Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Фонетикадан сабақтар топтамасы -

Фонетикадан сабақтар топтамасы

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 456 | Просмотров: 5151 | Размер: 545.8 Kb | Автор: Тәрбие
. Павлодар облыстық педагог мамандар
біліктілігін арттыру институты

Қазақ тілі

Фонетикадан сабақтар топтамасы
5 сынып

Құрастырушы:
Малайсары жалпы орта білім беру
мектебінің қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Г.Р.Ибраева

Рецензент:
Павлодар облыстық педагог мамандар біліктілігін арттыру институтының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің
әдіскері А.Қ.Даирова

Павлодар, 2009 жыл

Алғы сөз

Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады.
Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілінің оқытудың мақсаты- ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін жүйелі меңгерген, коммуникативтік біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу. Әрбір тілдік бөлшектердің жалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті іскерлік-дағдыларын қалыптастыру осы мақсаттың бір ғана міндеті. Осы міндетті жүзеге асырудың негізгі құралы - жүйелі, белгілі бір мақсат пен әдіс-тәсілдерге негізделген сабақ.
Бұл сабақ жоспарларының топтамасы оқушыларға білім берудің тиімді жолдарын жас мамандарға көмекші құрал ретінде жасалды.
5 –сыныпта «Фонетика» саласын оқып, зерделеуге 28 сағат берілген. Ал топтамада
8 тақырып бойынша сабақ жоспарлары берілді.

Тіл дыбыстары

Сабақтың мақсаты: Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы жапы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Орындаталатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 230-жаттығу. Берілген шартын толық орындау.
ІІІ.Жаңа сабақ: Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.
Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.

Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)
Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика-тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала.

Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:
Бас, тас, жас, қас, нас
Ескек, кек, ек
Қал- лақ, түс- сүт, кел- лек
Интерактивті тақта арқылы кестелерді пайдалана отырып, оқушылармен бірге жаңа сабақты меңгеру

Тіл дыбыстары кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту

Оқулықпен жұмыс
235-жаттығуды ауызша шарты бойынша орындау.

Тапсырма: Адасқан әріптерді орнына қой. Кім жылдам?
і, м, б, л, і ш, о, б, а, л, қ, а
к, р, е, м, т, е, е с, ұ, з, а, т
к, т, е, м, е, т, е а, л, а, д

ІҮ.Бекіту. Метаграмманы мәнерлеп оқып, көшіріп жаз.
Оңға қарай оқысаң да- бір халық.
Солға қарай оқысаң да –бір халық.
Бір буыным-құс,
Бір буыным-түс
(қазақ,қаз,ақ)

Ү.Рефлексия
Кестені толтыру
Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?


ҮІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.
2.Метаграммалар жазу
ҮІІ.Жұптар бір-бірін бағалайды.

Қазақ әліпбиі

Сабақтың білімділік мақсаты: Қазақ әліпбиінің құрамы мен ретін және тарихымен таныстыру
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Өз ойларын ұшқыр ұтымды жеткізу тілдерін дамыту
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: қазақ әліпбиінің тарихымен таныстыру арқылы өз тілінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,тарих.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың ұстанымдарымен таныстыру. Слайдта жазылып тұрады.
1.Уақытында бастау
2.Белсенді болу
3.Ашық болу
4.Сөзді бөлмеу
5.Бір –бірімізді құрметтеп сыйлау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Бір буынды сөздердің дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:
ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.
2.Метаграммалар жазу.

ІІІ.Жаңа сабақ:
Балалар, әліпби дегенді қалай түсінесіңдер, бастауыш сыныптарда өткендеріңді еске түсіріңдерші. Тақтаға жазғызу

Мұғалім сөзі: Әліпби араб алфавитінің алғашқы екі әрпі- «алиф» пен «би» атауларының бірігуінен жасалған. Әріптердің жүйелі тізбегі.
Қазақ әліпбиі тарихының хронологиясымен таныстыру
жылдары аталуы Авторы
1912 -1929 жылдар Араб әліпбиіне негізделген төте жазу Ахмет Байтұрсынов
1929 жыл Латын әліпбиі Түркі,қазақ зиялылары
1940 жылдан осы уақытқа дейін Орыс әліпбиі (кирилицца) Қазақ,орыс зиялылары

Тапсырма: Оқулықтағы ережені пайдаланып кластерді толтыру
(интербелсенді тақтаны пайдалану)

Тапсырма: Әріптерді әліпби ретімен жазу (Слайдтан өзін-өзі тексерту)

Тапсырма: 239- жаттығуды ауызша орындау. Ахмет Байтұрсынұлы туралы білетіндерін айтқызу.

Тапсырма: Жоғалған әріптерді қой. (Интербелсенді тақта арқылы орындалады)

Қ...за... ...азба м...ралар...ны... к...пш...лігі ара... ә...іпби... арқ...лы біздің ...ама...ымы...ға жет...і. 1912 жы...ы ...хмет Ба...тұр...ынов а...аб әліп...иін... н..гіз...елген қа...ақ жазуы...а ал...ғаш ре...орма жа...а...ы.

ІҮ.Бекіту. Мына сөздерді бас әріппен жазып, мағынасында қандай өзгеріс болғанын айтыңдар.
қанат, болат, берік, сәуле, әділ, бек, астана, тараз, раушан, райхан, алтын, күміс, самал,дидар.
Ү.Рефлексия
Мыны сандардың мәнісін айтыңдар (Слайдпен көрсетіледі)
42-
40-
2-
15-
26-
1912-
1929-
1940-
ҮІ.Үй тапсырмасы
1.239-жаттығуды шарты бойынша орындау
2.Басқа тілдердегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келу
ҮІІ.Бағалау
Әр оқушы өз-өзін бағалайды
Дауысты дыбыстар

Сабақтың мақсаты: дауысты дыбыстар туралы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру .
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, түгендеп, сабаққа даярлау. Екі топқа бөлу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. 239-жаттығуды шарты бойынша орындау
2.Басқа тілдердегі әліпбидегі әріптердің санын біліп келу (Сұрақ-жауап әдісі)

ІІІ.Жаңа сабақ:
1. топ Бастауыш сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай кестені толтыру

2 топ. Бастауыш сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже, Б.Ш. Кәтен- баева «Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау», М.Ә.Қараев «Қазақ тілі», Б.Қ.Қапасова «Оқушы анықтамасы» қосымша әдебиеттерден іздену арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай кестені толтырып, топтар бір-біріне түсіндіреді.

Тапсырма: 1 топ. Дауысты дыбыстан басталатын сыныптағы оқушылардың есімін дәптерлеріне жазу. Ол дыбыстарға сипаттама беру
Үлгі: Әлия - ә -дауысты дыбыс, жіңішке
2. топ. Дауысты дыбыстардан басталатын өзен-көлдердің аттарын жазыңдар. Ол дыбыстарға сипаттама беру.
Үлгі: Алакөл – а –дауысты дыбыс,жуан

Тапсырма:
1топ: «Мұғалім» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.
2 топ: «Жарлық» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.
Тапсырма: 2 топқа да
Бірыңғай дауыстылардан басталатын мақал-мәтелдер жазамыз. Қай топ, тез және көп мақал- мәтел жазып айтады.
Мысалы: Ырыс алды – ынтымақ.
ІҮ.Бекіту. Сұрақтарға жауап беру
1.Фонетика дегеніміз не?
2.Монофтонг дыбыстар қандай?
3.Дифтонг дыбыстарды ата
4.Дауысты дыбыстарды айтқанда ауа өкпеден қалай шығады?
5.Дауысты дыбыстардың саны қанша?
Ү. Үй тапсырмасы: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын өлең шумақтарын жазып келу.
ҮІ. Бағалау: топ басшылары бағалайды
Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Сабақтың мақсаты: дауысты дыбыстардың жүйеленуін меңгерту.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу, талдау дағдыларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Орындалатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Басқаның еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сыныпты үш топқа бөлу. Топтарға ат қою. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Топтардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын өлең шумақтарын жазып келу
ІІІ.Жаңа сабақ:
Тапсырма: өздігінен білім алу. Ол үшін топтарды оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдарымен қамтамасыз ету.
«Білімділер» тобы: жуан және жіңішке дауыстыларды;
«Талаптылар» тобы: ашық және қысаң дауыстыларды;
«Алғырлар» тобы: еріндік және езулік дауыстыларды өз беттерімен ізденіп, талдап, бір-біріне интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып түсіндіреді.
«Талаптылар» тобының кестесі

«Алғырлар» тобы
«Білімділер» тобы

Тапсырма: Оқулықтағы жаттығуларды шарты бойынша орындау.
«Білімділер» тобы: 248-жаттығу
« Талаптылар» тобы: 240- жаттығу
«Алғырлар» тобы: 246-жаттығу
Тапсырма:
«Білімділер» тобы: 12 дауысты дыбыстың әрқайсысына аяқталған сөз жазып шық, оған дауыссыздан басталатын жалғау жалғаңдар.
«Талаптылар» тобы: дауыстыдан басталып, дауысты дыбысқа аяқталатын 12 сөз жазыңдар.
«Алғырлар» тобы: Ә дыбысынан басталатын 10 сөз жазыңдар

ІҮ.Бекіту. Тапсырма: жылдамдықты және есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін барлық оқушыларға бір тапсырма
- дауысты дыбыстарды 12 секундта жаз
- ашық дауыстыларды 3 секундта жаз
- жіңішке дауыстылардың саны
- еріндік дауыстыларды 3 секундта жаз
- қысаң дауыстыларды 3 секундта жаз
- жуан дауыстыларды 3 секундта жаз
- езулік дауыстылардың саны

Ү.Рефлексия «Дауысты дыбыстар» тақырыбын сатылай кешенді талдау үлгісіне түсіру
Дауысты дыбыстар
1.Тілдің қатысына қарай: жуан,жіңішке

2.Жақтың қатысына қарай: ашық, қысаң
3.Еріннің қатысына қарай: еріндік,езулік

4.Жалпы саны: 12
ҮІ. Үй тапсырмасы: Оқулықтағы 104- беттегі тапсырмаларды шарты бойынша орындау
ҮІІ. Бағалау: Топ басшылары бағалайды.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

Сабақтың білімділік мақсаты:
бұрынғы өтілген материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау, сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;
Сабақтың дамытушылық мақсаты: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілет терін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: білім, білік дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқулықтағы 104- беттегі тапсырмаларды шарты бойынша орындау. Дауысты дыбыстардың жіктелуін сұрақ қою арқылы қайталау.
ІІІ.Жаңа сабақ: өздігінен білім алу. Ол үшін оқушылар оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдар мен бастауышта алған білімдерін ұштастырып кластер толтырады.

Тапсырма: 261- жаттығуды шарты бойынша орындау.Абай Құнанбаев жөнінде білімдерін еске түсіру.
Тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға таратылады.

Сөз Дауы-сты жуан жіңішке ашық қысаң Ерін-дік езулік дауыссыз Қа-таң ұяң үнді
О + + + +
Т + +
а + + + +
н + +

Тапсырма: 265-жаттығу. Төмендегі берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға сипаттама беріңдер.
Тапсырма: Ақыл, кітап, ойлы, ауыл сөздеріне фонетикалық талдау жасау.
Тапсырма: Тек қана бір дауыссыздан басталатын сөздерден сөйлем құрастыр.
Үлгі: Жанат жазда жаяу жылдам жүреді. Біз-бақытты баламыз.
Бекіту: Венн диаграммасын толтыру
ҮІ. Үй тапсырмасы. 273- жаттығуды шарты бойынша орындау. Тақырып бойынша сөзжұмбақ, ребус құрастыру.

ҮІІ.Бағалау.

№ Оқушының аты-жөні өзін-өзі бағалау Сынып бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға


Буын түрлері

Сабақтың мақсаты: Буын түрлері туралы білімдерін кеңейту.Буынға тән негізгі белгілерді ажырата алу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Буын түрлерін ажыртау дағдыларын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Ана тілін құрметтеуге,адамгершілікке тәрбиелу.
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың әдісі: сөз,дәлелдеу, талдау, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қазақ әдебиеті оқулығы.
Сабақтың ұйымдастыру формасы: жеке-дара, жұппен, топпен.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәттілік тілеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Жаңа достар» әңгімесінен бір, екі, үш, ең көп буынды сөздерді теріп жазып келу.

ІІІ. Жаңа сабақ: Өткен тақырыпты қайталау сұрақ жауап әдісі арқылы.
а/буын дегеніміз не?
ә/ қандай дыбыстар буын құрайды? т.б.
1. Интербелсенді тақтамен жұмыс: тақтада презентация арқылы Буын түрлерін ажыратып, жаңа сабақты өздігімен меңгеруге жағдай туғызамын.
Мына мысалдардың қайсысы ашық, бітеу, тұйық буын екендігін, не себепті олай екенін дәлелдетіп, ереже шығару.


2. 304- жаттығу орындау. Ауызша. Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқыңдар.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі зұлымдық.
(Абай)
Сөйлемдегі әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар.
Айбар- тек тұйық буынды сөздерді, Аспандияр - ашық буынды сөздерді, Ақгүл- бітеу буынды сөздерді тауып жазады.
3. Адасқан буындарды тауып, сөздер құрастыру:
Ға, тық, ба, кар, қы, ұ, қа, тан, дос, лет, шақ,тор, сұл, та, пыш, рыш.
(Ғарыш, достық, балет, ұшақ, сұлтан, пышқы, торқа, карта)
2. «Ғарыш» сөзіне фонологиялық және математикалық талдау жасау

ІҮ.Бекіту

1.305- жаттығуды орындау. Жазбаша. Сөйлемдердегі сөздерді буын түріне байланысты бағандарға бөліп жазу. Дәптерде және интербелсенді тақтада орындайды.

Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын Аралас буынды
А-на ең шарт А-дам,
ал-ды-мен

Мәтінен басқа тілден енген сөздерді табу: мектеп, әдебиет
Ү. Бақылау:Тест.
ҮІ. Рефлексия: Доп лақтыру стратегиясы. Доп лақтырып тұрып, бір-біріне тақырып бойынша сұрақ қою Мысалы:
Буынның неше түрі бар? /3/
Төл дыбыстардың саны қанша? /9/
Дауысты дыбыстардың саны қанша /12/ т.б.
ҮІІ. Бағалау: Топ басшысы бағалайды.
ҮІІІ.Үй тапсырмасы: Ереже. 302 –жаттығу. С.Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен тек ашық, тұйық, бітеу буынды сөздер теріп жазып келу.

Үндестік заңы. Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты: Сингорманизм заңының қазақ тілінің ерекшелігі екендігін, сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі туралы түсінік беру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
оқушылардың ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушыларды өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығу-шылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сөз, дәлелдеу, талдау, іздендіру.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қазақ әдебиеті оқулығы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: сәттілік тілеу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Ереже.
302 –жаттығу. С.Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен тек ашық, тұйық, бітеу буынды сөздер теріп жазып келу.
ІІІ.Жаңа сабақ:
Кесте арқылы жаңа сабақты меңгерту. Екі бағандағы сөздердің жазылуы мен айтылуын- дағы ерекшеліктер мен өзгерістерге назар аудартып, оқушыларға тұжырым жасату.

адамдар адамдер
үйлер үйлар
әкесі әкесы
жазда жазта
міндеттер міндетдер

Оқулықтағы ережеге назар аударту.
Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп айтамыз.

Сөздік жұмыс: Сингорманизм (грек. «бірге үндесу,үйлесу») – сөз ішіндегі дауыстылардың бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
Тақырып бойынша оқушылардың оқулықтан, қосымша әдебиеттер арқылы ізденіс, талдау жұмыстары жүргізіледі. Сызба, кесте арқылы оқушылардың ізденістері тыңдалады, талданады.
Мұғалім оқушы ізденістеріне қорытынды жасап, толықтырады.

Жаттығу жұмыстары.
314-жаттығу. Шарты бойынша орындау

Жуан буынды сөздер Жіңішке буынды сөздер Аралас буынды сөздер


317-жаттығу. Шарты бойынша орындау. Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. Мәтіннен буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді теріп жазу, себебін дәлелдеу.
Тапсырма. Интербелсенді тақта арқылы орындалады. Сөздердегі қосымшалардың адасқан дыбыстарын қою:

Тапсырма: Білімді, оқушылар, өнерпаз сөздеріне фонологиялық сатылай кешенді талдау жасау.
Өнерпаз

1.аралас буынды сөз.
2. Ө - нер - паз

а.б. б.б.
3.Бір жағдайда тасымалданады
өнер-
паз
4.Екпін - паз буынындағы - а дауысты
дыбысына түседі
5. Өнерпаз ( )
ІҮ.Бекіту: Төмендегі сөздерге сингорманизм заңына бағынбайтын қосымшаларды жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.
Сән, бал, саясат, өнер, арба, ем, жұмыс, әке, есім, қала, жол.
Ү.Үйге тапсырма: 320, 323, 324-жаттығулар.
2 сөзге фонологиялық талдау жасау.
ҮІ.Бағалау

Фонетикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты: фонетикадан өткен тілдік теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: өздері жасайтын сызбалар бойынша теориялық материалды дұрыс баяндау машығын қалыптастыру, фонетикалық талдау дағдыларын тұрақтандыру, ойлау, сөйлеу, тіл дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге қызығушылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: сөз, дәлелдеу, талдау, іздендіру, қайталау, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, сызбалар,кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сыныпты қима қағаздар арқылы 2 топқа бөлу. Топтарға ат қою. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Топтардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
320, 323, 324-жаттығулар. 2 сөзге фонология- лық талдау жасау.

ІІІ. Жаңа сабақ:
«Дауыстылар» мен «Дауыссыздар» тобы бүгінгі сабағымызды қайталауға қатысады.
Тапсырма: Екі топқа да Фонетика ғылымы нені зерттейді? Кесте арқылы беру

Тапсырма. Тақтаға топ басшылары шығып, үндестік, дыбыстар сөздеріне фонологиялық талдау жасайды. Қалғандары дәптерлеріне орындайды.
Тапсырма. Жұмбақтарды шешу арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.
1.Бір-бірімен сыбайлас.
Бірі айтылады да естіледі,
Екіншісі жазылады да көрінеді. (дыбыс, әріп)
2.Бір ағашта отыз жеті алма.
Оны алып жемек болсаң,
Он шақтысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді,
Қалғандары қақтығып барып өтеді.
(дауысты, дауыссыз дыбыстар)

3.Дыбыс емес таңба,
Оқылмайды, жазылады.
Бірақ сөзден табылады.
Ол қай әріп еді.
Ойлап көрші,есіңде бар ма? (ъ,ь)
Тапсырма:
«Дауыстылар» тобына:
1.тасымалдауға болмайтын 10 сөз жаз.
/10 секунд/
2.Тек ашық буыннан тұратын 10 сөз жаз.
«Дауыссыздар» тобына:
1.Үндестік заңына бағынбайтын 10 сөз жаз.
/10 секунд/
2. Тек бітеу буыннан тұратын 10 сөз жаз.

Тапсырма: «Дауыстылар» тобына: интербел- сенді тақтаның көмегімен орындалады.
Өкпенің үстіне тек дауысты дыбыстарды қою.

«Дауыссыздар» тобына: Дастарқан үстіне тек дауыссыздан басталатын тағамдарды қойыңдар

Тапсырма: Екі топқа да. Екінші буынымды тап.

ІҮ.Бекіту. Тест тапсырмаларын орындау
1. Қайсысы тіл білімі саласына жатады?
А) фонема;
В) фонология;
С) фонетика;
D) фонетист
2. Фонетика нені зерттейді?
А) тіл байылығын;
В) тіл жүйесін;
С) тіл тарихын;
D) тіл дыбыстарын.
3. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
А) тек тілдің қатысуымен;
В) сөз арқылы;
С) сөйлеу мүшелері арқылы;
D) екі заттың соқтығысуы арқылы.
4. Адамның тілі қандай тіл?
А) дыбыстық тіл;
В) ым тілі;
С) ишара тілі;
D) сазды тіл.
5. Тіл дыбысы – сөздің несі?
А) ішкі мағынасы;
В) сыртқы жамылғысы;
С) түпкі мазмұны;
D) көне мағынасы.
Ү.Рефлексия
Бес жол өлең шығару
1. Фонетика
2.Дауысты, дауыссыз
3.Айтамыз, естиміз, жазамыз
4.Тіл дыбыстары сөз құрайды
5. Дыбыс
ҮІ. Үй тапсырмасы: Фонетика тарауынан өткен тақырыптарды қайталау.
10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын дайындау.
Сөзжұмбақ, ребус жасау.
ҮІІ. Бағалау.

№ Оқушының аты-жөні өзін-өзі бағалау Топ басшысы-ның бағасы Мұғалім бағасы Қорытын-ды баға


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Бағдарламалар. Қазақ тілі жалпы орта білім беретін 5-7 сыныптарына арналған. Алматы. РОНД -2003.
2. Қосымова Г.,Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі. Оқулық. Алматы. Атамұра,2005.
3. А.І. Оспанова, С.Ш.Нұрғалиева. Қазақ тілі дидактикалық материалдар. Алматы: Атамұра,2001
4. Қосымова Г.,Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Алматы. Атамұра,2005.
5. Б.Катембаева, Б.Нұрпейсов. Қазақ тілінен 5 класқа арналған дидактикалық материал. «Мектеп» баспасы, Алматы -1974
6. М.Ә. Қараев. Қазақ тілі. Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис. Алматы. «Ана тілі» 1993
7. Б.Ш. Кәтенбаева «Қазақ тілі» оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы. «Рауан» 1993
8. Ф.Оразбаева, Ә.Ахметов, К.Жүнісбекова. Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар. Алматы-1999
9. Б.Қ.Қапасова. Оқушы анықтамасы. «Арман» баспасы, 2003
10.Балалар энциклопедиясы. 1 том. « Қазақ
энциклопедиясы» Алматы, 2008
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.