.
.
Ақтөбе облысы Темір ауданы «Г г» дыбысы мен әрпі.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1350 | Размер: | Автор: гостьШұбарқұдық №5 бастауыш мектебінің
мұғалімі Бекешова Света Қырғызбайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Г г» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға Гг әрпі мен дыбысын таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету,сөздерге дыбыстық талдау жасату; 2. Дамытушылығы: Гг дыбысы мен әрпін оқыту арқылы оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту; 3.Тәрбиелігі: әсемдікке,сыпайылыққа,ұқыптылық- қа,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітап,кеспе әріптер,суреттер,әліппе серігі,гүлдер
Пәнаралық байланыс: дүниетану,математика,музыка
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Жадыраған күндейміз,
Жайнап өскен гүлдейміз.
Құрметпен біз сізге,
Сәлеметсізбе дейміз!
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Балапандарды құтқарайық» ойыны.
Жайма шуақ ашық күнде балапандарымен қыдырып жүрген қаздың балапандарын аңдамай тұрғанда түлкі ұрлап әкетеді.
-Енді біз балапандарға көмектесейік.Түлкі бізге сандық беріп жіберіп- ті.Ішінде тапсырмалар бар екен,сұрақтарына дұрыс жауап берсек,түл- кі балапандарды қоя береді екен.
-Дыбыс дегеніміз не? Дыбыстарды не Істейміз? (естиміз,айтамыз)
-Әріп дегеніміз не? (көреміз,жазамыз)
-Әріптерден не құралады? (сөз)
-Сөзден не құралады? (сөйлем)
-Сөйлемнен не құралады? (мәтін)
-Дыбыс неше түрге бөлінеді? (дауысты,дауыссыз)
-Дауысты дыбыс неше түрге бөлінеді? (жуан,жіңішке)
-Дауыссыз дыбыс неше түрге бөлінеді? (қатаң,үнді,ұяң)
-Қандай буындарды білеміз? (ашық,тұйық,бітеу)
-Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (Үү дыбысы мен әрпі)
-Ү дыбысы қандай дыбыс? (дауысты,жіңішке)
-Ү дыбысынан келетін қандай сөздер білеміз? (үкі,үйрек,т.б.)
-Үйге қандай тапсырма берілді? («Кім кінәлі?» өлеңін оқу)( тізбектей оқыту)
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
-Өлеңдегі балалардың аттарын ата. Кім кінәлі? (Елемес)
-Елеместің әрекеті дұрыс па?
«Адасқан буындар» ойыны. (түл-кі,түй-ме,жү-рек)
Сергіту сәті. Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қолдарымды қозғалтып,
Гүлдей болып жайқалам.
3.Жаңа сабақ. Гг дыбысы мен әрпі. Ой қозғау.
-Жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздерге жұмбақ жасырайын.
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл қайсы әріптен басталған,
Үзуге адам қимайтын? (гүл)
Гүл-әсемдік белгісі. Гүлді мерекеде,тойда,қуанышта,туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз. Гүл дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? -Олай болса,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы мен әрпі. Гг дыбысы туралы түсінік: дауыссыз,ұяң. Ғ-Г
(ұқсастығы,айырмашылығын айтып салыстыру) –Балалар,бүгінгі сабағымызда гүлдер әлеміне саяхат жасаймыз. Гүлдерді аралап,неше түрлі гүлдермен кездесеміз,әр гүлдің тапсырмаларын мұқият тыңдап,білімімізді арттырайық.Өздерің көріп тұрғандай әдемі гүлзарымыз көз тартады.Осы гүлзарымызды әсем де,көрікті гүлдерге толтырайық. –Қане,біз қандай гүлдерді білеміз?
(қызғалдақ,раушан,роза,қоңыраубас,түймедағы,лалагүл,бәйшешек)
-Балалар,осы аталған гүлдердің әрқайсысының өз тапсырмасы бар екен.Осы тапсырмаларды орындап көрсек қайтеді.Олай болса:
1.Қызғалдақ гүлінің тапсырмасы: «Гүл» сөзіне дыбыстық талдау жасау. Гүл-3 әріп,3 дыбыс,1 дауысты,2 дауыссыз.
2.Раушан гүлінің тапсырмасы: Гг дыбысынан келетін сөздерді ата,буынға бөл.(суретпен жұмыс)
3.Роза гүлінің тапсырмасы: Бағандағы сөздерді буындап,мәнерлеп оқып беру.
Сөздік жұмыс.
Егін-егіс алқабы,бидай егетін алқап.
Егіз-бір сәтте,бір уақытта бірге туған екі бала.
Егеу-үй шаруасында қолданылатын құрал.
Кереге-киіз үйдің бөлшегі.
Бетеге-шөптесін өсімдік.
Шеңгел-тікенек тұқымдас өсімдік.
Мезгіл-уақыт,жылдың төрт мезгілі бар.
Сегіз-сан,жетіден кейін келетін (математикада алдыңғы уақытта өтеміз)
Шеге-үй шаруасына пайдалы ағаш қағатын зат.
Неге? – сұрақ.
«Ақ көгершін» әнімен танысу. Балаларға өлеңді мәнерлеп оқу.
Көгершін-достықтың,бейбітшіліктің,әділеттің белгісі.
«Ақ көгершін» (авторлармен таныстыру) Сөзі: Н.Баймұхамедов, әні: А.Жұбанов.
Ақын Н.Баймұхамедов бұл өлеңді халықтар бір-бірімен тату-тәтті,бақытты,дос болсын дер шығарған. (әнін тыңдау)
-Балалар,сендер көгершінді көрдіңдер ме? Көргілерің келе ме?
Көгершін- құс. Көгершіндер орманды,кейде таулы жерлерде тіршілік ететін,адамға үйір құстар. Үнемі топтанып жүреді. Жұбын жазбайды. Көбі жылына 2 рет,кейбіреуі 4-5 рет жұмыртқалайды. Жұмыртқаны жарып шыққан қызылшақа балапан әбден қанаттанғанша (25 тәулік бойы) ұядан ұшпайды. Өлеңді тізбектей оқыту.
4. Бәйшешек гүлінің тапсырмасы: «Ақ көгершін» әнін әндетіп балалармен айту.
5. Лалагүл гүлінің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс. Гг дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. Мынау Гг әрпінің жазбаша түрі. Ауада жазу, дәптерге жазу.
Тақтамен жұмыс: гүл,егін,егіз,Гүлжан сөздерін жазғызу.
Сабақты қорытындылау.
-Балалар,біз бүгін қандай дыбыспен таныстық? (Гг)
-Гг дыбысы қандай дыбыс екен? (дауыссыз,ұяң)
-Қандай өлеңмен таныстық? (Ақ көгершін)
-Ол қандай құс екен? (бейбітшілік құсы)
-Ал енді біз, балалар, «гүл» сөзімен басталатын немесе «гүл» сөзімен аяқталатын қыздардың есімдерін айтайық. (Гүлсім,Гүлзат,Гүлшара,Гүлдана,Гүлгүл,Гүлнар,Гүлназ)
Үйге тапсырма: «Ақ көгершін» әнін жаттау.
Мадақтау.
-Бүгін,балалар, бәрің де сабаққа жақсы қатысып,белсенділік таныттыңдар. Үйренгендеріңді естеріңде сақтаңдар. Рахмет сендерге. (балаларға гүлдер тарату)
Ән: «Біз өмірдің гүліміз.»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.