.
.
Батыс Қазақстан облысы Лексикадан өткенді қайталау
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 235 | Просмотров: 1298 | Размер: 12.2 Kb | Автор: ТәрбиеЖәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы мектеп- балабақша
Берікқалиева Лидия Қуанышбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою.
ә) Дамытушылық: Сөз байлығын дамыту, сөздік қорын байыту, күрделендіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: Білімге құштарлыққа тәрбиелеу, тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, қайталау, тіл дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың типі: Білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың көрнекілігі: күнтізбе, кадоскоп, түрлі кеспелер, Домбра
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылардың түгелдеу
ә) Оқу құралдарын тексеру
б) Сабақ жабдықтарын орналастыру
- Оқушылар, біз бүгін сабағымызда лексика тарауын қайталай отырып, тіл ұстарту жұмысымен айналысамыз.
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сынып оқушыларын түске топтастыру арқылы екі топқа бөлеміз.
Бірінші “Мирас” тобына сары түстілер, ал екінші “Мұрагер” тобына көк түстілер отырады.
Сабақ “Аптаның жеті күні” деген атпен сайысы түрінде өтеді
№ Апта күндері Ұпай сандары
1 Дүйсенбі күні: “Бастапқы сөз”
2 Сейсенбі күні: “Домбыра- дастан”
3 Сәрсенбі күні: “Кім жылдам?”
4 Бейсенбі күні: “Өзіндік жұмыс”
5 Жұм күні: “Топ басшылар сайысы”
6 Сенбі күні: “Қонақ кәде”
7 Жексенбі күні: “Демалу”
І. Дүйсенбі күні: ”Бастапқы сөз”
Біздің бастапқы сөзіміз лексика тарауын қайталап, пысықтауға арналмақ.
1. Лекика ғылымы нені зерттейді?
2. Омоним дегеніміз не?
3. Синоним дегеніміз не?
4. Антоним дегеніміз не?
5. Диалект сөз дегеніміз не?
6. Мақал- мәтел дегеніміз не?
7. Табу дегеніміз не?
8. Эвфемизм, дисфемизм неңдей сөздер?
9. Тұрақты тіркес туралы не білесің?
10. Кірме сөздер неңдей сөздер жатады?
ІІ. Сейсенбі күні: “Домбыра- дастан”
Домбыра- қазақ халқының қасиетті аспабы. Сендердің алдарыңда домбыра кескініндегі бірнеше кеспелер тұр. Сол кеспелердің артында тапсырмалар бар. Кімде- кім сол тапсырмаларды мүлтіксіз орындаса, домбыра кескінің өзіне естелікке алады.
1-домбыра:Айтулы ерлер бар екен,
Жүйріктері баптаулы.
Найзалары саптаулы ,
Дұшпанға атар жебесі.
Қорамсақпен қаптаулы.
Мына үзіндіден көнерген сөзді тауып,
көнерген сөздің қай түріне жататынын айт.
2- домбыра: Төмендегі тұрақты сөздер тіркесінің мағыналарын анықтап көр:
Тамырына балта шабу, төбе шашы тік тұру, қой аузынан шөп алмас
3- домбыра: Көл дария, көл болса,
Бай мен жарлы тең болса,
Диханшылық көп болса,
Қатерсіз- дағы ел болып. Үзіндіден антоним сөздерді тап.
4- домбыра: Дастархан жайып құрметтеп,
Төкті түрлі жемісті
Жез самаурын қайнаулы,
Союға бағлан байлаулы.
Үзіндіден кірме сөзді тап.
ІІІ. Сәрсенбі күні: “Кім жылдам?”
- Қазір сендердің алдарыңа кадоскоппен бірнеше тапсырма беріледі. Қай топ бірінші болып, қалақшаны көтерсе, сол топ жауап береді.
1. Барын жоқ деп құрынған,
Жұлдызды жатқа санасақ,
Қисап етіп қарасақ.
“Мың асқанға бір тосқан”
Бар емес пе еді бұрыннан. Үзіндіден мәтелді тап.
2.Қазақ тіліне енген төмендегі сөздердің орыс тіліндегі баламасын ата.
Самаурын, жәшік, кәрзеңке, кереует, бәтеңке, сөмке, тәрелке, стақан, шәйнек.
3. Жарлыны көрсе мысқылдап,
Кекесін сөзбен ысқылап.
“Аузы қисық болса да,”
Бай баласы сөйлесін!- Үзіндіден мақалды тап.
4. Ұлы Еділдің бойында,Жүзіп жүрген нән балық. Үзіндіден диалект сөзді тауып, әдеби тілдегі баламасын тап.
IV. Бейсенбі күні: “Өзіндік жұмыс”
Сонымен, балалар, мен “Мұрагер” тобына: “Лексика” атты үйді, ал, “Мирас” тобына: “Тұрақты тіркес” атты үйді беремін. Егерде сіздер Лексиканың немесе Тұрақты тіркестің барлық қасиетін таба алсаңыздар, екі топта үйді дұрыс құрай аласыздар.
V. Жұма күні: “Топ басшылар сайысы”
Бұл сайыс барысында топ басшылары шығармашылықпен айналысады. “Мұрагер” тобының топ басшысына: “Көп қорқытады, терең батырады”, “Мирас” тобының топ басшысына: “Көп түкірсе, көл болады” деген мақалдар беріліп, осы бойынша тіл дамыту жұмысы жүргізіледі. Жұмыстың негізгі мақсаты осы берілген мақалдың шығу тегін анықтау.
VI. Сенбі күні: “Қонақ кәде”
Қазақта қонақ кәде деген жоралғы бар. Онда келген қонаққа сый ретінде ауылдың алты ауызы айтылып, келген қонақтар тарапынан қонақ кәде жасалады.
Естеріңде болса, мен өткен сабақтарда ішінде антоним кездесетін жұмбақтар жазып алып келуді тапсырғанмын. Екі топ бір- біріне қонаққа барып, сол бойынша дайындаған 5 жұмбақтарыңызды жасырып, қонақ кәде жасайсыздар.
VII. Жексенбі күні: “Демалу”
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда жалпы лексика тарауы бойынша өткен материалды меңгердік деп есептеймін. Лексика- сөз байлығын зерттейтін ғылым. Тіліміз сөзге неғұрлым бай болса, соғұрлым жатық та әдемі сөйлей аламыз. Ол үшін көркем шығармаларды көп оқып, мақал- мәтелдерді, тұрақты сөз тіркестерін, синонимдерді орынды жерде пайдалана білуіміз керек.
Енді сабағымызды қорыта келе, екі топтың ұпай сандарын есептеп, жеңіске жеткен топты анықтаймыз. Оқушыларды бағалаймын.
Үйге тапсырма: Қайталау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.