Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ежелгі қалалар -

Ежелгі қалалар

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1975 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: Ежелгі қалалар
Мақсаты: Көне қалалар туралы білімдерін кеңейту, өз бетінше ізденіп оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.
Көрнекілік: бейнеролик, афоризмдер
Әдістер: іздендіру, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары, топтық жұмыс
Сабақ барысы.
1. Ұйымд.кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар
3. Қызығушылық ояту.
А)кілтті сөздер: ежелгі, ұстазы, Әл-Фараби, ғимарат.
4. Сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау.
Ұраны: Адам мақсатына, ең алдымен, өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
Ал, балалар, бүгін біз Көне Отырар туралы ақпарат аламыз.
Ал, қалай ойлайсыңдар, не себепті Отырарды тарихи , ежелгі қала деп санайды?
Жауаптар:Отырар тағдыры- халқымыздың тағдыры, тарихы.
Иә, ол -біздің тарихымыз
Неге біз тарихымызды білуіміз керек?
М. Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін, мәдениетін білмейтін адам толық мәнді интеллигент бола алмайды»
Өзін-өзі білген ер-бақытты,
Өзін-өзі билеген ел- бақытты.
Ал онда біз өткен күнімізге көз жүгіртейік.

4. Сөздік: басы бүтін қалған құрылыс, білімпаз, қолөнерімен айналысқан, көрікті қала,саяси, мәдени, ғимарат, адам тағдырын болжайтын көріпкел.
5. Мәтінді Инсерт стратегиясы арқылы түсініп оқу. (топтық жұмыс)
6. Бейнеролик. «Арыстанбаб»
7. «Шын немесе жалған» ойыны.
Отырар халқы қолөнерімен айналысқан.
Отырарда Арыстанбаб ғимараты бар.
Бұл қала Қазақстанның солтүстік аймағында орналасқан.
Арыстанбаб- Әл Фарабидің ұсатзы.
Отырарда Ахмет Байтұрсынов туған.
Қазір бұл қалада әдемі ғимраттар көп.
Ахмет Иасауи кесенесі Отырар қаласында салынған.
Отырарда мешіт, монша, медресе болған.
8. Деңгейлік тапсырмалар:
1. Мәтіннен күрделі зат есiмдерді теріп жаз.
2. Сұрақтар құрастыру

3. Сөздердің синонимдерін тап..
9. Дәлелде: «Қазақстан жері, қазақ елі өте керемет» ұғымды дәлелде.
Қай топта дәлел көп болса, сол үздік болады.
10. Болжам жаса: Егер Отырар қазір болса, болашағы қандай болар еді?
11. Үйге тапсырма: Рафт ПОПС
Екі жұлдыз, бір тілек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.