.
.
Қуандықова Ұштап Рысмұхамбетқызы Іскерлік қарым-қатынас және сөз әдебі,ерекшеліктері.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4572 | Размер: | Автор: гостьқазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушы
Сабақтың тақырыбы: Іскерлік қарым-қатынас және сөз әдебі,ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты: 1) Тақырып бойынша толық мәлімет бере отырып,
іскерлік әлеміндегі қарым – қатынастың
нормаларын меңгерту. Іскерлік қарым- қатынаста
сөз әдебінің рөлін ұғындыру.
2) Оқушылардың тіл мәдениетін, ой-өрісін,білімін
дамыту.
3) Жас ұрпақты шешендікке, ұтқыр сөйлей білуге,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: түсіндіру,талдау, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,этнопедагогика,әдептану.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,кітаптар
көрмесі.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Лездеме сұрақтар.
1. Тіл мәдениеті нені зерттейді?
2. Адам қарым-қатынасындағы сөз мәдениетінің рөлі қандай?
3. Тіл-ұлттық белгі,халықтық мұра дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Қазақ тілінің қазіргі күндегі қолдану аясы,өзіндік орны қандай деп ойлайсыңдар?
5. Сөз мәдениетінің қосалқы құралдары дегенді қалай түсінесіңдер?
6. 2.Сөйлеу кезінде бет-жүз құбылыстары мен дене қимылдары қандай рөл атқарады?
7. Әңгіме барысында қандай сөз тіркестерін қолдануға болмайды?
8. Паралингвистика ғылымы нені зерттейді?
Жаңа сабақ
• Іскерлік қарым-қатынас және сөз әдебі, ерекшеліктері.
• Іскерлік әңгіме, оның мәні мен тілдік сипаты. Іскерлік әңгіменің құрылымы.
• Біздің заманымыз-іскер, белсенді, өздігінен жол таба білуге бейім адамдар заманы.
Белсенділік, қиыннан жол таба білетін іскерлік-адамды көздеген мақсатына жеткізеді.Бұл орайда адамның өз қабілет деңгейін жан-жақты көрсете алуының бір негізі-оның білімділігімен қатар ортамен іскерлік қарым-қатынас жасау сырын, ондағы өзін ұстай білу, сөйлеу этикасын меңгеруіне де байланысты.Сөз адамның ойын, көзқарасын білдіреді, оның қоғамдағы өзіндік орнын табуына ықпал етеді.Іскерлік қарым-қатынастағы негізгі түйіндердің бірі-ондағы тілдік ерекшеліктерді білу, сауаттылық, сөйлеу этикасын меңгеру.
Іскерлік қарым-қатынас-мекеме, кәсіпорын, өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы адамдардың бір-бірімен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісімшарт жасауы, құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.
Іскерлік қарым-қатынас әдебі сөйлеушінің өз ісіне жауапкершілікпен қарауынан,өзін-өзі ұстауынан, сыпайылығынан,өжеттігінен,батылдығынан,тартымды сөйлеу мәнерінен көрінеді.
Ортаға, пікірлесетін адамға құрметпен қарау мен сәлемдесуде, өзін, жұмыс орнын таныстыруда, ондағы ұлттық дәстүрді сақтау әрекеттерінің белгілі бір қалыптасқан нормалары болады.
Тақырыпқа байланысты тілдік терминдерді дұрыс, біліктілікпен қолдану, тапқырлықпен нақты,жүйелі сөйлеу де іскерлік әдебін танытады.
Іскерлік қарым-қатынаста тіл табысуға кері әсерін тигізетін нәрселер: пікір алысқалы отырған мәселенің тақырыбын жетік білмеу, сөз мағынасын түсінбеу, мәнсіз көп сөзділік, өз айтқанынан қайтпау, дәлелсіз қайшы пікірге келу, жігерсіздік, ұялшақтық.
• Іскерлік әңгіменің нәтижесі жеке адамның іскер топ ортасында немесе іскер адаммен бетпе-бет сөйлескенде өз пікірін өтімді айта білу, пікірін қорғай алу, сөзін дәлелді жеткізу дағдыларын меңгергенде оң болады. Сондықтан субъект көздеген мақсатына жету үшін іскерлік әңгіме тақырыбын, оның негізгі жүйесін алдын ала жоспарлауы тиіс. Адам іскерлік әңгімеде өзінің жұмысқа қабілетті екенін, бұл мәселені жан-жақты білетінін таныту үшін артық сөз, артық мақтануға бой алдырмауы керек.
Дайындықтың бірінші қадамы кімге баратыныңды зерттеуден басталады. Қызметке қабылдайтын жауапты адамның жалпы болмысы қандай, онымен қалай тіл табысуға болады деген мәселені анықтап алған ұтымды.
Екінші мәселе-сөзді бастау,ойды негіздеу, басты тұжырым қандай болу керек дегенді жоспарлау. Ол үшін мына жайттарға баса назар аударылады:
1. Фактінің, деректің мол болуы.
2. Себептер мен тұжырымның сәйкес келуі.
3. Басты мәселенің шешілуінің тиістілігіне деген сенім.
4. Мәселенің екі жаққа да пайдалылығының дәлелділігі.
5. Мәселені шешудің бірнеше жолын қатар ұсыну.
• Іскерлік әңгіме барысында қолданылатын сөз орамдары
• Іскерлік әңгіменің басталуы
• Іскрлік әңгіменің барысы
• Іскерлік әңгіменің қорытындысы
Іскерлік келіссөздер, мәні мен тілдік ерекшеліктері. Іскерлік қарым-қатынастың тиімділігінің басты шарттары.
Келіссөз-іскер адамның қызмет барысындағы ең жауапты кезең. Келіссөздің нәтижесі іскер адмның алдағы болатын келіссөзге, онда талқыланатын мәселеге, екінші жақпен болатын әңгімеге деген дайындығына байланысты. Іскер адам келіссөзге келетін екінші жақ уәкілінің қоятын мәселесі, ол мәселені екі жаққа тиімді дәрежеде шешудің нақты шараларын белгілейтін үлкен дайындық жұмыстарын жүргізуі керек.
Келіссөзге дайындық талқыланатын мәселені талдаудан басталады. Біріншіден, келіссөздің мәнін анықтап алу қажет. Екіншіден, әріптесің жайлы, оның қаржылық тұрақтылығы, іскерлік өмірдегі беделі мен тәжірибесі туралы мәліметтерді білуің керек.
Келіссөз, негізінен, үш кезеңнен тұрады.
Мәліметтер алмасу; екі жақтың ұстанған бағыты мен тұжырымдамасы, өзара іскерлік қызығушылығын анықтау.
Мәселені талқылау; негізгі ұсыныстар мен көзқарастар, дәлелдер мен қарсы дәлелдер.
Ұстаған бағыттардағы келісім, келіссөзде талқыланатын мәселеге деген өз қызығушылығың қандай дәрежеде, әріптесіңнің қызығушылығы қандай, қандай мәселелерде мүлде келісімге келуге болмайтынын анықтап алу керек.
Келіссөзде күнделікті қолданып жүрген сөз тіркестерін қолдануға болмайды. Сондықтан іскерлік ортада қолданылатын, олардың сөйлеу мәнерінде қалыптасқан сөз орамдарын қолдану орынды.
Сонда іскерлік келіссөздің тиімді болуының басты шарттары:
- Тіл табыса білу;
- Оның небір қырларын меңгеру;
- Айтқан сөзде, уәдеде тұра білу;
- Екінші адамның не топтың сеніміне кіру.
1-жаттығу. (Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріңдер)
1.Сөз қадірін білмеген ... қадірін білмейді. 2. ... көңілдің кілті. 3. Сауатсыздың ... сүрініп құларсың. 4. ... сөйле, ... сөйле, таразылап ... сөйле. 5. ... сөз өзіңе тиер. 6. Адамның өзі жетпеген жерге ... жетеді. 7. Жылы-жылы ... жылан інінен шығады. 8. Шешілмеген ... тырнақ шешпес, тіл шешер. 9. Жақсының сөзі- ... тң. 10. Ішімдегінің бәрі ... , Тілімдегінің бәрі ... .
2-жаттығу. (Берілген мақал-мәтелдердің мәнін өз сөздеріңмен түсіндіріңдер.Әдептілікке байланысты тағы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?)
1. Ұлық болсаң, кішік бол.
2. Жаман сөз жылытады, жақсы сөз жұбатады.
3. Аңдамай сөйлеген –ауырмай өледі.
4. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал жақсы.
5. Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
6. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
7. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Қорытынды
1.«Әдеп», «Әдептілік» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
2.Адамдармен қарым-қатынастағы әдептіліктің рөлі қандай?
3.Іскерлік қарым-қатынас деген не?
5.Үйге тапсырма
Дәрісті меңгеру. «Мәдениетті сөйлей аламыз ба?» пікірталасқа дайындалып келу.
6.Оқушылардың білімін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.