.
.
Сыныбы: 11 сынып Ұялы телефонның пайдасы мен зияны. Құрмалас сөйлем.
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4003 | Размер: | Автор: ТәрбиеПәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ұялы телефонның пайдасы мен зияны. Құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Ұялы телефонның адам өміріне пайдасы мен зиянын білу, құрмалас сөйлемнің түрлерін білу, жасалу жолдарын түсіну.
Сабақтың нәтижесі: Ұялы телефонның адам өміріне пайдасы мен зиянын біледі, зиянын тигізбеу жолдарын біледі, құрмалас сөйлемнің түрлерін біледі, жасалу жолдарын түсінеді, салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемнің ұқсастығы мен айырмашылықтарын айта алады, жалғаулықтарды дұрыс қолдана алады, ажырата алады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сергіту сәті (Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу), кластер, Венн диаграммасы, ереже шығару ( Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету), топпен жұмыс (қалай оқу керектігін үйрету) Он сұрақ, «Көршіңе айт» (Диалогтік оқыту), рөлге бөлу(Талантты және дарынды балалармен жұмыс), демонстрация (Ақпараттық технологияларды қолдану) «Екі жұлдыз, бір тілек» (Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау)
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сергіту сәті. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
мақсатында кезекші сергіту сәтін өткізеді.
2. Топқа бөлу (Телефон түрлері бойынша оқушылар топқа бөлінеді: SAMSUNG, NOKIO, LG). Топта хатшы, жетекші, көмекші рөлдері бөлініп беріледі.
ІІ.Негізгі бөлім.
1- тапсырма.Ұлы телефон дегеніміз не? Ереже шығару. Оқушылардың жауабы мен сөздік жауабы салыстырылады. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ұялы телефон — радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.
2-тапсырма. Телефонның пайдасы мен зияны қандай?
1-топ.Ұялы телефонның адам үшін пайдасын айтады (Хабарландыру)
2-топ. Ұялы телефонның зияны туралы айтады (Медицина ғылымдарының докторымен сұхбат)
3-топ. Зиянын жою жолдары ( Техника ғылымдарының профессорымен сұхбат)
3-тапсырма. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
1-топ. Салалас құрмалас сөйлем
2- топ. Сабақтас құрмалас сөйлем
3-топ. Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемнің айырмашылықтары.
4-тапсырма. Көршіңе айт.
Құрмалас сөйлемдерді оқып, көршіңе айт.
1- топ. 1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің дауысын естиді, ол құрал телефон деп аталады.
2- топ. Ең алғаш телефонды шығарған адамның есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
3- топ. Қазіргі телефондар 0,5 кг болса , ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм болған екен.
5-тапсырма. Тест сұрақтарын құрастыру.
Әр топ 6 сұрақтан құрастырып, бір-бірін тексереді.
Сабақты қорыту. «Он сұрақ»әдісі арқылы сабақ қорытылады. Әр топтан 1 оқушыдан шығып, жасырын сөзді табу керек. Ол үшін әр топқа барып, сұрақтарына жауап беру арқылы жасырын сөзді шешеді.
Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек. Әр топ өзара бірін-бірі бағалайды.
Абулкаирова С.Е. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
№ 1 Новоишим орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.