.
.
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылындағы Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аралбаева Назым. Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі (!) Леп белгісі
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 482 | Просмотров: 1894 | Размер: 22.3 Kb | Автор: ТәрбиеСабақтың мақсаты: оқушыларға жаңа сабақты меңгерте отырып оқушы білімін қалыптастыру;оқушы білімін пысықтай отырып, ақыл-ойын, дүниетанымын, білімін дамыту;оқушыларды ізденімпаз, білімді,ақыл-ойлы болуға баулу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:топтық жұмыс,топтастыру әдісі,ой қозғау, БББ әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, таратпалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері арқылы көңіл күйін реттеу.
Сабаққа бейімдеу.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1-тапсырма. «Алтын алма, алғыс ал»
Бұл тапсырмада интерактивті тақтадан нөмірленген ұяшықтар бар. Сол ұяшықтардағы сұраққа жауап берсе, ар жағынан алғыс сөз шығады. Қай топ көп сұраққа жауап берсе, сол топ көп алғыс алады.
1.Пунктуация деген не? (Арлы – ожданды бол!)
2.Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар? (Елге деген парызыңды ұмытпа!)
3.Тыныс белгілерін қоюдың қандай принциптері бар?(Намысыңды жастан сақта!)
4.Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?(Халқыңды алалама!)
5.Нүктенің қойылатын орындары. (Жақыныңды жаралама!)
6.Сұрау белгісі қойылатын орындарды айт.( Қалысыңды қаралама!)
2-тапсырма. «Ойлап,байқап, сәйкесін тап!»
Сәйкестендіру тесті таратпалар арқылы 3 топқа да беріледі.
ІІІ Жаңа сабақ.
Ой қозғау.
сүйсінеді таңданады тамсанады
қуанады күледі
қорқады бұйырады
үрейленеді
Адамның осы алуан түрлі көңіл күйін білдіру үшін жазуда бізге тыныс белгілері көмектеседі.Ал леп белгісі қандай жағдайда қолданылатынын біз бүгін сөз етеміз. Лепті сөйлем мынадай жолдармен жасалады.
1.Қандай,неткен есімдіктері таңдану, қуаныш мағынасын білдіріп тұрса, сөйлем соңына леп белгісі қойылады.Мысалы:
Әрі ақылды,әрі сұлу болып, құс падишасы атанудың өзі қандай! (Ы.Кененбаев)
2.Ғажап, тамаша,керемет сияқты сөздерге ерекше таңдану мағынасын сыйғызып айтқанда дауыс көтеріңкі шығады.Мұндай жағдайда леп белгісі қойылады.Мысалы:
Қарап отырсаң, құмырсқалар тіршілігінің өзі адам ақылына сыймайтындай ғажап бір керемет нәрсе! (Ы.Кененбаев)
3.Одағай сөздерден кейін және құрамында одағай сөздері бар сөйлемдердің соңына да леп белгісі қойылады.Мысалы:
Қазақстан!
Пай,пай,пай!
Ардағым-ай!
Сен менің ардағымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым,арманым-ай! (М.Мақатаев)
4.Қаратпа сөз және көтеріңкі айтылған қаратпа сөзді сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады.Мысалы:
Ойлы жас!
Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым жүр басылмай.
5.Тілек,өтініш сарындағы бұйрықты сөйлемдерден соң да леп белгісі қойылады.Мысалы:
- Айғанша апа, пана бола көріңіз! (Ғ.Мүсірепов)
6.Баяндауышы бұйрық райдың ІІ,ІІІ жағы болып келетін зілді, қатаң бұйрық мағынасындағы сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.Мысалы:
- Құлат мына үйлерді! Жық! Домалат! Ал жұлып баспанасын! – десті.(М.Әуезов)
7.Алғыс,рақмет,бата,тілекті сөйлемдерден кейін леп белгісін қою қажет.Мысалы:
- Айналайын,келінжан, өркенің өссін!
-Құдай көңіліңді өсірсін!- деді. (М.Әуезов)
ІV Жаңа білімді пысықтау тапсырмалары.
1.Абай өлеңдерінен берілген шумақтардағы лепті сөйлемнің жасалу жолын анықтап, астын сызады, олардың қалай жасалғанын табады.
А)Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе,біріңдікін бірің жеткіз!
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз!
(Жігіттер,ойын арзан,күлкі қымбат)
Ә)Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,
Артық қайыр артықша қызметке орай.
Байда мейір,жалшыда бейіл де жоқ,
Аңдастырған екеуін,құдайым-ай!
(Қараша,желтоқсанмен сол бір-екі ай)
Жас жүрегім,
Жанды менің,
Жай таба алмай,япырым!
(Ем таба алмай)
Б)Жүрегім нені сезесің
Сенен басқа жан жоқ па?
Дүниені,көңілім,сезесің,
Тиянақ жоқ па,қой,тоқта!
Тәтті тілмен, тәтті үнмен
Сөйлесуге айналды:
«Қарағым,не еткен сұлу ең!»
Деп таңырқап таңданды... (Қарға мен түлкі)
2) Жаттығу жұмыстары
І топ. 147-жаттығу.
ІІ топ.148-жаттығу.
ІІІ топ.145-жаттығу.
V Сабақты қорытындылау.
БББ әдісі .Оқушылар бүгінгі сабақта не білгенін, бұрыннан не білетінін, келесі сабақта не білгісі келетіні бойынша ой қорытады.
VІ Үйге тапсырма:Лепті сөйлемнің жасалу жолы мен леп белгісі туралы оқу.
150-жаттығуды орындау.
VІІ Топты және оқушыларды бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.