Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көмектес септік -

Көмектес септік

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 279 | Просмотров: 1797 | Размер: 34.9 Kb | Автор: Тәрбие
. Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы
Боранқұл орта мектебі
Уелбаева Бибиля
Тақырыбы: Көмектес септік
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың көмектес септігі туралы алған білімдерін кеңейту; көмектес септік жалғауы заңына бағынбай жалғанатынын аңғарту; көмектес септіктегі сөздердің қалай байланысатынын және сөйлемде тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту,ой – өрісін кеңейту,сөйлеу дағдысын қалыптастыру.Сауатты,көркем жазуын қадағалау.
Тәрбиелігі: Ұйымшылдыққа, әдептілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, семантикалық карта.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру.
Жүрісі
І.Ұйымдастыру
ІІ.Психологиялық дайындық
Әрбір адам- туыс, туған,жұрағат!
Әрбір сабақ- үйрену,ұғу,ұлағат!
Әрбір ісің –бірлік, тірлік, адамдық!
Әрбір сөзің- шындық, ақтық, адалдық!
ІІІ. «Ой шақыру» стратегиясы
Сөз таптары дегеніміз не ? Оларды ата.
Баяндауыш дегеніміз не?
Дауыссыз,дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Сөйлем дегеніміз не?
Мәтін дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Жай сөйлем дегеніміз не?
“Кітап “ сөзіне дыбыстық талдау жаса
Бастауыш дегеніміз не?
Антоним,синоним,омоним дегеніміз не?
Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
Біріккен сөздер туралы не білесің?
Септіктерді ата
Асан сөзін септе.
ІV. Жаңа сабақ
А) Қызығушылықты ояту

Ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың көмектес септігі туралы алған білімдерін кеңейту; көмектес септік жалғауы заңына бағынбай жалғанатынын аңғарту; көмектес септіктегі сөздердің қалай байланысатынын және сөйлемде тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын түсіндіру.

Б)Дәптермен жұмыс. Көркем жазу
Жеті атаны, жеті жұрт пен жеті қазынаны білген жігіттің соңынан ерген жұрт жұтамайды.
Қоғабай Сәрсекеев
V.Сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру.
VІ.Оқулықпен жұмыс
86 - ж а т т ы ғ у
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып,сөйлемдерді көшіріп жаз.
Зат есімдердің қай септікте тұрғанын айт.
VІІ. «Сәйкестендіру» стратегиясы

А.с гүлдің,әженің
І.с Асанды, демалысты
Б.с оқушылар, Айнұр
Т.с Маралмен, отпен
Ж.с ауылдан, үйден
Ш.с сабаққа, ініге
К.с Алматыда, халықта

88 - ж а т т ы ғ у
Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

Ш І

VІІІ. Терме диктанты
(Оқушыларға септіктердің аттары жазылған қағаздар таратып беріледі.Олар өз септіктеріне байланысты сөздерді теріп жазады)
Суретшінің,алмұрт, еңбекпен,даланы,кітаппен,жылқыға,қалада,
қағаздан,Арайда, қонақты,әншіні,ағаш,дүкенге,отқа,
өсімдіктің,гүлдер, досыммен, адамның,темірден, үстелде.
А.с Алмұрт, ағаш, гүлдер
І.с Суретшінің, өсімдіктің, адамның
Б.с Жылқыға, дүкенге, отқа
Т.с Даланы, қонақты, әншіні
Ж.с Қалада, Арайда, үстелде
Ш.с Темірден, қағаздан, әкеден
К.с Еңбекпен, кітаппен, досыммен.
ІХ.Семантикалық картамен жұмыс
Х.Қорытынды.
ХІ.Үйге тапсырма 91-жаттығу
ХІІ.Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.