.
.
Муканова Анар Кажыгалиевна Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту сабағы
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1616 | Размер: | Автор: ТәрбиеҚаратөбе мектеп-гимназиясы
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту сабағы
Сабақтың мақсаты: оқушылардың лексика тарауы бойынша білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету,ізденгіштігін арттыра отырып,ой-өрісін кеңейту,тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін,сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін ұштау.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту, ізгілікке, ынтымаққа,халықтық педагогика негіздеріне,өзара сыйластық,достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: іздендіру,салыстыру,проблема қоя салыстыру,диалогты ойын түрлері,мәтін құрастыру.
Сабақтың түрі: танымдық жарыс,тіл дамыту
Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, сызбалар, слайдтар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатысы,құрал-жабдықтардың
ІІ.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Тіл патшалығы елінде" деп аталады.
Сабақтың эпиграфы: Тілдің қадірін білмеген
Кімнің қадірін білген?
Тіл ұстарту сабағы қазақ тілінен өтіп жатқан лексика тарауына арналады. Қазақ тіліндегі сөз, оныі мағынасын зерттейтін саланың қыр-сырын меігеру -мақсатымыз. Сабақ топтық жарыс түрінде өтеді. Жарыс жеті айналымнан тұрады.
І топ -"Тілшілер" ІІ топ-"Тапқыштар" ІІІтоп - "Шешендер"
1. Топтың аты -"Тілші",
Сүріндіріп көрші!
2. Тобымыз біздің - "Тапқыш",
Білейікші кім айтқыш?
3. Аталды топ -"Шешен",
Не болса да шешем!
1-айналым. Топтық тапсырма. Әр топқа тірек сөздер беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.
"Тілші" - сөз,ағаш,ер
"Тапқыш" – тіл,қыс,жер
"Шешен" - шешен,көз,тауық
2-айналым. Балалар, қазақша ай аттарын жатқа білеміз бе? Қане, енді "Жаңылдырсаң да жаңылмаймын" ойыны арқылы білім сынаймыз. Шарты: Тақтаға жазылған қате атауларды дұрыс жазып шығу.
"Тілшілер" - 1. ҢАҚАРТ. 2.ПАҚНА. 3.УАРЗЫН 4.РЫММА
"Тапқыштар" - 1.МЫСУМА. 2. РҚУЫЙКЕ. 3. АРҚАША. 4. ЗАҚАН
"Шешендер" - 1.ЛЕЖСАНТОҚ. 2. МАЗЫТ. 3. ДЕЛІШ. 4. СУІРӘ
3-айналым - Топтық тапсырма: «Сен қалай ойлайсың?» Үлестірмелі парақша суырып, жауабын жазу.
"Тілшілер" - Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын айту. ит арқасы қиянда, қоян жүрек, тісінен шығармау, бармағын тістеу,көзі шарасынан шығу,қызыл өңеш болу
"Тапқыштар" жеті,үш,тоғыз сөздері қандай тіркес,ырым-тыйым сөздер бар? Мысалы: жұт жеті ағайынды жеті шелпек,жеті күн,жетісін беру, ер кезегі үшке дейін,тоғыз тоқырау,жеті қазына, жігіттің үш жұрты т.б.
"Шешендер" - Тыйым сөздердің мәнін түсіндір. бүйіріңді таянба, түнде суға барма, тізеңді құшақтама, үйге жүгіріп кірме, есікке керілме, адамды санама, бас киімді теріс айналдырып киме т.б.
4-айналым - Сурет бойынша әңгіме. «Суреттер сөйлейді»,жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді,суретті пайдалана отырып, тақырыпқа қатысты мақал-мәтел,тұрақты тіркестер арқылы мәтін жазу.
5-айналым - "Кім тапқыр?"ойыны бойынша мақалдарды антонимдермен толықтыру
"Тілшілер" – 1Жақсыдан - шарапат,Жаманнан - кесапат
2.Ашу-..., ақыл-...
3...сөз- көмір, ...сөз- алтын.
"Тапқыштар" - шаш,қас,бақ сөздері омоним болатын сөйлемдер құрау, осы сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.
Мысалы: Әйелдің шашы ұзын,ақылы қысқа.Қасың берген асты дұшпан көрме.Бақ-ұзатылған қыз.
"Шешендер" - Табу,эвфемизм,дисфемизм қатысқан мәтін құрап әңгілеу. Мысалы: Менің ағам былтыр үйленді. Жеңешем бәрімізге ат қойды. Мені "Кішкенем",інімді "Шырақ",сіңлімді"Шырайлым" деп атап кетті. Ағамның үлкен ағалары мен апа-жеңгелерін де атымен атамайды. "Үлкен үйдегі қайнаға","Жеделдес қайнаға", "Әнші жеңешем", "Үндемес","Әкім абысын" деген аттары бар. Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын тергейді. Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлады. Біздің жанұя ат ұстатар мен шай құяр бқпелермен толықты. Мен жеңешеме дән ризамын.
Осы мәтінде табу,эвфемизмдер бар.
6-айналым - Топ басшыларына тапсырма: «Кім жылдам?»."Сөзтізбек" ойыны. Шарты: Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау. 2минутта 10сөз жазып шығу.
7-айналым - Сабақ эпиграфын ашу мәнінде "Тіл қадірін білмеген- ел қадірін білмейді" тақырыбына ойтолғау жазу.
Қорытындылау: Сабақтың қорытындысында 3топтың оқушыларының бағасы бағалау парақшалары бойынша шығарылады. Ең жақсы жауап беріп,белсенділік көрсеткен әр топтың 3оқушысына "Озат тілші","Тапқыш ұлан","Зерделі шешен" атағы табыс етіледі. Бұлар - "Тіл патшалығы" елінің көсемдері, ал қалған оқушылар ,сендер -сол көсемдер бастаған елдің талантты ізбасарларысыңдар!
Кері байланыс парағы
І топ ІІ топ ІІІ топ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.