.
.
Қостанай облысы «ХХІ ғасырдың инновациялық мектебі»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 285 | Просмотров: 1737 | Размер: 23.1 Kb | Автор: ТәрбиеЛисаков қаласының
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері
Сұлтангиреева Нұргүл Серікбайқызы,
№2 мектеп,
Қақбаева Орынкүл Зарлыққызы
Мектеп- гимназия.
«ХХІ ғасырдың инновациялық мектебі»
ХХІ ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгеруде. Мектепте білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңартуды қажет етеді. Сондықтан оқытушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлға дайындау, мектептер алдында тұрған өзекті мәселе.
Уақыт талабына сай оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясын пайдаланған жөн.
Біз 2010 жылдан бері «ХХІ ғасырдың инновациялық мектебі» атты халықаралық курстарға қатысып жүрміз. Курстың жетекшісі профессор Рудик Георгий Алексеевич.
Бұл жобаның мақсаты: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шындау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Басты назарда – оқушы. Заманауи педагогика жай сөз түрінде ғана емес, практикалық оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда негізгі әрекеттегі элементі оқушы болғанын талап етеді. Жұмыс бағдарламаларында оқушыларда қалыптастыру қажет қасиеттер беріледі. Мұғалім, бір жағынан, оқыту үрдісін жұмыс бағдарламасын қатаң сақтаумен жобалау, екінші жағынан – қалыптасатын тұлғалық қасиеттерді белгілей отырып, оқу пәнінің мазмұнындағы мәнді оқушылар табу үшін іріктеу мен түзетуге, оқушыларды бағалау әдістемесін анықтауға міндетті. Осылайша, мазмұн мұғалімнің таңдауына беріледі.
Оқушыларға тапсырмалар ұсынылған Блюм таксономиясы үйлестіріледі. Блюм таксономиясында бірінші үш бағыттар оқушылардың репродуктивті қызметін ұйымдастыруға бағытталған.
Төртінші және бесінші деңгейлер ойлау қызметін дамытуға бағытталған, яғни дамытушы тапсырмалар болып табылады. Бұл деңгейлердің тапсырмаларын оларды орындау оқушыларға қарапайым ойлау операциялары арқылы өзі үшін жаңа білім ашуға мүмкіндік беретіндей етіп жобалау қажет. Бұл білімдер сабақтың ақпараттық құрамында болуы тиіс емес.
Алтыншы деңгей – БАҒАЛАУ, бұл оқу тапсырмалары күрделілігінің шыңы.
Блюм таксономиясының контекстінде БАҒАЛАУ – бұл білім алушыға жағдайды сынау мен бір жағынан, зертелетін материалдан, пәнаралық байланыстан, ойлау қызметінен (элементарлы ойлау операцияларымен ойлау, қисындық және шығармашылық ойлау), екінші жағынан – оқиғалар, адамдар және өмір жағдайнан құрылатын өз әрекеттерін мазмұндауға мүмкіндік беретін оқу тапсырмасы. Деңгейдің оқу тапсырмасының негізі ЖАҒДАЙ, яғни адам қабылауы мен қызметіне ашылатын көптеген жағдайлардың болуының бірактілігі мен қайталанбастығы, барлық өмірлік жағдайлардың түйісуі болып табылады.
Заманауи сабақта Блум бойынша оқу тапсырмалары таксономиясының ассоциативті моделі:
o оқушы бір сабақ ішінде құратын үйдің біртұтас жобасы.
o Үй БІРІНШІ, ЕКІНШІ, ҮШІНШІ деңгейлердің оқу тапсырмалары арқылы салынатын іргетастан тұрады.
Әр оқушы сабақта үйдің іргетасын қалауы тиіс
o Бірінші қабатты салу ТӨРТІНШІ деңгейдің оқу тапсырмаларын орындаумен аяқталады.
o Екінші қабатты салу БЕСІНШІ деңгейдің оқу тапсырмаларын орындаумен аяқталады..
o Үшінші қабатты салу АЛТЫНШЫ деңгейдің оқу тапсырмаларын орындаумен аяқталады.
Әр оқушы бір сабақ ішінде берілген уақыттың мүмкіндігінше қабаттар санын салады!
Шарттар барлығы үшін бірдей!
Блум бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы оқу тапсырмаларын 6 (АЛТЫ) деңгейге бөледі
Бірінші деңгей «БІЛІМДЕР» – мақсаты ақпаратты интерьеризациялауға, яғни ақпаратты мұғалім сөздерінен, оқулық бетінен, басқа да көздерден ЖАД қоймасына көшіру, АҚПАРАТТЫ БІЛІМГЕ айналдыруға үйрету болып табылады
Екінші деңгей «ТҮСІНУ» – мақсаты ЖАДҚА түскен БІЛІМДІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАУҒА (интерьеризацияланған білімді көптеген түрде ұсыну) үйрету болып табылады
Үшінші деңгей «ҚОЛДАНУ» – мақсаты БІЛІМДІ үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалануға үйрету болып табылады
Төртінші деңгей «ТАЛДАУ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады
Бесінші деңгей «СИНТЕЗ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады
Алтыншы деңгей «БАҒАЛАУ»- мақсаты алдыңғы деңгейлерде өзі үшін ашылқан ЖАҢА БІЛІМДЕРДІ бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы нақты жағдайда қорытындылар жасауға үйрету болып табылады.
Оқушылардың жетістіктері балдық жүйе бойынша дифференциялы түрде бағаланады.
Оқушылар келесі кесте бойынша бағаланады:
1-3 деңгейді орындағандар – «3» баға
1-5деңгей – «4» баға
1-6 деңгей – «5» баға.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
ТИТУЛ БЕТІ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР КАТАЛОГЫ
ТАҚЫРЫП:
1 Базалық құзыреттілік:
Ізетті бала. Оқи білу
Пән: 1.1 Құрамды құзыреттілік:
Қазақ тілі Бес жолды өлең құрастыра білу
Сынып: 6 «А» 1.1.1
Сабақтың мақсаты Сабақтың мақсаты: .
мұғалім:
Қақбаева О.З. Әдіс, амал, операция, құрал/цикл
«Синквейн»
Дидактикалық дәреже/категория: екінші Білім картасы
Оқу орны:
Лисаков қаласы әкімдігінің «Мектеп-гимназия» ММ
Базовый оқулық:
Артықова Т.М.
6 сыныпқа арналған қазақ тілі 2
Ақпараттық білім (өмірде қажетті білімдер):
достықты бағалай білу, нағыз дос болу, қиын жағдайларда досына көмек көрсете білу. Ізетті болу.
2.1
Басқа пәндермен байланыс:
Өзін-өзі тану
2.2 Осы сабақта қажетті білімдер:
тақырып бойынша орыс тілінен қазақ тіліне сөздерді аудару, сөйлемдер құрастыру, монолог түрінде сөйлеу, «Достық» тақырыбы бойынша мақал-мәтелдерді білу. Сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажырата білу.
КЛАССИФИКАТОР ҰЙЫМДАСТЫРУ
№ Оқу тапсырмасы
БЛЮМ бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы (деңгей) Уақыт (мин) Ұйымдастыру түрі/ бағалау түрі
Жалпы уақыт: 45 мин.
1 Мақалды есіңе түсір және жалғастыр: «Жақсымен жолдас болсаң, ісің бітер, Жаманмен жолдас болсаң .... 1.10 2 Жұппен жұмыс/өзін-өзі бағалау. Жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі
2 «Ізетті бала» тақырыбы бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерді аудар: «Чуткий», «вежливый», «обидеться», «стыдиться», «виноват», «безмолвно», «верный», « воспитанный», «кроткий», «аккуратный», «спокойный». 2.10 5 Жұппен жұмыс/өзін-өзі бағалау. Жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі
3. Алған білімдерді пайдаланып,бірінші бағанадағы сөйлемдерді екінші бағанадағы етістіктермен сәйкестір:
1. Айбар сабақ...
2. Оның үйіне Ерасыл....
3. Екеуі сабаққа бірге ...
4. Сабақтарын қайталап болған соң, олар шахмат ...
5. Ерасыл шахмат ойнауды ...
6. Оған Айбар шахмат ойнауды ... білмейтін
ойнады
келді
үйретті
дайындалды
оқып отыр
2.10 3 Өз бетінше жұмыс/ өзін-өзі бағалау
4. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықта (тура, ауыспалы)
( 19 бет, 3- т). 2.30 3 Өз бетінше жұмыс/ өзін-өзі бағалау
5. Жаңа сөздерді пайдаланып, дос сөзіне «синквейн» құрастыр. 3 3 Өз бетінше жұмыс/ өзін-өзі бағалау
6. «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы» ережесін пайдалан. Осы тақырып бойынша үш сөйлем құрастыр. 3 5 Өз бетінше жұмыс/ өзін-өзі бағалау
7. Берілген мақал-мәтелдерді салыстыр. Көп мағыналы сөздердің мағынасын анықта ( 19 бет, -2 т). 4 5 Өз бетінше жұмыс/ мұғалімнің бағасы
8. «Телефон арқылы досыңмен сөйлесу» тақырыбы бойынша диалог құрастыр 5.10 9 Өз бетінше жұмыс/ мұғалімнің бағасы
9. Достарыңның сабақтағы тәртіптерін бағала және олар үшін сабақтарда тәртіпті сақтау ережелерін құрастыр. 6.10 10 Өз бетінше жұмыс/ мұғалімнің бағасы
«Синквейн» құрастыру ережесі:
• Бірінші жол – «синквейн» тақырыбы, бір сөзбен жазылады (зат есім, есімдік)
• Екінші жол – екі сөз (сын есім, есімше)
• Үшінші жол – үш етістік немесе көсемше
• Төртінші жол-төрт сөздер тұратын сөйлем
• Бесінші жол – сөз-резюме немесе бірінші сөзге синоним
САБАҚ ЖОСПАРЫ
ТИТУЛ БЕТІ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР КАТАЛОГЫ
ТАҚЫРЫП:
1 Базалық құзыреттілік:
Жет і ата Оқи білу
Пән: 1.1 Құрамды құзыреттілік:
Сөздерді қысқарта арқылы конспект жазу
Қазақ тілі
Сынып: 8 1.1.1
Сабақтың мақсаты Сабақтың мақсаты: .
мұғалім:
Сұлтангиреева Н.С. Әдіс, амал, операция, құрал/цикл
«Арабская грамота»
Дидактикалық дәреже/категория: бірінші Білім картасы
Оқу орны:
Лисаков қаласы әкімдігінің «Шетел тілін теріңдете оқытатын №2 орта мектеп» ММ
Базовый оқулық:
Базылова З.З.
8 сыныпқа арналған қазақ тілі 2
Ақпараттық білім (өмірде қажетті білімдер):
Өзінің жеті атасын білу
2.1
Басқа пәндермен байланыс:
Өзін-өзі тану, Қазақстан тарихы
2.2 Осы сабақта қажетті білімдер:
Тақырып бойынша кілт сөздерін анықтау, сөйлемдерді аудару, диалог және монолог түрінде сөйлей білу.
КЛАССИФИКАТОР ҰЙЫМДАСТЫРУ
№ Оқу тапсырмасы
БЛЮМ бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы (деңгей) Уақыт (мин) Ұйымдастыру түрі/ бағалау түрі
Жалпы уақыт: 45 мин.
1 Сөздер мен сөз тіркестердің аудармаларын есіңе түсір: «қош бол», «жағдайыңыз қалай», «жаман емес», «танысайық», «танысып қояйық», «қуаныштымын», «кешіріңіз», «мекенжай». 1.10 2 Жұппен жұмыс/өзін-өзі бағалау. Жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі
2 «Жеті ата» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді, сөз тіркестерді сөздік арқылы аудар: «жеті ата», «ата-баба», «шежіре», «маңызды», «жақын», «тәжірибесі мол», «кейінгі ұрпақ», «жүздескенде», «жоғары таратылады», «дана», «оның дәлелі». 2.10 5 Жұппен жұмыс/өзін-өзі бағалау. Жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі
3. Алған білімдерді пайдаланып,бірінші бағанадағы сөйлемдерді екінші бағанадағы сөздермен сәйкестір:
Ұрпақ
Ежелгі
Ағайын
Халық
Шаңырақ
Дәулет
борышты Туыс, туысқан
Міндеті
Бала, немере, шөбере
Байлық
Көне, бұрынғы, баяғы
Ел, жұрт
отбасы
2.10 3 Өз бетінше жұмыс/ өзін-өзі бағалау
4. «Жеті ата» мәтініндегі кілт сөздерді анықта, дәптеріңе жаз 2.30 Өз бетінше жұмыс/ өзін-өзі бағалау
5. Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып, сұрақтарға жауап бер . Жауаптарды дәптеріңе жаз:
1. Әр адам неше атаға дейін жақын болып саналады?
2. Кім үшін тарих пен ата-баба шежіресі өте маңызды.
3. Жеті атаға кімдер жатады? 3.0 5 Өз бетінше жұмыс/ өзін-өзі бағалау
6. Алған білімдерді пайдаланып, «Жеті атаны» не үшін білу керек? сұрағына жауапты «Арабская грамота» техникасы арқылы жаз 3.0 5 Өз бетінше жұмыс/ өзін-өзі бағалау
7. Жеті атаңды жаз. 4.10 4 Өз бетінше жұмыс/ мұғалімнің бағасы
8. «Жеті ата» тақырыбы бойынша диалог құрастыр 5.10 8 Өз бетінше жұмыс/ мұғалімнің бағасы
9. Досыңа жеті атасын білу үшін ұсыныс бер. 6.20 10 Өз бетінше жұмыс/ мұғалімнің бағасы
«Арабская грамота» - сөздерді қысқарту техникасы. Араб тілдеріне сәйкес тек қана дауыссыз дыбыстар жазылады. Егер сөз дауысты ға басталса, дауысты дыбыс жазылады. Мысалы: Мектеп – мктп, Әдебиет - әдбт
Сабақта қойылатын бағалар
Оқушының аты-жөні 1 - 2 - 3 - 4 - 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 -
1
2
3
4
5
6
7
Жалпы баға
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.