Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Көмікшілер. Есімдік. -

Көмікшілер. Есімдік.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1547 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Көмікшілер. Есімдік. 2 сағат 5А сыныбы. 20.01.12
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен сабақты бекіту, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білімін тексеру. «Жануарлар әлемінде» тақырыбы бойынша әңгімелесу, мәтін бойынша жұмыс жүргізу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғаттағы тіршілік иелерін қорғауға тәрбиелеу. Отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың әдіс- тәсілі: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, сызбалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалармен сәлемдесу.
-Кезекші диалогы.
Тілдік ортаға ену.
Апта , күн , ай .
2. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.
«Кім жылдам?» ойыны
1. Есімдік дегеніміз не?
2. Оның неше түрі бар? (7)
3. Ал, біз есімдіктің неше түрін өттік? (4)
4. Оларды атаңдар?
5. Ал, енді балалар «оқушы» сөзін жіктейік.
Ой қозғау
Үй жануарларын кім атайды? Үй жануарларының қандай пайдасы бар?
Мағынаны тану.
3. Жаңа сабақ..
1. Сабақтың мақсатын айту.
2. «Көмекшілер» мәтінімен жұмыс.
А) Мәтінді оқу, оқыту, есімдіктерді қатыстырып әңгімелету.
Мәтін тақырыбы неге «Көмекшілер» деп аталды?
Жаттығулармен жұмыс
2-тапсырма. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
(тақтаға үш оқушы үш сөйлемге шығады)
1. Суретін, жануардың, жақсы, Сәуле, салады.
2. Сұрғылттау, сұр, суырдың, болып келеді, түсі.
3. Тоңбайды, қоян, аязда.
4. Шашты, жем, Марат, тауыққа.

4. Жұмбақтарды оқып, шешуін тап.
1. Өзі жуас, өзі момын,
Бір шешпейді тонын. (қой)
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (әтеш)

2. Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
«Кім тез» ойыны.
Тақтаға суреттер іліп қойылады.
(Арыстан, піл, түлкі, күшік, қораз)
Әр қатардан 2 оқушы сурет бойынша сөйлем ойлап айтады.
3-тапсырма. Рөлге бөліп, түсініп оқыңдар.
Шағын эссе:
Кейіпкерлерді қатыстырып, ертегі құрастыру.
5.Сабақты қорытындылау.
Ой қорыту:
1. Орман көмекшілері кімдер?
3. Үй жануарларын кім атайды?
4. Орманда қандай аң түрлері жүреді?
Үйге тапсырма: 3-тапсырманы аяқтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.