Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Фараби туралы баллада»  Ө.Тұрманжанов -

«Фараби туралы баллада» Ө.Тұрманжанов

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 12273 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Тақырыбы: «Фараби туралы баллада» Ө.Тұрманжанов
Мақсаты: 1. Ө. Тұрманжановтың «Фараби туралы баллада» шығармасымен таныстыру. 2. Оқушыларға Фарабидің ғылым жолындағы еңбегін үлгі ету. 3.Ғылым мен білімге жету үшін аянбай еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау – жинақтау, фонологиялық талдау, ой қозғау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
5 болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер,білім көп оқып
Өсе берсін санамыз
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
«Менің балалық шағым» тақырыбына құрылған әңгімелерін тексеру. «Өнегелілік туралы», «Ерте есейген бала» әңгімелерінің мазмұнын сұрау.
ІІI Жаңа сабақ
Автор туралы мағлұмат беру.
Өтебай Тұрманжанов (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылында туылған. – 1978, Алматы). Ө.Тұрманжанов – қырыққа жуық кітаптың авторы. Ол балаларға арнап көптеген шығармалар жазған
«Қара көже», «Бәрі жақсы өнердің», «Ертегілер».
ІҮ Оқулықпен жұмыс:
а) Фараби туралы баллада шығармасын оқушыларға оқып түсіндіру.
ә) Өлеңді оқушылар іштей оқиды, тізбектей мәнерлеп оқиды.
Сұрақ-жауап:
1. Фараби кім?
2. Ол қандай ұлттан шыққан?
3. Мектепте қалай оқыған, кімнен дәріс алған?
4. Қандай жерлерде білім алған?
Ү Дәптермен жұмыс
Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.
1-топ Фарабиды сипаттап жазу
2-топ Фарабидың мектепте оқыған кездері
3-топ Ғалым Фараби тақырыптары бойынша оқушылар ойларын дәптерге түсіреді
ҮІ Қорытындылау.
Әл Фараби сөзіне топтастыру




ҮІІ Үйге тапсырма:
Фараби туралы баллада өлеңін мазмұндау
ҮІІI Оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.