Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кезектес салалас. -

Кезектес салалас.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2661 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сламбекова А.А.
8 сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Кезектес салалас.
Сабақтың мақсаты: Кезектес салалас сөйлеммен танысады. Салаластың мағыналық түрлерін толық меңгереді.

Міндеттері:
1. Кезектес салалас сөйлемнің жасалу жолын біледі, кезектес салалас сөйлемді салаластың басқа түрлерінен ажырата алады.
2. Синтаксистік талдау кезінде алған білімдерін қолдана алады.
3. Бірлесіп жұмыс істейді. Ой қорытындысын жасауға дағдыланады.

Бағалау:
1. Сұрақтарға жауап беру арқылы.
2. Оқушылардың грамматикалық тапсырмаларды орындау кезінде өткен материалдарды пайдалана білуі арқылы.
3. Венн диаграммасын құрастыр кезінде тапсырманы дұрыс орындай білуі.


Қолданылған әдіс-тәсілдер: “Топтастыру”, “Кубизм”, “Түртіп алу”.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
І. Қызығушылықты ояту.
“Топтастыру” стратегиясы бойынша құрмалас сөйлемдерден білетін ұғымдарын жаздыру.

Құрмалас сөйлем
Салалас Сабақтас Аралас
1. Ыңғайлас 1. Шартты
2. Қарсылықты 2. Қарсылықты
3. Себеп-салдар 3. Себеп
4. Түсіндірмелі 4. Мезгіл
5. Талғаулы 5. Қимыл-сын
6. Кезектес 6. Мақсат

Содан соң өздеріне таныс емес салаластың астын сыздырамын.
ІІ. Мағынаны тану.
Оқулықтағы мәтінді оқып, танысады.
“Кубизм” стратегиясы.

1. Суреттеңіз. Кезектес салалас сөйлем дегеніміз не?

2. Салыстырыңыз. Кезектес салаласты басқа салаласпен салыстырыңыз.

3. Саралаңыз. Жасалу жолы жайлы не білесің? Кезектестің басқа салаластан қандай ерекшелігі бар?

4. Қолданыңыз. Кезектес салаласқа мысал келтір.

Ойашар.

ІІІ. Ой толғаныс.
Оқулықпен жұмыс.
“Түртіп алу” стратегиясы бойынша 116-жаттығу.
1. Сөйлемді тақтаға жаздыру.
2. Сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін табу.
3. Қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысып тұрғанын табу.
4. Салалас құрмаластың қай түріне жататынын тапқызу.
Қорытындылау.
“Венн диаграммасын” толтыру.
Кезектес салаласты түсіндірмелі салаласпен салыстыру
Бағалау.
Үйге тапсырма: 118- жаттығу.
1. Берілген жай сөйлемдерді мағыналарына қарай топтастыру.
2. Кезектес салалас сөйлемге айналдыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.