Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
КЕЛЕШЕГІ  КЕМЕЛ  ЖАС қАЛА . -

КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ЖАС қАЛА .

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1371 | Размер: | Автор: Тәрбие
. КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ ЖАС қАЛА .
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
БІЛІМДІЛІК – Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстыра білу , өз ойын жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ – алған білімдерін толықтырып , ауызекі сөйлеу тілін , ойлау қабілетін дамыту.
ТӘРБИЕЛІК – отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ,астанамызды сүюге , аялауға тәрбиелеу . Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІКТЕРІ – қала көріністеріне байланысты суреттер ,,буклеттер , альбомдар ,бейнекөріністер , кеспеқағаздар , үлестірмелі материалдар , магнитофон , әр топқа берілетін плакаттар.

САБАҚТЫҢ ТҮРІ – педагогикалық шеберхана .
1 . Индуктор :
1 ) . Астана туралы бейнефильм көру .
2 ) . Бейнефильм көру барысында қандай ойлар келді?
Жаңа , ескі қала туралы 2 – 3 сөйлем жазу .
2 . Жұптық жұмыс .
Мақалалардан бөлек – бөлек сөйлемдер жазылған кеспеқағаздар үлестіріледі , сол сөйлемдерден оқушылар мәтін құрастырады , оқиды , мақалалармен салыстырады . Бір – бірінің қателерін түзетеді .
3 . Топпен жұмыс .
Әр топ туристік орталық , өз аудандары бойынша жарнама даңғылын жасайды .
1 топ – Ханшатыр ауданы .
2 топ – Есіл ауданы .
3 топ -- Тәуелсіздік ауданы .
Жарнама даңғылын жасау үшін әр топ келесі жұмыс түрлерін жасаулары тиіс :
а ) . Әр туристік компания өз ауданының таңбасын салады .
б ) . туристерге арналған саяхат картасын құрастырады .
в ) .Астана туралы шығарылған ән ,өлең айтады , музыкалық шығармалар, күй орындайды , не болмаса жақсы ой - пікірлер , толғаулар , ақындық жолдарды жарнамаға қосады , коллаж салады .
г ) . Әр ауданның келешекте даму , кеңею жоспары , жобасы жасалынады .
4 . Топтық жүмыстың нәтижесін шығару . Әр топ өз жұмысын қорғайды .
5 . Рефлексия .:
Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім.........
Біздің астанамыз келешекте .........
Менің бас қаламыздың көркеюіне , дамуына , қосар үлесім ...
Оқушылар өз ойларымен сөйлемдерді аяқтайды .
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.