.
.
9«Г» «Д» Әдебиет Ежелгі дәуір әдебиеті
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 439 | Просмотров: 10169 | Размер: 177.1 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мерзімі: 22.11.2011
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті
Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік: Қазақ ұлтының әдеби мұрасы Орхон-Енесей жырларының тақырыбы мен идеясын түсіндіру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
-Балалар бүгін қыркүйектің нешесі?
-7 саны жайлы не білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады.Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.
ІV. Cабақты меңгерту
Алып Ер Тұңға жырын оқу
V. Сабақты қорытындылау. VІ. Үйге тапсырма беру.
Үзінді жаттау
VІІ. Бағалау.
8«Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 11.09.2010
Сабақтың тақырыбы: Орхон – Енесей жазулары
Сабақтың мақсаты.
2. Білімділік: Қазақ ұлтының әдеби мұрасы Орхон-Енесей жырларының тақырыбы мен идеясын түсіндіру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К.Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді.Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді.Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады..
ІV. Cабақты меңгерту
Күлтегін мәнерлеп оқу
V. Сабақты қорытындылау. VІ. Үйге тапсырма беру.
Үзінді жаттау
VІІ. Бағалау.
Сабақтың мерзімі: 13.09.2011 9«Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларға Қорқыттың өмірі мен творчествосын таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен "жарық жүзді сұлудан" туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі.Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды."Қорқыт ата кітабы" — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет,мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы.Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлеріңде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың кұралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа — қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т.б. түркі халықтарының арасында сақталған.
ІV. Cабақты меңгерту
Сатылай комплексті талдау
Туған жылы
Туған жері
Күйлері
Жырлары
Қайтыс болған уақыты
V. Сабақты қорытындылау.
Ой толғау «Қорқыт ата өлімнен қашып құтыла алды ма?
VІ. Үйге тапсырма беру .
Мазмұнын айту
VІІ. Бағалау.
Сабақтың мерзімі: 18.09.2010 8«Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Оғыз қаған жыры
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды Қорқыттың Оғыз қаған жырымен таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Қорқыт ата кітабы мазмұнын айту
Сұрақтарға жауап беру
-Қорқыт кім?
- Оны неліктен күйші дейміз?
- Қорқыт ата кітабы қай жерде сақтаулы?
- Қорқыт ата кітабында нелер жазылған?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
Оғыз қаған жырының мазмұнын баяндау.
ІV. Cабақты меңгерту
Үзінді оқыту
V. Сабақты қорытындылау.
Оғыз қаған жырының батырлар жырынан айырмашылығы мен ұқсастығын табыңдар
VІ. Үйге тапсырма беру .
Мазмұнын айту
VІІ. Бағалау.
Сабақтың мерзімі: 21 ;22.09.2010 8«Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Оғыз қаған жыры
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды Қорқыттың Оғыз қаған жырымен ерекшеліктерін,идеясын түсіндіру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Оғыз қаған жыры мазмұнын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
Оғыз қаған жырының тілдік ерекшеліктеріне тоқталу
ІV. Cабақты меңгерту
Карточкамен жұмыс
Оқушыларға Қорқыт ата кітабы және оғыз қаған жыры бойынша жасалған карточкаларды таратып беру
V. Сабақты қорытындылау.
Қорқыт атаның нақыл сөздерін жаздыру
VІ. Үйге тапсырма беру
Нақыл сөздерді жаттап келу
VІІ. Бағалау.
Сабақтың мерзімі: 28.09.2010 8«Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Ислам дәуіріндегі әдебиет
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілдерімен таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Жатау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (Х-ХІІ ғ.) деп аталатын тарихи кезеңді түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы қайта өркендеу дәуірі деуге болады. Әл-Фарабидің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік(«Түркі сөздерінің жинағы»), Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі, Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі («Ақыл кітабы), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабы» және т.б. осы дәуірдің зор жетістігі болып табылады. Бұл туындылар орта ғасырдағы түркі жазба әдебиетінің өркендеп, ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосты.
ІV. Cабақты меңгерту
Үзінді оқыту
V. Сабақты қорытындылау.
Неліктен ислам дәуіріндегі әдебиет деп аталады?
Ислам дәуіріндегі әдебиеттің көрнекті өкілдерін ата
VІ. Үйге тапсырма беру .
Мазмұнын айту
VІІ. Бағалау.
Сабақтың мерзімі: 02.10.2010 8«Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Әл-Фараби өлеңдері
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Әл –Фарабидің шығармашылығын таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Жатау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
Әбу Насыр әл- Фараби(Мухаммед ибн Мұхаммед ибн Узлае Тархани )(870-950) Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұзтазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым. Алғашқы білімді қыпшақ тілінде Отырарда алады. Бағдатта араб тілін үйренеді. Самарра Харрандар да ірі ғалымдармен кездесіп, білімін ұштайды. Түркі, парсы, араб тілдерін де сөйлей де, жаза да білген. Грек, латын, санскрит тілдерін игерген. Бүгінгі ұрпаққа Әбу Насыр әл-Фарабидің 50 шақты еңбегі жеткен. “Алмагеске түсініктеме”, “Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері”, “Астрология”, “Китаб әл- мусика әл-кабир” және тағы басқа еңбектері ғылымның сеңгірін көрсететін аса ірі туындылар. Әбу насыр әл-Фарабидің еңбектері ғылымның барлық саласын қамтиды. Оның аясы кең.
ІV. Cабақты меңгерту
Өлеңдерін мәнерлеп оқу
V. Сабақты қорытындылау.
Туған жылы
Туған жері
Еңбектері
Меңгерген тілдері
Қайтыс болған жылы
VІ. Үйге тапсырма беру .
Жаттау
VІІ. Бағалау.
Сабақтың мерзімі: 27.09.2011 8«Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Әл-Фарабидің лирикалық өлеңдері

«Екінші ұстаз» шағын шығарма жазу
VІ. Үйге тапсырма беру Жаттау
VІІ. Бағалау.
Сабақтың мерзімі: 04.10.2011 8 «Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иассауи хикметтері
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды Ахмет Иассауи шығармашылығын таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасуОқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау Жаттау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған.
ІV. Cабақты меңгерту
Өлеңдерін мәнерлеп оқу өлең құрылысына талдау
V. Сабақты қорытындылау.
VІ. Үйге тапсырма беру Жаттау
VІІ. Бағалау.
8«Д»
Сабақтың мерзімі: 01 .03.2012 2 сағат
Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Ана-өмір шуағы»
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін тексеру
2.Дамытушылық: Таза ,сауатты жазуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі: бақылау сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
Шығарма жазу алгоритмі
1. Тақырыбыңа байланысты материалды алдын-ала дайында,оларды сұрыптап қажет дегенін ал
2. Эпиграф таңдап ал,ол тақырып пен идеяны ашуға сәйкес алынсын
3. жоспар тақырыбына лайық нақты болып жасалсын
4. Ойдың , пікірлердің жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта
5. Тақырыптан ауытқыма
6. Қосымша материалды пайдаланғанда автордың аты кітаптың аты беті нақты жазылсын
7. Негізгі бөлім толық әрі дәлелді келуімен қатар шығарманың ең басты пікірлері осында келетінін ескер
8. Қорытынды негізгі ойдың төңірегінде жазылсын
9. сөйлемдер тиянақты,ойлы болсын
10. Әдемі айшықты сөздерді пайдалан бұл шығарма сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет
11. Қате жібермей жазуға дағдылан, емлелік сөздіктер жаныңда болсын шығарма үшін ең басты мәселе - сауаттылық
12. Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой
8-сынып 2-3 бет шығырма
VІІ. Бағалау.
8«Д»
Сабақтың мерзімі: 13 .10.2011
Сабақтың тақырыбы: Шығарма Ежелгі дәуір әдебиеті

Сабақтың мерзімі: 06.10.2011 8 «Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұни
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Жүсіп Баласағұнидің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Жатау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
. . 9-13 ғ.ғ. (840-1212) Қарахандар дәулетінің дәуірлеген тұсы. Өмірі
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн өмірі туралы там-тұм деректерді негізінен шығарма мәтінінен табамыз. Қарахандар мемлектінің Баласағұн("Тауарих хамса": "Бала"-көрікті қашалған тас, "сағұн"-қала деген монғол сөзі) шаһарында 1015-1016 жылдары дүниеге келген.
"Құтты білік". 1069 жылы жазылған. Дастанды Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтайды. Еңбекті Бограханға (Табғаш Қара Богра хан, Қарахан мемлекетінң қожасы) тарту етеді. Бұған разы болған Бограхан Хас Хажип атағы, береді (патша сарайындағы қызметкерлердің басшысы).
Онда әлеуметтік, саяси, мораль, этика, адамгершілік мәселелері қамтылған. Бұл дастан-мемлекет басқару әдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтыған, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды. Дидактикалық сарында жазылып, уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын бұл дастанда қарапайым халықтан бастап, Бограханға дейінгі түрлі дәрежедегі әеулеттік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормалары қандай болу керек, олардың әрқайсысының қоғамның алатын орны қалай болу тиіс екені баяндалады
ІV. Cабақты меңгерту
Өлеңдерін мәнерлеп оқу
V. Сабақты қорытындылау.
Құтты білім кейіпкерлерін ата
VІ. Үйге тапсырма беру .
Жаттау
VІІ. Бағалау.
Сабақтың мерзімі: 18.10.2011 8 «Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Махмұт Қашқари өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Махмұт Қашқаридің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Оқушыларды түгелдеу Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Жатау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
Ортағасырлық Шығыстың ас ірі ойшылдары Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашғари болды. Ол екеуінің де шыққан тегі түркілер еді. Сондықтан олар түркі халықтарының тарихын, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеуге баға жетпес үлес қосты.
Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) – түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері – қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барысханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты-жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.
Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.
Махмұд Қашқари – түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады, мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде со білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!»…
«Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!».
Білік-білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білік біліп – төрден орын аларсың, Білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік-түпсіз, шетсіз-шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңі
ІV. Cабақты меңгерту
Махмұт қашқари шығармаларынан үзінді Үзінді жайлы менің пікірім
• Бір шумақ өлеңін құрлысына талда
№ Өлең жолдары буын бунақ ұйқас
V. Сабақты қорытындылау.
Мақал-мәтелдерін мәнерлеп оқыту
VІ. Үйге тапсырма беру .
Жаттау VІІ. Бағалау.
Сабақтың мерзімі: 30.10.2010 8«Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Махмұт Қашқари өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Махмұт Қашқаридің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Оқушыларды түгелдеу Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Жатау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
V. Сабақты қорытындылау.
Туған жылы
Туған жері
Еңбектері
Меңгерген тілдері
Қайтыс болған жылы
Махмұт қашқари шығармаларынан үзінді Үзінді жайлы менің пікірім
ІV. Cабақты меңгерту
• Бір шумақ өлеңін құрлысына талда
№ Өлең жолдары буын бунақ ұйқас
V. Сабақты қорытындылау.
Мақал-мәтелдерін мәнерлеп оқыту
VІ. Үйге тапсырма беру .
Жаттау VІІ. Бағалау.
8«Д»
Сабақтың мерзімі: 03.11.2011
Сабақтың тақырыбы: Сынақ
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін тексеру
2.Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыру Білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі: бақылау сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
Сынақ сұрақтарына қысқаша түсінік беріп өту.
1 нұсқа
1.Әл- Фарабидің өмірі мен шығармашылығы
2. Сараидің әңгімелерінің тақырыбы мен идеясы
3. Жүсіп Баласағұнидің бір өлеңін құрылысына талдау
2нұсқа
1.Ахмет Йасауидің өмірі мен шығармашылығы
2.Рабғузидің қисаларының тақырыбы мен идеясы
3. Жүсіп Баласағұнидің бір өлеңін құрылысына талдау
VІІ. Бағалау.
8«Д»
Сабақтың мерзімі: 15.03.2012
Сабақтың тақырыбы: Сынақ Тест
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін тексеру
2.Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыру Білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі: бақылау сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту
Сынақ сұрақтарына қысқаша түсінік беріп өту.
1 нұсқа
1.М Жұмабаев шығармышылығы мен өмірі
2. «Қараш-қараш оқиғасы» тақырыбы мен идеясы
3.Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы?
4.Түркістан поэмасы
2нұсқа
1.Міржақып Дулатов Шығармалары мен өмірі
2.» Күй аңызы» тақырыбы мен идеясы
3. Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы
4. Аққулар ұйықтағанда поэмасы
VІІ. Бағалау.
8 «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 20.11.2011
Сабақтың тақырыбы: Рағузи өмірі мен шығармашылығы «Лұқман –Хәкім»
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Рабғузидің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Жатау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
XІV ғасырдың басында өмір сүрген Насреддин Рабғузи туралы деректер өте аз.Ал оның жазған кітабы«Қисса-сүл әнбийя» - Алтын орда мемлекеті тұсында дүниеге келген діни тақырыптағы соқталы дүниелердің бірі.
Аталған жәдігер дүниедегі аңыз-әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған автор - Рабғузи. Бұл бүркеншік ат- «Рабат оғызы» деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Автордың шын есімі- Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Автор тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі. Автор бұл шығармасын көне түрік тілінде жазғандықтан, оны оқып, ондағы қиссалармен танысу сол кездегі түрік тектес тайпалардың ешқайсысына да ауыр болмаған көрінеді. Қисса قصّه деп араб тілінде бір - біріне жалғаса беретін әңгімелерді меңзейді . Бұл сөздін ағылшын баламасы - story , history болып , қазақшысы тарих . «Қисса-сүл әнбийя» - негізінен пайғамбарлар мен әулие-әнбилер өмірі жайлы, сондай-ақ олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық шығарма.
ІV. Cабақты меңгерту
Қиссаларын оқып танысу
V. Сабақты қорытындылау.
Қазақ ертегілерімен салыстыру
VІ. Үйге тапсырма беру .
Мазмұндау
VІІ. Бағалау
8 «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 25.10.2011
Сабақтың тақырыбы: Сәйф- Сараи өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Сараидің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау
Жатау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
Түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат-түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
ІV. Cабақты меңгерту
Түрікше Гүлстан оқып танысу
V. Сабақты қорытындылау.
Қазақ ертегілерімен салыстыру
VІ. Үйге тапсырма беру .
Мазмұндау
VІІ. Бағалау
8 «Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 20.11.2010
Сабақтың тақырыбы:ХІХ ғасыр әдебиеті Махамбет Өтемісұлы
Сабақтың мақсаты1.Білімділік: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен творчествосынмен таныстыру
2.Дамытушылық: ақынның шығармашылығындағы өмір шындығын ұғындыру 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлы Бекетай елді мекенінде ( Бөкей ордасы, Орал облысы, Жәнібек ауданы ) 1803 жылы дүниеге келді.Жастайынан өмірінің рухани – поэтикалық шежіресі, қындық өнерге құмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз құбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.
Махамбет – бұхара халықты патша өкіметіне , оның жергілікті өкілдері хан сұлтандарға қарсы ұйымдасқан түрде қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Махамбет «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін аяусыз шенеп, бет-пердесін жыртса, «Мұнар күн» жырында ел басына орнаған ауыртпалықты ашына айтты. Махамбет шығармалары - өз дәуіріндегі еңбекші бұхара шаруалар қозғалысының шындық бейнесі. 1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған «енді қайтып бүлікке қатысушы болма» деген ескерту жасап, босатады. Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті асқан опасыздықпен өлтіреді а
ІV. Cабақты меңгерту.
Неліктен Зар заман аталған?
Ақын өлеңдеріндегі басты идея не?
Неліктен Махамбет өлеңдерін көтеріліс айнасы дейміз?
Ереуіл атқа ер салмай мәнерлеп оқу
V. Сабақты қорытындылау.
Туған жылы
Туған жері
Еңбектері
Қайтыс болған жылы
VІ. Үйге тапсырма беру
Өмірі жайлы деректер жинақтап келу
Ереуіл атқа ер салмай жаттау
VІІ. Бағалау.
8 «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 17.11.2011
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы өлеңдері
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің идеясы мен тақырыбын ашу
2.Дамытушылық: ақынның шығармашылығындағы өмір шындығын ұғындыру 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Ереуіл атқа ер салмай жатқа сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Өткен сабағымызда айтып өткендей Махамбеттің серігі көтеріліс басшысы Исатай қайтыс болғаннан кейін Махамбет елден қуылып жер айдалып қуғын-сүргінге ұшырайды . Ақын өмірінің осы кезеңінде жазылған шығармаларынан оның өкінішін торығуын күдігін жалғыздығын сеземіз
ІV. Cабақты меңгерту.
Өлеңдерін мәнерлеп оқу
Метафора теңеу тапқызу
V. Сабақты қорытындылау.
Махамбет Өтемісұлы
шығармаларынан үзінді Үзінді жайлы менің пікірім
VІ. Үйге тапсырма беру
Жалғыздық жаттап келу
VІІ. Бағалау.
8 «Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 27.11.2010
Сабақтың тақырыбы: Мен- құстан туған құмаймын
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Махамбет Өтемісұлының өлеңімен таныстыру
2.Дамытушылық: ақынның шығармашылығындағы өмір шындығын ұғындыру 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Жаттау
Жалғыздық
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Мен- құстан туған құмаймын
Өлеңінің идеясын ұғындыру
Метафора............
Эпитет..............
Теңеулер.......
ІV. Cабақты меңгерту.
№ Өлең жолдары буын бунақ ұйқас
V. Сабақты қорытындылау.
Туған жылы
Туған жері
Еңбектері
Қайтыс болған жылы
VІ. Үйге тапсырма беру
Өмірі жайлы деректер жинақтап келу
Мен- құстан туған құмаймын жаттау
VІІ. Бағалау.
8 «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 22.11 .2011
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы Зар заман
Сабақтың мақсаты1.Білімділік: Шортанбай Қанайұлының өмірі мен творчествосынмен таныстыру
2.Дамытушылық: ақынның шығармашылығындағы өмір шындығын ұғындыру 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Мен -құстан туған құмаймын жаттау
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстыру
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.
Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.
Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.
Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.
Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.
Одан кейін Аюлы-Ақсу бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.
Шортанбай шығармалары өткен ғасырдың соңғы ширегінде кейбір жинақтарда баспа бетін көре бастады. 18882 жылдардан бастап, өлең, толғаулары жинақталып, бөлек кітап көлемінде жарық көреді. Көрсетілген жинақтарға ақынның "Тар заман", "Опасыз жалған", "Байды құдай атқаны", "Атамыз Адам пайғамбар", "Өсиет – насихат сөздер", "Айттым сәлем", "Асан қожаға" т.б. енген.
ІV. Cабақты меңгерту.
Неліктен Зар заман аталған?
Ақын өлеңдеріндегі басты идея не?
V. Сабақты қорытындылау.
Туған жылы
Туған жері
Еңбектері
Қайтыс болған жылы
VІ. Үйге тапсырма беру
Өмірі жайлы деректер жинақтап келу
VІІ. Бағалау.
8 «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 24.11.2011
Сабақтың тақырыбы: Майлықожа Сұлтанқожаұлы Толғау
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен творчествосынмен таныстыру
2.Дамытушылық: ақынның шығармашылығындағы өмір шындығын ұғындыру 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
Майлықожа - Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы туып, алпыс жасқа келгенде, 1898 жылы Арыс ауданында дүние салған. Әкесі Сұлтанқожадан он төрт жасында жетім қалып, Майлықожа жоқшылық - мұқтаждықты көп көреді. Бірақ талапты жас өлең өнерін ерте машық ете бастайды.
Бай адамның қызы Ханапаны Майлықожа алып қашады да, кейінірек өз еліне тұрақтай алмай Бұхара жаққа өтіп кетеді. Майлықожа – араб, парсы, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен қазақтың фольклорымен, жыраулық поэзиясымен жете таныс, білімдар ақын.
Шығармаларының жанрлық түрлері: толғау-термелер, арнау өлеңдер, мысал өлеңдер, айтыстар.
Толғау-термелеріндегі философиялық ғибыратты ойлар:
- адамзатты биіктікке, парасатшылыққа үндеу: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»;- жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: «Ілімге толсын көкірек», «Дүниеге мейман көңілім», «Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет»;
- фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі: «Ажал бір келмес болсайшы», «Не жүйрік өтті дүниеден», «Дүние», т.б.
Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу: «Ескі мырза, манаптар бегі, салы», «Алдабарген байға», т.б.
Мысал өлеңдерінде бернелеу /аллегория/ арқылы адамзат өмірінің қайшылықты сырларын бейнелеуі: «Тотықұс», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Бұлбұл».
Майлықожа – табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақ ауылының тұрмысымен байланыстыра жырлаушы: «Жылдың төрт мезгілі».
Айтыстары «Майлықожа мен Айман», «Майлықожа мен Гүлханым». Ақын шығармаларының көркемдігі мен бейнелелегі.
ІV. Cабақты меңгерту.
Толғауын мәнерлеп оқу өлең құрылысына талдау
№ Өлең жолдары буын бунақ ұйқас
V. Сабақты қорытындылау.
Туған жылы
Туған жері
Еңбектері
Қайтыс болған жылы
VІ. Үйге тапсырма беру
Жаттау VІІ. Бағалау.
8 «Г» «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 07.12.2010 08.12.2010
Сабақтың тақырыбы: : А. Құнанбаев «Өлең сөздің патшасы»
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: А. Құнанбаев өмірі мен творчествосын таныстыру «Өлең сөздің патшасы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру
2.Дамытушылық: мәнерлеп оқуға дағдыландыру
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
ІІІ. Жаңа сабақ
Дана ақын - Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере. Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл-Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған. Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды.. 1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба , "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін жаздыҰлтымыздың ұлы перзенті — хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздері Өз заманынан оза туған акынның терең ойлары мен асыл сөздері келешек замандарда гауһардай жарқырап, көзі ашық, көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.
ІV. Cабақты меңгерту.
А. Құнанбаев « Өлең сөздің патшасы»
өлеңді құрылысына талдау
Сөздікпен жұмыс.
Ебін- ыңғайын
Ынсап- қанағат
V. Сабақты қорытындылау
Абай кім? топтастыру
«Абай десе, мен үшін қазақ дегендей болады» пікірдің авторы кім?
VІ.Үйге тапсырма
Жаттау
VІІ. Бағалау
8 «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 01.12.2011
Сабақтың тақырыбы: : А. Құнанбаев «Әбдірахман өлігенде»
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: «Әбдірахман өлгенде»өлеңінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру
2.Дамытушылық: мәнерлеп оқуға дағдыландыру өлең құрылысына талдауға үйрету
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы жатқа сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Оқулықта берілген үш өлеңді оқып шығып ақынның баласына деген махаббатын қалай суреттелгенін салыстыру
Әбдірахман қандай болғанын өлеңнің ішінен тауып оқу
әбдірахманға шағын мінездеме жазу
ІV. Cабақты меңгерту.
А. Құнанбаев «Әбдірахман өлгенде»
өлеңді құрылысына талдау
Сөздікпен жұмыс.
Сідет- міндет
Тәбділ -өзгеру
Тағылым-үлгі
Бенде - адам
V. Сабақты қорытындылау
Абай кім? топтастыру
VІ.Үйге тапсырма
Жаттау
VІІ. Бағалау
8 «Д» Әдебиет
Сабақтың мерзімі: 06.12.2011
Сабақтың тақырыбы: : А. Құнанбаев «Адамның кейбір кездері»
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: «Адамның кейбір кездері»өлеңінің тақырыбы мен идеясын ұғындыру
2.Дамытушылық: мәнерлеп оқуға дағдыландыру өлең құрылысына талдауға үйрету
3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, карточкалар т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу Түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Әбдірахман өлгенде жатқа сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
Абай өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктеріне тақталу
Ызалы жүрек,долы қол
Улы сия, ащы тіл
Деген өлең жолдарында эпитет сөздердің мағыналарын ашу
ІV. Cабақты меңгерту.
А. Құнанбаев «Адамның кейбір кездері»
өлеңді құрылысына талдау
Сөздікпен жұмыс.
Сідет- міндет
Тәбділ -өзгеру
Тағылым-үлгі
Бенде - адам
V. Сабақты қорытындылау
Абай кім? топтастыру
VІ.Үйге тапсырма
Жаттау
VІІ. Бағалау
8 «Д»
Сабақтың мерзімі: 08.12.2011
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қарасөздері
Сабақтың мақсаты: Абайдың қарасөздерін өлеңдерімен салыстыра отырып түсінеді.
Міндеттер:
*Мазмұнға байланысты міндеттер:
* Қарасөздердің мазмұнын ашады.
* Қарасөздерді өлеңдерімен салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады .
* Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты міндет:
* Қарасөздерді оқып, негізгі ойды табады.
* Мазмұнын ашып, айтып бере алады.
* Өлеңдерімен салыстырып, қорытынды жасай алады.
* Топтық жұмыс процесіне байланысты міндет:
* Бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін
көрсете алады, өлеңмен салыстырады, қорытынды шығарады.
Сабақтың барысы:
• Қызығушылықты ояту
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
1.Абай өміріне байланысты сөзжұмбақпен жұмыс.
2.Топтастыру .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.