.
.
Сабақ тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2518 | Размер: | Автор: гостьСабақ мақсаты: Фонетикадан өткен тілдік теориялық материалды қайталау, ауызша, жазбаша талдау жұмысын жүргізе отырып білімдерін бекіту.
Күтілетін нәтиже: Фонетикадан тарауы бойынша білімдерін пысықтайды, фонетикадан талдау дағдылары қалыптасады.
Әдіс-тәсілдер: «қарлы кесек» әдісі, тест тапсырмалары.
Ресурстар: тапсырмалар жазылған парақтар.
Техникалық ресурстар: интербелсенді тақта
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру
«Математикалық жұмбақ»
42 - 2= 40
40 – 3=37
37 – 12 = 25 Оқушылар математикалық амалдарды сөйлете отырып, фонетикаға қатысты мәліметтерді айтады
Негізгі бөлім
«Қарлы кесек» әдісі
А тобы. А1, А2, А3
В тобы. В1, В2, В3
С тобы. С1, С2, С3
А1, В1, С1 нөмірлі тапсырмалар
1. Екпін және оның түрлері
2. «Жалған жауап» тәсілі.
2.1. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар дейміз.
2.2. Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
2.3. Дыбыс - әріптің жазудағы таңбасы.
2.4. Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән 12 дыбыс бар.
2.5. Қазақ тілінде 42 дыбыс бар.
2.6. Тілдің қатысына қарай дауыстылар ашық және қысаң деп бөлінеді.
2.7. “У” тек қана жуан дауысты дыбыс.
2.8. Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және жабық деп бөлінеді.
2.9. Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыс езудік деп аталады.
2.10. Езулік дауыстыларға алдында жазылған еріндік дауыстылар әсер етпейді.
3. «Тұсаукесер» сөзіне дыбыстық
талдау жаса
А2, В2, С2 нөмірлі тапсырмалар
1. Сөйлемді аяқта.
«Кең даладан үйге енгенде ..., үйдің ішінде есікті құлыптап алсаң – ..., үйден шыққанда - ... . Шыққаныңа қуанып, «а-а-а» деп ән сал».
2. «Артығы қайсы?» әдісі.
1. Еріндік дауыстылар: о,ө,и,ұ,ү,у,е,й.
2. Ашық дауыстылар: а,и, у, ә, е, э, ү, ц, о, ө.
3. Жуан дауыстылар: ө,ү,ұ,о,а,ы,и.
4. Езулік дауыстылар: о,ы,и,ұ,ү,у,е,й, а.
5. Қысаң дауыстылар: ы,і,о,и,а,у,ұ,п,ү.
6. Жіңішке дауыстылар: ә,ө,ү,а,ы,ұ,і,е,и,г,у
1. Сөйлемдегі буын түрлерін
ажырат. Дыбыс - сөздің тірегі.
А3, В3, С3 нөмірлі тапсырмалар
1. Дауыссыз дыбыстар және оларды ажырату жолдары
2. «Балама тест»
Буынды дауыссыз дыбыстар құрайды. Иә Жоқ
«Өрт» тұйық буын Иә Жоқ
Қызғалдақ сөзі бірыңғай бітеу буындардан тұрады
Ашық буын жалаң дауыстыдан құралады немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады. Иә Жоқ
Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буынды бітеу буын дейміз Иә Жоқ
Ұсыныспен, оқушылар, ақпарат сөздеріндегі буындар: а+а+б+б, а+а+а+б, т+а+б сәйкес келеді Иә Жоқ
Ашық буынның өз алдына сөз болуы сирек. Иә Жоқ
3. «Жерұйық» сөзіне дыбыстық талдау жаса
Оқушыларға әріпті нөмірлері бойынша тапсырмалар беріледі. Бірінші әр оқушы өз орнында отырып орындайды, уақыт аяқталған соң А1,В1, С1 нөмірлі оқушылар біріге отырып, тапсырмаларды талқылайды.
Оқушы тақырыпты түсіндіріп, жан-жақты ашады.
Берілген мысалдағы кеткен қателерді оқушылар түзетеді.
Сөзге дыбыстық талдау жасайды.
Сөйлемді аяқтай отырып, буын және оның түрлерін түсіндіреді.
Тапсырмадағы артық әріптерді алып тастайды.
Сөйлемдегі буын түрлерін ажыратады.
Оқушы тақырыпты түсіндіреді.
Тест тапсырмасына «иә», «жоқ» деп жауап береді.
Сөзге дыбыстық талдау жасайды.
Қорытынды
Тест жұмысы
1. Сөздің ең кішкентай бөлшегі қалай аталады?
А)сөз В) буын С)дыбыс Д) әліпби Е) дифтонг
2. Еріндік дауыстылардың қатарын табыңыз.
А) о,ө, ұ, ү, у В) а,ә,ы, и, е 26 С) а,ә,е,ү,ұ Д) а,о ы, ұ, ү Е) ы,і,ыо,е
3. Жұп болып келетін қатаң, ұяң дауыссыздарды табыңыз.
А)д-т В) п-б С)ф- в Д) х-һ Е)қ-к
4. Сөздің басында кездеспейтін дыбыстарды табыңыз.
А) м,ң В)Һ,ң С) в, с Д) в, ж Е) с, т
5. Дифтонг дыбыстарды көрсетіңіз. А) я,ю,ё В) а, о, і С) ь, ы, і Д) ұ,ү,і
Е) и, і, у
6. Кейінді ықпалды табыңыз.
А) дүйсенбі В) қаңтар С) Жүсіпбек Д) ақпан Е) көзбен
7. Бірыңғай буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды табыңыз
А)–дікі, -кеш-, хана,- кер В) –ды,-ты,- ны,-ні С) -нан,-нен,- ға,-ге Д) лар,-лер,-дар, дер Е)-бей,- паз,- ның,- дікі
8.Тоғыспалы ықпал дегеніміз не? А) дауысты дыбыстардың араласып келуі. В)қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне әсері. С) соңғы дыбыстың алдыңғы дыбысқа әсері. Д) дауысты дыбыстардың тек жуан түрде келуі. Е) алдыңғы дыбыстың соңғы дыбысқа әсері.
9.Тасымал неге негізделеді?
А) әріп В) ықпал С) дыбыс Д) буын Е) екпін
10.Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.
А) ана В) қала С)қиын Д)мәре Е) қияр
Оқушылар тест тапсырмаларын орындап, бір-бірін тексереді.
Кері байланыс
«Сэндвич» әдісі
1-бөлім - позитивті комментарий
(жағымды, не ұнады?)
2-бөлім - сындарлы сын
(не нәрсені жақсартуға болады?)
3-бөлім - келешекке арналған комментарий
Оқушылар «Сэндвичтің» үш бөлімі бойынша өз пікірін білдіреді.
Мұғалім рефлексиясы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.