Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Ұлттық киімдер» -

«Ұлттық киімдер»

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2134 | Размер: | Автор: Тәрбие
. «Шахтинск қаласы әкімдігінің №3 жалпы білім беру мектебі» КММ

Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ұлттық киімдер» (7-сынып)

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімі
Сансызбайқызы Қымбат

Шахтинск - 2014
Сабақ жоспары

Сабақ: 5
Күні: 19.12.2014 ж.
Сыныбы: 7 «а»
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімдері»
Мақсаты:
А) Білімділік: оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы білімін молайту; «ұлттық» сөзінің ерекшелігін көрсету;жаттығу жұмыстары негізінде септіктерді, сөйлем мүшелерін қайталау.
Ә) Дамытушылық: оқушылардың ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын, эстетикалық талғамын арттырып, ойын, қиялын дамыту;алған білімдерін ізденіспен қолдана білуге, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Б) Тәрбиелік: қазақ халқының тарихына, рухани-мәдени ескерткіштеріне, ұлттық киімдеріне, салт - дәстүрі мен өнеріне, тілі мен әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру және оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру-баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, іздендіру.
Көрнекілігі: слайд, суреттер

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Сәлемдесу.
Ә) Сынып тазалығын тексеріп, оқушыларды түгендеу.
Б) Оқушыларды үш топқа бөлу.
І топ «Ұлттық бас киімдер».
ІІ топ «Ұлттық сырт киімдер»
ІІІ топ «Ұлттық аяқ киімдер»
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
ІҮ. Жаңа сабақ.
А) Мұғалімнің сөзі.
Қазақтың ұлттық киімдері.
Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл-ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің жемісі. Адамзат палеолит – тас дәуірінде-ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып, тері және тоқыма киім-кешек жасауды үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастауалады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім-кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен, қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды.
Ә) Ойын «Бұлар кімдер?». Суреттегі адамдардың үстіне қарап және келесі беттің басындағы сөйлемдерді оқи отырып, төрт бұрыштың ішіне тиісті цифрларды жаз.
І топ.
1. Гауһар қызыл көйлекте, қызыл бөрікте.
2. Айжан сары көйлекте, жасыл камзол мен бөрікте.
3. Айбек сұр көйлекте, қара желеткеде.
ІІ топ.
1. Нұрбол қоңыр қалпақта, қоңыр шапанда.
2. Айгүл қызыл көйлекте, басында үкілі тақиясы бар.
3. Нұргүл қос етек көйлекте, басында қызыл сәукелесі бар.
ІІІ топ.
1. Жансая қызыл көйлекте, қызыл камзолда, қызыл топыда.
2. Қанат қоңыр бөрікте, қоңыр шапанда.
3. Анар ақ көйлекте, ақ сәукеледе.
Б) Киім туралы әр топ бір-бір мақал-мәтелден оқып, аудармасын айтады.
В) Оқушылар 3 минуттың ішінде «Киім» тақырыбына диалог құрастырып, оны оқиды.
Ү. Сергіту.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып аламыз.
Г) «Үшеуінің біреуі» ойыны. Үш суреттің ішінен артығын тауып, оның атын атайды.
І топ. Тақия
ІІ топ. Шапан
ІІІ топ. Етік
Ғ) Топтар берілген сөздерді септейді.
І топ. Сәукеле
ІІ топ. Шапан
ІІІ топ. Кимешек
Д) Берілген сөйлемдерге оқушылар синтаксистік талдау жасайды.
І топ. Әлия биік өкшелі туфлиді ұнатады.
ІІ топ. Мына белдемше саған жарасады.
ІІІ топ. Ақ кимешек жаңа үлгіде тігілген.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Е) Әр топ өз атауына байланысты бір ұлттық киімді атын атап, түсін түстеп қорғап шығуы қажет.
І топ. Сәукеле.
ІІ топ. Ішік.
ІІІ топ. Етік.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
Ұлттық киімдерге жарнама жасау.
ҮІІІ. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.