Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Әліппе –білім бастауы -

Әліппе –білім бастауы

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1548 | Размер: | Автор: гость
. Ақтөбе облысы Темір ауданы
Шұбарқұдық №5 бастауыш мектебінің
мұғалімі Бекешова Света Қырғызбайқызы
Тақырыбы: «Әліппе –білім бастауы»
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеті арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың суреттері, шарлар, әріптер, т.б.
Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Осыдан төрт ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да, қызыға аттаған әр үйдің еркесі болып жүрген жас бүлдіршіндер, бүгінде саналы оқушы болып, барлық білімнің атасы, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған сүйікті Әліппелерімен қоштасқалы отыр. – Ендеше, кішкентай бүлдіршіндеріміздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!
Фариза: Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар! Әліппемен қоштасу тойымызға.
Бекасыл: Өтті оқу сан сабақ Бүгін үлкен салтанат. Оқулықпен достассақ, Әліппемен қоштассақ Өсті білім бойымыз, Құтты болсын тойымыз.
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым! Өзі оқып, жазатын халге жетті, Құтты болсын білімі балалардың!
Бала деген шіркін-ай балдай екен, Тәттілігі жая мен жалдай екен. Арып-ашып даладан келгеніңде, Бал иісін татқызып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
Фариза: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
Бекасыл: Біз енді өзіміз-ақ кез келген сөздерді, сөйлемдерді, мәтіндерді оқи аламыз.
Мұғалім: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Бар білімнің бастауы, Бар ғылымның бастауы. Жас балаға нұр шашқан, Қандай кітап тіл ашқан? Балалар: Әліппе. Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ең алғаш қолымызға ұстаған кітабымыз, ол Әліппе кітабы екен. Олай болса, бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық. Балалар: (хормен) Әліппе, Әліппе, Әліппе! Әліппе: Армысыңдар жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаңа. Мерекеңмен құттықтаймын Бүлдіршіндер, балдырғындар! Жақсы білім көрімдік, Болсын сізге халайық. Не үйреніп, не білдік, Қане, ортаға салайық! Дияс: Бар кітапқа бас болған, Әліппе-ғылым анасы. Әліппеден басталған Даналықтың данасы. Расул : Әліппем менің, Әліппем, Сені қолға алып мен, Есігін аштым мектептің Ертеңгі сәуле жарықпен. Зарина: Әліппе менің сырласым, Әліппе досым болады. Әріптердің шұғыласы Дәптеріме қонады. Айым: Бар білімнің бастауын, Әліппеден бастадым. Үйренуге талпындым, Құлшынып соған жас жаным. Мұғалім: Балалар, қане бәріміз тақтаға қарайықшы. Бұл кім? Балалар: Ыбырай Алтынсарин. Ол – тұңғыш қазақ мұғалімі, ең алғаш мектеп ашқан. Мұғалім: Олай болса, Ыбырай атамыздың қандай өлеңін білеміз? Балалар: Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық! Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Мұғалім: Дұрыс, балалар. Ал мынау кім? Бұл кісі жөнінде не білесіңдер? Балалар: Абай Құнанбаев. Ол-қазақ халқының ұлы ақыны. Мұғалім: Абай атамыздың қандай өлеңін білеміз? Балалар: Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Мұғалім: Рахмет балалар, Білмеспек болмай, Білгішпек болыңдар! (сахнаға кір-қожалақ Білмеспек келеді.) Білмеспек: - Мыналар неге жиналған-ей? Менің атымды атаған қайсың? Мұғалім: - Сәлеметсің бе Білмеспек? Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі. Білмеспек: - Әпіппемен қоштасу, қоштасыңдар, қоштасыңдар! Қой мен кетейін.Чао! (кетіп бара жатып бір баланың шарына ұмтылады) Бала: - Тиіспе менің шарыма. Мұнда әріп жазылған. Білмеспек: - Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты ғой. Бұлардың бәрін мен әліппені оқымай-ақ білемін. Мұғалім: О не дегенің, Білмеспек. Бұлар О, П әріптері. Дегенмен балалар Білмеспектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас. Қане, енді біз осы уақытқа дейін әліппеден не үйреніп, не білдік? Соны ортаға салайық. (балалар қол көтеріп жауап береді) 1.Біздің елбасымыз кім? (Н.Ә.Назарбаев) 2.Біз қандай мемлекетпіз? (Тәуелсіз, егеменді) 3.Еліміз қалай аталады? (Қазақстан) 4.Елордамыз қалай аталады? (Астана) 5.Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? (Ту, елтаңба, әнұран) 6.Ең алғаш қолымызға алған кітабымыз? (әліппе) 7.Қазақ тілінде неше әріп бар? (42, 2-таңба) 8.У дыбысы қандай дыбыс? (дауысты, дауыссыз) 9.Екі дыбыстан тұратын әріптерді ата. (ю, я. е) 10.Дыбыс бермейтін әріптерді ата. (ь, ъ) 11.Сөз неден құралады? (буыннан, дыбыстан, әріптерден) 12.Сөйлем неден құралады? (сөздерден) 13.Сөйлемдерден не құралады? (мәтін) 14.Бір аптада неше күн бар? Ата. (7, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, т.б.) 15.Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (жақсы сөз-жарым ырыс, т.б.) 16.Дыбыс неше түрге бөлінеді? (2 , дауысты, дауыссыз) 17.Қандай буындарды білесіңдер? (ашық, тұйық, бітеу) 18. Сөздерді оқыту,дыбыстық талдау жасау, буындарды ажырату)
(Білмеспек бірнеше рет ұмтылып,жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.)
Мұғалім:- Жарайсыңдар, балалар, сендер осының бәрін қайдан үйрендіңдер?
Балалар: -Әліппеден үйрендік.
Мұғалім: -Міне, Білмеспекпек, көрдің бе? Балалар қалай жақсы біледі.
Білмеспек: - Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: - Мұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті-басыңды тазалап жөнге сал. «Әліппені» таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Білмеспек: (жарайды деп шығып кетеді)
Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде орманда екі үй болыпты. Оның біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, ал қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліппи» деген дана болыпты. Қызыл үйдегі әріптер дауыс шығарып, көңілді тұрыпты да, ал көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті. Мұны көрген Әліппи «Мен осы екі үйдің әріптерін араластырсам не болар екен?»-деп ойланып араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріптерден сөз, сөйлем пайда болыпты. Ендігі кезекті әріптерге берейік.
Ханкелді: «А» деген ол ана ғой, Ана деген дана ғой.
Айым: «Б» дегенім бала ғой, Жұмсаса апаң бара ғой.
Шынар: «Ә» әрпінен табамыз, Әжемізді ақылгөй.
Бекасыл: «Е»-ні ұмытпас ешқашан, Елін сүйген жарандар.
Фариза: «М» дегенім мал болар, Қадір тұтқан бабалар.
Диас: «Ш» дегенім шапағат, Тие берсін баршаға.
Зарина: «О» дегенің – Отбасы, Отан деген ұжым бар.
Расул: «Р» дегенің рақым, Мейірің мен пейілің.
Элонора: «Х» дегенің сәлем хат, Қуанышың қаншама.
Айша: «Ы» дегенің ырысың, Орман,тоғай,өзенің.
Мариям: «И» дегенің иманың, Адалдықтың асқары.
Сумая: «Ж» дегенің жөргегің, Туып өскен жерлерің.
Әліппе: Рахмет, балалар. Әріптердің бәрін таныпсыңдар.
Мұғалім: Олай болса балалар, біз сүйікті Әліппемізге арнап «Әліппе» әнін орындап берейік.
Ән: «Әліппе»
Әліппе: Балалар! Сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстыңдар. Ал енді ортаға математиканы шақырайық. Математика: Математика ғылымның атасы деген. Мен сендерге жұмбақ есеп айтамын, жүйріктерің соны шешіңдер. (санамақ айтқызу, математикалық есептер шығарту)
Ханкелді: «1» дегенім ол жаман баға, Алады оны жаман бала. Расул: «2» дегенім нашар баға, Інішегім нашарлама. Шынар: «3» дегенім орта баға, Сапасы да орта ғана. Дияс: «4» дегенім жақсы баға, Алады оны жақсы бала. Айым: «5» дегенім үздік баға, Оқитын бол үздік қана. Мұғалім: -Міне, балалар, өздерің айтқандай үнемі «4» пен «5» ке оқуға тырысыңдар. Балалар сендер осыншама білімді, өнерді қайдан үйрендіңдер? Балалар: -Мектептен, бізге мұғалім үйретті. Мұғалім: -Дұрыс айтасыңдар, мектепке келген соң үйрендік. Балалар біз сабақты қалай оқимыз? (жақсы) Олай болса біз қонақтарға «Оқуда озат боламын.» әнін орындап берейік. Ән: «Оқуда озат боламын» Фариза: -Балалар, біз әліппені бітірген соң не істейміз? Бекасыл: - Соны мен де ойлап тұрмын. Ханкелді: - Шынымен не оқимыз? Дияс: - Қиналатын түгі де жоқ, ана тілі деген досымыз бар. Әліппе: - Дұрыс айтасыңдар, балалар! Енді сендер қолдарыңа басқа кітап аласыңдар. Ол-Ана тілі. Енді жаңа достарың -Ана тілін қарсы алыңыздар. Балалар: - Қош келдіңіз, Ана тілі. Ана тілі: - Сәлеметсіңдер ме, менің жаңа достарым! Енді мені оқитын боласыңдар. Туған елдің тілімін, Ақылымен танылам. Түсіндірер бәріне Ана тілі мен болам.
Мен де келдім дайындалып тойыңа, Оқы, талмай, түй санаңа, жас бөбек. Сыр құямын, нұр құямын бойыңа, Таза ұста, оқы мені қастерлеп. Балалар: - Оқимыз, оқимыз, таза ұстаймыз. Шынар: Білімге жолды бастаған, Әліппем саған, мың алғыс! Оқы деп ұран тастаған Әліппем саған, мың алғыс! Ханкелді: Қош бол,құтты «Әліппе» Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің. Айша: Қош бол, құтты «Әліппем!» Тіл тұсауын кестің сен. Аяулы анам болып сен, Айыбыңды кештің сен. Әліппе: - Балалар, мен сендермен қоштасамын. Сау болыңдар! (кетеді) Балалар: (хормен) Рахмет саған, Әліппе! Қош сау бол! Ән: «Біз өмірдің гүліміз» Мұғалім: - Ал енді балалар, әліппемен қоштастық. Енді қолымызға Ана тілін алатын болдық. Олай болса ана тілдің құрметіне ұлдар би билеп береді. Би: «Ақбозат» Мұғалім: Бізді осындай күнге жеткізіп, бізбен бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әжелеріміз бен әкелеріміз, аналарымызға да мың алғыс айтамыз. Сіздердің құрметтеріңізге арнап ән айтып береміз. Ән: «Біз тәртіпті баламыз.» Мұғалім: Келесі әніміз барлық қонақтарға арналады. Фаризаның орындауындағы «Қасиетті домбыра» әнін қабыл алыңыздар. Ән: «Қасиетті домбыра» Мұғалім: Балалардың білімі құтты болсын, Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын. Білімдерін әрі қарай дамытатын, Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын!- дей келе бүгінгі «Әліппе-білім бастауы» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Тыңдағандарыңызға көп рахмет.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.