.
.
Алматы қаласы, Алмалы ауданы «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1848 | Размер: | Автор: Тәрбие№15 гимназия КММ
Қазақ тілі мұғалімі
Утепбергенова Күляш Құдайбергенқызы
Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында, мұғалім - барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан.
Иә, шынында да ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие - әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғалым да, батыр да, ақын да, жұмысшы да, диқан да, шопан да, ғарышкер де бәрі — бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Мен - жақсы қасиеттерді бойыма сіңірген, жақсыдан тәлім-тәрбие үйренген, бала жанын түсініп, өз пәнін сүйе білетін, заман талабына сай жаңашыл мұғаліммін. Ал «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, менің шәкірттерім - қалықтап ұшар қырандары мен еңселі елдің ертеңгі білімді ұрпақтары.
Ұстаз – мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Ал ұстаз оқушыға сапалы білім беріп, оның жетістіктерін жоғары дәрежеге дейін көтеріп, бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеп мектеп жұмысын одан әрі жетілдіреді. Өйткені мектеп жұмысы оқушы жетістіктері арқылы ғана көрінеді. Яғни, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім болғандықтан, мұғалім, оқушы және мектеп – үштік ұғым болып табылады.
Адам тәр¬бие¬леу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ал ұстаздың негізгі құралы – сабақ болғандықтан, біз сабақта тек білім беріп қана қоймай, оларға тәрбиені қатар алып жүреміз. Яғни оқушыларды мектепте өзін-өзі басқару жұмысына қатыстырып, мектептегі сайлау жұмыстарына, мерекелер мен түрлі шараларды ұйымдастыруға қатыстыру арқылы елжандылыққа баулып, азаматтық тәрбие береміз. Сонда оқушылардың бойында ізгілік, жауапкершілік, өз ықтиярымен іс атқаруға даяр бола бастайды және олар әрқайсысының отбасы туралы, олардың мұқтаждарымен қатынастары, істері жайлы біліп, бір-біріне көмек береді, сөйтіп оқушылар ұжым арқылы әлеуметтік жақсылықтарға қол жеткізеді, достық қатынас дамиды. Ұйымдық жұмыстарда қолданатын қатынастар негізіндегі достықты, нәтижелі еңбек етуді жеке қоғамдық тәртіпті сақтауды саналы игереді, топтық ортада баланың адамгершілік ұстанымдары жетіліп, тұлғалық қасиеттері қалады. Бала өзінің отбасынан алған тәрбиесімен мектептен алған тәрбиесін ұштастыра отырып, оны өз өміріне пайдалана алады. Сонда ғана ол өзін қайда болса да дұрыс ұстай білетін, өз еліне адал, өз елінің тәрбиелі, патриоты бола алады. Міне, осындай оқушыларды тәрбиелеу - әр ұстаздың міндеті.
Ұстаз - білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адам¬ның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен оз¬ған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үз¬дік¬сіз ізденісте болып, қоғам сұ¬ра¬нысына сай білімді, шығарма¬шыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ой-лай¬мын. Мен ұстаздықтың ауыр жү¬гін арқалауды өз жүрегімнің қа¬лауымен таңдадым. Сондықтан мамандығым- мақтанышым. Маман ұс¬таз ретіндегі негізгі ұстанымым: ба¬ланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын ба-ғалай білу.
Қазір заман бөлек, талап басқа, оқушыға берілетін білім де терең. Сондықтан жаңашылдықтың дәуірін басынан кешіріп жүрген талантты да, талапты оқушыны тәрбиелеуде, осындай жаңа даму үрдісі ал¬ға басып отырғанда Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек ет¬іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сол себепті ұс¬тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.