.
.
Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер Көнерген сөздер
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 384 | Просмотров: 3995 | Размер: 21.4 Kb | Автор: ТәрбиеМақсаты:Оқушыларға көнерген сөздер туралы толық түсінік бере отырып,
жаттығу жұмыстары арқылы пысықтау
Тіл байлықтарын дамыту,ауызша, жазбаша сауаттылықтарын
арттыру
Тіл тазалығын сақтауға, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі:сайыс сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері:СТО әдістері, интерактивті тақта
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а)Оқушыларды белгілеу
б)Сабаққа дайындықтарын тексеру ,оқушыларды екі топқа бөліп орналастыру.
ІІ. Өткен сабақты қайталау. 1. «Жұмбақ ұяшықтар»
1-10 Лексика дегеніміз не? Нені қарастырады?
2-10 Сөздің мағыналарын топтастыр.
3-10 Сөздік қор дегеніміз не? Топтасыр.
1-20 Табу сөз дегеніміз не?
2-20 Эвфемизм мен дисфемизм ұғымын қалай түсінесіңдер?
3-20 Сөздің тура және ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
1-30 Сөздік құрам және оның тармақтары.
2-30 Мақал мен мәтелдің айырмасын түсіндір.
3-30 Тұрақты тіркестер туралы айтып бер.
2.Берілген антонимдер бойынша мақал-мәтелдер құрастырыңдар.
1. Дұшпан – дос 4. Арзан - қымбат
2. Жақсы – жаман 5. Туады - өледі
3. Батыр –қорқақ
3.Семантикалық картамен жұмыс
І топ
табу эвфемизм дисфемизм тұрақты тіркес
Кекілдім
Аузы жеңіл
Албасты
Құлағы мүкіс
Жасыл, жай
Мылжың
Ат салысу
Ат ізін салмау
ІІ топ
табу эвфемизм дисфемизм тұрақты тіркес
Төре жігіт
Қорасан
Езбалдақ
Қолы ашық
Ұзын құлақ
Қолды болды
Боқмұрын
Аузы жеңіл
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
Лексика
1. Жалпы қолданыстағы сөздер
2. Қолдау аясы шектеулі сөздер:
1. Табу сөз
2. Нақыл сөз
3. Тұрақты тіркес
4. Көнерген сөз
5. Жаңа сөз
6. Кірме сөз
7.Диалект сөз
8. Кәсіби сөз
9. Термин сөз Сөз мағыналары:
1 .тура мағына
2. ауыспалы мағына
3. көп мағыналы
4. омоним
5. синоним
6. антоним
Балалар өткен сабақтарымызда біз өздеріңмен сөз мағыналарын, мақал-мәтел, тұрақты тіркес, табу сөздер туралы оқып білдік.Бүгін сендермен көнерген сөздер жайында сөз қозғамақпыз.Олай болса жаңа сабағымыздың тақырыбы «Көнерген сөздер» Сабақтың мақсатымен таныстырамын.Слайдтар көрсету арқылы сабақ түсіндіремін.
Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады.
Көнерген сөздер
Тарихи сөздер Архаизмдер
1. Хан,патша, уәзір, би, аға сұлтан,старшын 1. Торқа,биқасап, дүрия, патсайы
2. Садақ, жебе, айбалта, найза, шоқпар 2. Сауын айту, бесік құда, барымта
3. Қызыл отау, қызыл әскер, отарба 3. Шидем, күпі, жаппа, кебеже
Жаттығу жұмыстары
149-жаттығу.
Қазіргі кезде қайтадан қолданыла бастаған, яғни жаңарған сөздерден мұнара бейнесін жасаңдар. Кім көп сөз тауып жазса, соның мұнарасы биік болады.
Барыс доңыз
Наурыз шілде
Имам ораза
Ораза
151-жаттығу
Мына мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және сипатын анықтаңдар.(ауызша)
Асаба, ханша, отарба, құл, сауыт, патша.
155-жаттығу
Мәтіннен ұлттық ұғымдарды білдіретін сөздерді теріп жазыңдар .
Кейуана, немере, құлдығым, шаңырағын шайқалта көрме, әулет, жалғыз тұяқ, бабалар, «Қырық жыл қырғын болса да, жеті атаңды ұмытпа», әже, зерде, ататегі, үрім-бұтағын, мәңгүрт, мінәжат.
156-жаттығу
Межеге (өлшемге) қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің ішінен қалауларың бойынша бесеуіне сөйлем құраңдар.
Қылдай, иненің көзіндей, оймақтай, бір елі, ұлтарақтай, қарға адым жер, арқан бойы, қозы көш жер, ат шаптырым жер, ит арқасы қиянда, жер түбі.
Сабақты қорытындылау.
Бекіту сұрақтары:
1.Көнерген сөздер дегеніміз қандай сөздер?
2. Көнерген сөздер нешеге бөлінеді? Олар қалай аталады?
3.Тарихи сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
4. Архаизм деген не? Мысал келтір.
5.Қазіргі кезде қайтадан қолданыла бастаған ,көнерген сөздер бар ма?Атап көрші.
6. Берілген сөйлемнен көнерген сөзді тап.
Хан нөкерін ертіп, серуенге шықты.
Оқушылар білімін бағалау.
Үй тапсырмасын сұрауда, жаңа сабақта жаттығу жұмыстарын орындау барысында, сабақты бекіту барысында сабаққ белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалап, екі топтың ішінен жеңген топты анықтау.
Үйге тапсырма:152, 154-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.