Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ұлттық ойындар. -

Ұлттық ойындар.

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2599 | Размер: | Автор: Тәрбие
. 5-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды дұрыс айтуға жаттықтыру.
Дамытушылық: логикалық ой-өрістерін кеңейтіп, сабақта оқушылардың сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыларды қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Қыз қуу» ойыны бейнеленген сурет, ұлттық ойындар туралы слайд-суреттер, үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Өткен сабақты пысықтау үшін сұрақтар:
- Төрт түлік малға нелер жатады?
- Бұл үй жануарларын неліктен «төрт түлік» деп атаған?
- Төрт түлік туралы қандай тақпақтар білеміз?
- Төрт түліктің төлдерін қалай атайды?
2. Қайталау үшін тест сұрақтарын тарату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1) Ұлттық ойындар туралы түсінік.
- Ұлттық ойындар адамды жылдамдыққа, ептілікке, ойлау қабілетін арттыруға, өнерлі болуға, күштілікке үйретеді. Ұлттық ойынның түрлері: «Тоғызқұмалақ», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аударыспақ», «Қыз қуу» т.б. (интерактивті тақтадан мәтіндерді оқушыларға оқытып, таныстыру).
1. «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат сынды ежелгі ойын түрі. Ойынға екі адам қатысады. Ағаш тақтаға арнайы ұя жасап, олжа салып ойнайды. Бұл ойынның бекітілген өз ережесі бар. Ол – үлкен шеберлікті, ойлануды, айла-тәсілді қажет ететін, математикалық есепке құрылған күрделі ойын.
2. «Ақ сүйек» ойыны. Тойға жиналған жастар жаздың айлы түнінде «Ақ сүйек» ойнаған. Оның басты шарты: лақтырылған ақ сүйекті жабыла іздеп, тауып әкелу. Осы ақ сүйекті іздеу үстінде бозбала мен бойжеткен өзара сырласып, көңіл құпияларын ашатын болған.
3. «Көкпар» ойыны. Үлкен тойда, аста көкпар берілетін болған. «Көкпар тартылады» дегеннен-ақ көкпаршы жігіттер алдын-ала аттарын баптаған. Той немесе ас иесі бір серкені ойынға арнап шығарған. Көкпаршылар екі топқа бөлініп, әлгі серкені тартысады. Бұл – өте күрделі, ерекше қайрат-күш пен амал-тәсілді талап ететін, аса қызғылықты ойын.
4. «Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бен жігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, не болмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.
2) Оқулықпен жұмыс:
а) мұғалім оқиды;
ә) оқушылар оқиды;
б) сөздікті пайдаланып, аудару;
в) жаңа сөздерден сөйлем құрау;
г) сұраққа жауап беру.
3) Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы тапсырмалар беру.
4) «Қыз қуу» ойынын ойнату (бір қыз бен бір бала кезекпен мұғалім дайындаған сұрақтарды суырып, жауап береді. Кім сұраққа көп жауап берсе, соның аты алда келіп, жеңімпаз болады).
1. Әнұранның авторлары кім?
2. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
3. Иелік форма қалай жасалады?
4. Зат есім дегеніміз не?
5. Төрт түлік малды ата.
6. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
7. Өзің туралы айт.
8. Сөз құрамы неден тұрады?
9. Досың туралы айт.
10. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
11. Көптік жалғауларын ата.
12. «Кітап» сөзін септе.
13. «Отан» сөзін тәуелде.
14. Абай Құнанбаев кім?
15. Есімдік дегеніміз не, түрлерін ата.
IV. Сергіту сәті:
«Тоғызқұмалақ» сөзіндегі әріптерді пайдалана отырып, жаңа сөздер табу. Мысалы, тоғыз, құмалақ, мал, т.б...
V. Сабақты қорытындылау:
а) орысша, қазақша балалардың «Ұлттық ойындар» туралы не түсінгенін пысықтау;
ә) мұғалім дайындаған тест сұрақтарынан ауызша жауап алу.
VI. Бағалау.
VII. Үй тапсырмасы: Ұлттық ойын түрлерін біліп келу.

Сабақты өткізген: Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бірінші санатты ұстаз НҰРГҮЛ ХАСАНОВА.

6-сынып

Сабақтың лексикалық тақырыбы: ҚЫЗЫҚ ҚҰС.
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Сын есімді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сын есімдер бойынша алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, толықтыру.
Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны қорғауға баулу, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құстарға қамқорлық жасауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-суреттер, үлестірме карточкалары, бейнематериал, диаграмма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
97-беттегі 3-тапсырманы сұрау.
Сын есім, сын есімнің шырайларын пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі тақырыбымыз: Қызық құс.
Сұрақ-жауап:
- Балалар, сендер қандай құстарды білесіңдер?
- Біздің өлкемізде қандай құстар бар?
- Сендер құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?
Алдымен сөздікпен жұмыс жүргіземіз:
а) оқып танысу;
ә) жаңа сөздерден сөз тіркесін құрау.
Балалар, жалпы жер бетінде 9000-дай құс бар. Оның 500-дей түрі біздің Қазақстанда тіршілік етеді. Құстар негізінен 2 түрге бөлінеді: үй құстары және жабайы құстар. Мекендейтін жеріне байланысты су құстары, тау құстары, дала құстары, орман құстары болып бөлінеді.
Бүркіт пен тотықұс 120 жыл, аққу 300 жыл, қарға 100 жыл, ал кекілік 80-90 жыл өмір сүреді. Дүние жүзіндегі ең үлкен құс – Африка түйеқұсы. Оның бойы – 2 метр 75 сантиметр. Үкі – киелі құс. Біздің халқымыз оның қауырсынын бөбектердің бас киіміне, қазақтың ұлттық аспабы – домбыраға тағады. Халқымызда «Үкінің қауырсыны тіл-көзден сақтайды» деген сенім бар. Ең кішкентай құс – торғай. Ең әдемі құс – аққу. Ең қырағы құс – сұңқар.
Осы құстардың ішіндегі ең әдемі құстардың бірі – аққу. Қазақтар аққуды киелі құс санайды. Аққу құсты «Әдеміліктің, сұлулықтың, махаббаттың символы» деп атайды. Ол – жұптасып өмір сүретін құс. Ұясын қамысы нулы, суы таза, тұщы көлдің жағасында салады. Аналығы балапан басып шығарады, аталығы балапандарды қорғайды. Олар өле-өлгенше жұптарын жазбайды. Қазақта «Аққуды атпа, досыңды сатпа» деген дана сөз бар.
Енді осы өзіміздің Каспий теңізінде қыстайтын аққулар туралы шағын бейнекөріністі көрейік (Кадр сыртында аққу туралы ақын өлеңі оқылады).
Балалар, енді бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – қызық құс – кекілік туралы айтайық. Кекілік – тауықтар отрядына жататын құс. Ол өсімдікпен қоректенеді. Құстың «кекілік» деп аталу себебінің екі нұсқасы бар. Бірінші: оның басқа құстардан айырмашылығы – кекілі бар, екінші: олар сайраған кезде «кеке-лек, кеке-лек» деп қайталайды екен. Кекілік орта есеппен 80-90 жыл жасайды. Ол біздің Маңғыстауда Үстірт қорығында кездеседі. Көкшетауда Кекілік деген тау бар.
IV. Мәтінмен жұмыс:
а) мәтінді мәнерлеп оқу;
ә) сөздіктің көмегімен аударма жасау.
V. Жаңа сабақты бекіту.
Жазба жұмысы. 2-тапсырма. Сөйлемдегі сын есімдерден салыстырмалы шырай формасын жасау.
өте үлкен – үлкен; үлкен – үлкенірек; кіші – кішірек; ең жақсы – жақсырақ; ең жайлы – жайлылау.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, аудару. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.
Құстардың, құрт-құмырсқаларды, алғашқы, ағаштардың.
4-тапсырма. Ауызша.
VI. Сабақты қорыту.
Венн диаграммасы: Аққу мен кекілікті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атап, жазу.
VII. Үйге тапсырма:
Құстар туралы мақал-мәтелдер тауып келу, кекілік туралы әңгімелеу.
Сабақты өткізген: Ақтау қаласындағы № 10 орта мектептің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, бірінші санатты ұстаз НҰРГҮЛ ХАСАНОВА.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.