әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Келер шақ сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын, яғни алдағы уақытта орындалатын іс-әрекетті білдіреді.
Мысалы: "келер", "оқымақшы", "жазып шығамын".
Өткен шақтың 3 түрі бар:
1. Болжалды келер шақ
2. Мақсатты келер шақ
3. Ауыспалы келер шақ
Оқулықпен жұмыс. ІNSERT әдісі.
болжалды келер шақ
мақсатты келер шақ
ауыспалы келер шақ туралы оқу. (дәптерлеріне жазып отыру, түртіп алу.) Шартты белгілермен жұмыс. «v»- білемін, «+» - жаңалық, «-»- білмеймін, «?»- толығырақ білгісі келеді.
3 минут видеоролик көрсету Видеоролик көру арқылы оқушылар мысалдар келтіріп, етістіктің келер шақ категориясының қалай жасалатындығын түсінеді.
10 минут
Мұғалім түсіндірмесі:
1. Болжалды келер шақ - іс-қимылдың келешекте болатындығын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді. (етістік + -ар, -ер, -р + жіктік жалғауы)
2. Мақсатты келер шақ - іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. (етістік + -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек + (-шы/-ші) + жіктік жалғауы)
3. Ауыспалы келер шақ - алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді. (етістік + -а, -е, -й + жіктік жалғауы)
Оқушылардың ЖАДА-да жұмыс істеуі үшін мұғалім "көпіршенің"қызметін атқарады.
Әр топқа тапсырма беріледі. Сол арқылы әр топ сөйлем құрап, постер жасап, оны қорғайды.
1-топ, Болжалды келер шақ - іс-қимылдың келешекте болатындығын дәл көрсетпей, болжай ғана білдіреді. (етістік + -ар, -ер, -р + жіктік жалғауы)
2-топ, Мақсатты келер шақ - іс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді. (етістік + -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек + (-шы/-ші) + жіктік жалғауы)
3-топ, Ауыспалы келер шақ - алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді. (етістік + -а, -е, -й + жіктік жалғауы)
Оқушылар жұрнақтарды орынды пайдалана отырып, етістіктің келер шақ формасының жасалу жолын есте сақтайды, сөйлемдер құрай біледі, мағынасын түсінеді және ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана алады.
2 минут
1.Тапсырма:Келер шаққа байланысты мақал-мәтел жазу
2.Мақал-мәтелдерді оқу
3.Тапсырмаға байланысты сұрақтар қою
а/ 2 мақал-мәтел болу
б/ келер шақтағы етістіктерін қолдану
Әр топқа
келер шаққа байланысты мақал-мәтелдер жазу беріледі.Мақал-мәтелдер жазып болған соң, топ арасында бағаланады. Содан соң критерийлер ұсынылады. Критерийлер бойынша қайта бағаланады.
Мысалы: "Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер"
4 минут Дәптермен жұмыс:
1. Мәтіннен келер шақ етістіктерді теріп жазады, жасалу жолын түсіндіреді.
2. Келер шақтың 3 формасы жасайды:
талпынады
талпынармын - болжалды келер шақ
талпынбақпын - мақсатты келер шақ
талпынамын - ауыспалы келер шақ
3. жету, алу, шығу, білу - тұйық етістіктерін келер шақ етістіктерге айналдырып жазу
Үлгі: жету - жетермін, жетпекпін, жетемін Оқушыларға арналған мәтін:
Сөздік: бақыт-счастье, талпынады – стремится, құрмет – уважение, қабілет – способность, қол қусырып отыру – сидеть сложа руки.
Қиын сөздер: орналасқаннан, биіктей, ұжымнан, бала-шағасынан, туған-туыстарын, бақытсыздыққа, көңілінен. .
Бақыт
Адам ес біліп, еңбекке орналасқаннан белгілі бір мақсатқа, арман асуына талпынады. Сол жолда ізденеді, үйренеді, оқиды, көрген-білгендерін көңіліне тоқиды. Осылайша оның оқуға, еңбекке, іске қабілеті ашылады. Отбасында, оқыған мектебінде, жұмыс істеген ұжымында, жүрген ортасында ол туралы пікір қалыптасады. Бақыт жолындағы баспалдақтар осылай өсе бермек, биіктей бермек.
Бақыт дегеніміз – адал еңбегі арқылы ойлаған ойына, мақсаты мен арманына жету.
«Құрметке де құнт керек» дегендей, бақытқа да бап керек. Қол қусырып отырған, ұжымнан қол үзген, теріс жолға түскен, абыройдан айрылған адам ешқашанда бақытты бола алмайды, ол өзін ғана емес, бала-шағасын да, туған-туыстарын да, бақытсыздыққа душар етеді.
Еңбекке бейім адам көпке ұнары даусыз. Көптің алғысын алу, көптің көңілінен шығу, қысқасы, жұртқа қалтқысыз қызмет ете білу – зор бақыттылық. (113 сөз)
Мәтін арқылы оқушы келер шақ етістіктің жасалу жолын есте сақтайды және тұйық етістіктерді келер шаққа айналдырады. Келер шақ етістіктің түр – тұлғасы қандай болу керектігін ұғынады.
Ой толғау 3 минут
Кері байланыс. Жаңа сабақты талдау
Бағалау (формативті және суммативті)
1. Екі жұлдыз, бір тілек
2. Сауалнама
Үйге тапсырма "Менің арманым" эссе жаздырту. Ережені түсініп оқу және келер шаққа байланысты сөйлем құрап, жасалу жолын талдау, түсіндіру.
Рефлексия
Бекітемін:
№ 28 жалпы орта
мектеп директоры
Қ. Ж. Құрманбекова
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
№ 28 жалпы орта мектеп
Тексерілді
Пән мұғалімі Елимбекова Луиза Мелдехановна
Пәні Қазақ тілі
Сыныбы 11 "Б"
Өтетін күні 24.12.2014
Сабақтың тақырыбы Етістіктің шақтарынан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты Алған білімді қорытындылау, шақ категориясының бөліну ерекшеліктерін түсіндіру, оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану және таба білу, талдау. Бірлескен жұмысты жақсарту.
Күтілетін нәтиже Етістіктің шақтары туралы біледі, түсінеді, қолданады, талдайды және алған білімді жинақтайды. Топта ынтымақтаса отырып, бірлесіп жұмыс жасай алады.
Бұрын меңгерілген білім Осы шақ, өткен шақ, келер шақ
Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, тарих, география, музыка
Сабақтың ресурстары Интерактивті тақта,қалыптастырушы бағалау тапсырмалары, стикерлер, үлестірмелі кесінділер, бағалауға арналған тапсырмалар,кері байланыс жаймасы
Кезең Уақыты Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ой шақыру 2 минут Топқа бөлуді ұйымдастыру Алдын ала етістіктің шақ категориясына байланысты тапсырмалар дайындалып, оқушылар өздері таңдаған етістік түрлеріне қарай топтарға бөлінеді.
1-топ - осы шақ
2-топ - өткен шақ
3-топ - келер шақ
5 минут Үй тапсырмасын қайталау
"Менің арманым?" тақырыбындағы эссені тыңдау, бағалау.
"Кім жылдам?" Ережені қайталау
Эссені оқып,етістіктерді табу
Әр топ бір-біріне сұрақтар қояды, өтілген тақырыптарға байланысты қайталау сұрақтарына жауап береді. Сұрақтарға барынша тез жауап беру
5 минут Тақырыпқа байланысты Елбасының "Қазақстан - 2050"стратегиясынан үзінді беріп, оқушылардан келер шақ тұлғада тұрған етістіктерді табуына ықпал жасау, келер шақ етістіктерді теріп жаздырту ...Мықты мемелекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мен үшін әрқашан халықтың тұрмыс деңгейі басты өлшем болды, әрі солай бола бермек. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер. Бірлігі берекелі,тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ.Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде болашақта жетеміз.
Оқушылардың жазғандарын тыңдап, олардың жасалу жолдарын түсіндіру Оқушылардың сөйлемдеріне қарай, кімнің қаншалықты тақырыпты білетіндігі байқалады
Мағынаны тану 3 минут «Ой қозғар» әдісі (интерактивті тақтадағы ой қазығы етіп алған пікірлерді оқу)
Етістіктің шақ категориясы туралы оқушылар өз білетіндерін, ойларын ортаға салады.
Сұрақтар дайындау
5 минут
Етістіктің шақ категориясы - іс -әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Оқулықпен жұмыс. ІNSERT әдісі.
осы шақ
өткен шақ
келер шақ туралы оқу. (дәптерлеріне жазып отыру, түртіп алу.) Шартты белгілермен жұмыс. «v»- білемін, «+» - жаңалық, «-»- білмеймін, «?»- толығырақ білгісі келеді.
3 минут видеоролик көрсету Видеоролик көру арқылы оқушылар мысалдар келтіріп, етістіктің 3 шақ категориясының қалай жасалатындығын түсінеді.
10 минут
Мұғалім түсіндірмесі:
Оқушылардың ЖАДА-да жұмыс істеуі үшін мұғалім "көпіршенің"қызметін атқарады.
Оқушыларға өтілген тақырыптарды еске салу мақсатында аздаған түсініктемелер беріп, оларды бағыттап отырамын.Өздерінің жұмыс жасауына ықпал жасаймын. Әр топқа тапсырма беріледі. Әр топ тақырыпты қорытындылауға "Фишбоун" әдісін қолданады.Топ мүшелері "Балық қаңқасының" басына - сабақтың тақырыбын (осы шақ, өткен шақ, келер шақ) ережесін жазып түсіндіреді, ортасына - шақ категориясының жасалу жолдарын көрсетеді, яғни жалғау, жұрнақ; соңына - мысалдар келтіріп, сөйлемдермен дәлелдеме береді.
Оқушылар жұрнақтарды орынды пайдалана отырып, етістіктің шақ категориясының жасалу жолын есте сақтайды, сөйлемдер құрай біледі, мағынасын түсінеді және ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс пайдалана алады.
5 минут Дәптермен жұмыс:
Осы шақ, өткен шақ, келер шақ категорияларының жасалу жолдарын есте сақтау, ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдану, сыни ойлау дағдыларын жетілдіру мақсатында мақал-мәтел жарысын ұйымдастыру.
Жұмыстың бұл түрін орындағанда, оқушыларда тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары қалыптасады. Әр топқа етістіктің шақтарына байланысты мақал-мәтелдер жазу беріледі.Мақал-мәтелдер жазып болған соң, топ арасында бағаланады. Содан соң критерийлер ұсынылады. Критерийлер бойынша қайта бағаланады.
Мысалы: "Ерді намыс өлтірер,
Қоянды қамыс өлтірер"(келер шақта )
Білгенім - бір тоғыз. білмегенім - тоқсан тоғыз (өткен шақ)
4 минут
"Бас қатырғыш" әдісі арқылы оқушылардың ойлау деңгейін, тапқырлығын тексеру.
Әр оқушыға, яғни 20 оқушыға 20 түрлі нұсқа олардың жас ерекшелігін, білім деңгейлерін ескере отырып жасалынған кестелер таратылып беріледі.
Жұмыстың бұл түрін орындауда оқушылардың жекелеген жұмыс түрін орындаудағы тапқырлығы мен білімділігін байқауға болады. Төмендегі етістіктерді дұрыс құрап, 3 шақта кестелерге толтырып шық
лек, ерб, қыо,аржыт
Етістік Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
көр көріп отырмын көрдім көрер
аты-жөні:_______________________________
Ой толғау 3 минут
Кері байланыс. Жаңа сабақты талдау
Бағалау (формативті және суммативті)
1. "Алма ағашы"
2. Сауалнама
Үйге тапсырма "Өткенге өкінбеймін, бүгінгі күніме - қанағат, келешекке - үміт" эссе жаздырту. Ережені түсініп оқу және етістіктің шақтарына байланысты қайталау, талдау, түсіну, эссе жазу барысында 3 шақтағы етістік түрлерін қолдану.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.