Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Кім болғым келеді? -

Кім болғым келеді?

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2960 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Есенбике Какимова,
Алматы қаласындағы
ХҮББК-нің қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
5-сынып
Ашық сабақ
Тақырыбы: Кім болғым келеді?
Мақсаттары:
Білімділік: мамандықтар туралы алған білімдерін тереңдетіп, олар туралы айтуға дағдыландыру, қалау райдың жасалуын түсіндіру, практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорларын молайту, ой - өрісін кеңейту, ауызекі сөйлеу, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: әр мамандықтардың өзіндік ерешеліктерін көрсетіп, мамандықтардың басты мақсаты - елге қызмет көрсету екенін түсіндіру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Топпен жұмыс істеу арқылы ұайымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Тілді құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, рөлдік ойын, өлеңді мәнерлеп оқу, ойландыру, іздену, әңгімелеу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі, бейнелеу өнері, технология
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар; дәрігердің, тігіншінің жұмыс құралдары
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Міндеттері:
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;
Оқушыларды қарым- қатынасқа психологиялық дайындау;
Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру;
Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Міндеттері:
А) үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;
Ә) кемшіліктер мен қателерді анықтау;
Б) қатемен жұмыс.
Үйге берілген тапсырма: А. Сопыбековтың өлеңін мәнерлеп оқу, өз ата - аналарының мамандығы туралы айту.
Рөлдік ойын. Ал енді ойын түрінде көрейік: дәрігерлер, аспазшылар, мұғалімдер, тігіншілер не істейді? Кім қай мамандықты қалайды, сол топқа барады. Тапсырмаларың үстелдің үстінде жатыр, дайындалуға 3 – 5 минут беріледі.
Дәрігерлер: диалог құрастырады. /керекті сөздер үстелде/.
Тігіншілер: мәтіндегі көп нүктелердің орнына керекті сөздер жазады.
Аспазшылар: бір қазақ халқының ұлттық тағамын даярлау тәсілін айтады.
Мұғалімдер: сабақтың үзіндісін көрсетеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Кім болғым келеді? Сабақта өзімізге ұнайтын мамандық туралы айтуға үйренеміз.
Жаңа сабақ Жаңа сабақты түсіну үшін грамматиканы қайталауымыз керек.
-Етістік нені білдіреді?
-Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
-Сөйлемде қандай мүше болады?
-Оның неше шағы бар?
Етістіктің райы да бар / наклонение/. Орыс тілінде қандай райлар бар?
Орыс тілінде желательное наклонение деген жоқ, ал қазақ тілінде бар.Ол қалау рай деп аталады.
Топтық жұмыс:қазір сендер тірек сызбаны түсініп, қалау рай не арқылы жасалатынын айтасыңдар.Топтық жұмыс.
/ Бір оқушы тақтаға шығып түсіндіреді: Қалау рай -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары, тәуелдік жалғауы, одан кейін кел етістігі тіркесіп келу арқылы жасалады./
Оқушы шығып «тілші болғым келеді» сөз тіркесін жіктейді.
Ж.т.
Ж. Менің ... болғым келеді
Сенің ... болғың келеді
Сіздің ... болғыңыз келеді
Оның ... болғысы келеді
«Кім біледі?» ойыны: слайдтарға қарап кім қай маманның иесі екенін анықтау.
Өздік жұмыс. Тапсырма: жазылған сөйлемдерді аяқтау.
Өмірде мамандықтың ... / … / көп .
Менің ... ... келеді.
Жақсы маман болу үшін ... / …/ керек .
Мен болашақта жақсы ... /…/ боламын.
Сұхбат құру.Балалар, бізге «Ұстаз» газетінен тілші келіп тұр(жоғары сынып оқушысы), ол сендермен мамандықтар туралы сұхбаттасады. (Сенің атың кім? Сенің кім болғың келеді? Жақсы маман болу үшін не істеу керек? Жақсы маман болу үшін қазақ тілін үйрену керек пе?)
Сергіту сәті.
Тіл дамыту. Ақын Әдібай Табылдиевтің «Атамның батасы» деген өлеңді тыңдаймыз./ Электрондық кітап /.
Өлеңмен жұмыс:
1) жаңа сөздерді оқып жазу;
2) әрбір оқушы жаңа сөздерді өз қатарласына оқып аударады;
3) бір оқушы өлеңді оқып аударады;
4) оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастырады;
5) 3-4 оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
Үйге тапсырма: осы өлеңді, жаңа сөздерді жаттайсыңдар, болашақта кім болғыларың келеді туралы айтасыңдар.
Қорытындылау кезеңі, бағалау.
Рефлексия кезеңі. Балалар,аспаннан жұлдыз аққанда, адамдар ішінен өздерінің құпия тілегін айтады, ол орындалады деп сенеді. Сендердің парталарыңда жұлдыздар жатыр. Қазір сендер бір жағына кім болғыларың келеді жазыңдар, екінші жағына фамилияларыңды жазыңдар. Келешекте жақсы маман боласыңдар деген ниетпен осы суреттерді тақтаға іліп қоямыз.











Ашық сабақ
Тақырыбы: Кім болғым келеді?
Мұғалім: Какимова Есенбике Бекеновна


Алматы қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.