.
.
Пәні: Қазақ тілі Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестері
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 389 | Просмотров: 5723 | Размер: 28.6 Kb | Автор: Тәрбие7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестері. «Елдікті еңселендірер ұғымдар»
Сабақтың
білімділік мақсаты: дидактикалық мәтін жайында кеңейтілген түсініктерін байқау,өткен тақырыпты еске түсіру, алған білімді жинақтау, қорыту. дамытушылық мақсаты: мәтіннің танымдық сипатын, белгілерін, құрылымдық бөліктерін байқай алатын нәтижеге жеткізу, оқып-түйгендері жайлы ой қортыныдысын айтқызып жаттықтыру;
тәрбиелік мақсаты: өз елін, өзі туып-өскен мекенін сүюге баулу,ана тілінің қыр- сырын меңгеріп, өз ойын жеткізуде көркем әрі тіл байлығымен сөйлеп үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: талдау
Әдісі: СТО стратегиялары, «Топтастыру», «Галереяға саяхат»
Сабақтың көрнекілігі: мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы, түрлері жайлы сызба слайдтар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Бұрынғы білімді жандандыру (актуалдандыру)
1. Тірек ұғымдар: сөз, сөйлем, абзац, мәтін.
2. Проблеманы қою және оны шешу әрекеттері.
Проблемалық ситуация жасау:
Оқушы қызметі: тақтадағы слайдтарға назар аударады.
Мұғалімнің қызметі: тақтадағы мәтіннің бірліктері мен белгілері туралы кестеге назар аудартқызады.
Мәтіннің тұтастық бірліктері Айырықша белгілері
1. Сөйлем 1. Мағына жағынан тиянақталған бірлік.
2. Мәтіннің бастапқы (төменгі) сатысы.
2.Күрделі синтаксистік тұтастық 1. Абзац. Құрамында бірнеше сөйлемі бар, өзара мағыналық байланыстағы бірлік.
2. Мәтіннің екінші (орта) сатысы.
3. Күрделі синтаксистік бүтіндік 1. Бірнеше абзацтан, бөлім, тарау, параграфтан құралатын бүтіндік.
2. Мәтіннің үшінші (жоғары) сатысы.
Оқушының қызметі: Проблеманы тұжырымдау үшін:
Жеке сөздер мәтін бола алам ма? Сөйлем неліктен мәтінге жатады? Абзац деген не? Абзац неліктен сөйлемнен жоғары тұрады? Мұғалімнің қызметі: оларда қандай сұрақ пайда болғанын сұрайды. Егер сұрақ туындамаса, мұғалім сұрақты өзі қоюы тиіс.
ІІІ. Жаңа білім мазмұнын меңгерту және жаңа әрекет тәсілдерін қалыптастыру.
«Ана тілі- Отансүйгіштікке бара жолдың бастауы» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігі аясында бүгінгі күнгі сабағымыздың тақырыбы «Елдікті еңселендірер ұғымдар»
І.Қызығушылықты ояту сатысы.
Елдікті еңселендіретін қандай ұғымдарды білесіңдер?
Сөз, сөз тіркесі арқылы жазу.
Рәміздер, патриотизм, ұлттық тіл, ұлттық рух, атамекен, тәуелсіздік.
«Серілер» тобының орындауында М.Шахановтың «Рух пен тіл» әні тыңдатқызылады. Ән сөзінің неше шумақтан (абзацтан), қанша сөйлемнен тұратындығы тапқызылып, оның күрдел синтаксистік тұтастық, не күрледі синтаксистік бүтіндікке жататындығы анықтатқызылады.
Сұрақ: Мәтін қалай берілген? (Өлеңмен)
1 – топ Өлеңмен берілген мәтінді қара сөзге айналдырып мәтін құрау.
5 топқа түрлі мәтін беріледі.
«Мәтін аялдамасы» деп аталады.
2- топ
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. «Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады» – деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады:
Мәтінге тақырып қоя отырып, мәтінді аяқтау.
3- топ
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы.
1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. ҚР Мемлекеттік Әнұраны, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы. ҚР Мемлекеттік Туы.
Мәтінге тақырып қоя отырып, мәтінді аяқтау.
4- топ
19- жаттығу
5-топ
«Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті. Патриотизм- «Отаным сені сүйем. Сен үшін құрбан болуға даярмын» деген құрғақ сөзді гүмпілдете беру емес. Елді, жерді, Отанды сүйетіндігіңді іспен дәлелде. Ата- анасын сыйлаған шәкірт сабағын да жақсы оқиды, тәртібін де дұрыс ұстайды. Іс деген осы, патриотизм осыдан басталады».Б.Момышұлы
ҰЛТ патриоты деген кім?
1.Бірінші сөйлем жалғыз өзі мәтін құрай ала ма?
2.Мәтінде неше сөйлем бар?
3.Мәтіндегі сөйлемдер бір-бірімен мағыналық жағынан жағынан өзара байланысқан ба?
4.Сөйлем неше абзацтан құралған?
1. Мәтіннің тақырыбы ретінде алынған сөздерге (мағынасы мен қолданылу мақсатына) талдау жасаңдар.
2. Мәтін неге бір ғана абзацтан құралған?
3. Мәтіннен өз тұсында норма болып, қазіргі кезде орфографиялық нормаға жатпайтын сөздік қолданыстарды тауып, талдау.
1. Мәтінде не жайында айтылған?
2. Мәтінді көркем етіп тұрған қандай дыбыстардың қайталануы?
Қазақты шет елдік қонақтарға қалай таныстырар едіңдер?
Жазушы, идея беруші, бақылаушы, суретші болып рөлге бөліне отыра топпен жұмыс жүргіземіз.
Оқушыларды ортаға шеңбер ретінде тұрғызып «Шаттық шеңбері» ойынын ойнату.
Егер сіз мемлекетімізді дамытамыз деп сенсеңіз , оң қолыңызбен бұлғаңыз;
- Егер сіз қазақ тіліне қамқорлық жасау менің перзенттік парызым деп санасаңыз , бір қадам алға басыңыз
- Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті десеңіз , бір қадам артқа басыңыз;
- Егер біздің еліміздің тағдыры сізді алаңдатса, алақаныңызбен шапалақ соғыңыз;
- Егер өзіңізді патриот санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз;
- Егер біздің мемлекетіміз әлемде беделді орынға ие болады десеңіз, екі қолыңызды алға созыңыз;
- Егер еліміздің болашағы сіздің қолыңызда екеніне сенсеңіз, қолдарыңызды ұстаңыз.
МАҚСАТҚА ЖЕТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ ҚАЖЕТ?
Бірінші белес. (мұны елге жариялау міндетті емес, ішпен біл де жүрекпен сез)
Қорытынды:
Сабақты қорытындылау.
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтін қалай жасалады?
- Кез келген сөздер тізбегін мәтін дей аламыз ба?
Ү.Үйге тапсырма.
«Таулар менің таусылмайтын бақытым,
Ал, ырысым- ұлан- ғайыр кең далам...» тақырыбында ойтолғау жазу.
Сабақтың тақырыбы : Отбасылық оқу. Көркем шығарма оқу арқылы бірге даму.
Сабақтың мақсаты :
Оқушыларды ізденіп көркем шығарма оқуға күштеп емес, өз қалаулары бойынша қызыға оқуын ұйымдастыу.
Дамытушылық :Өз бетінше іздене білуге үйрету, ізденіс жұмыстары арқылы ойлануға, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Өнерді сүюге, бағалауға баулу, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі :Дәстүрден тыс
Сабақтың типі: Талдау, жинақтау
Сабақтың әдісі :Қ.О. Бітібаева технологиясы (топтық жұмыс, зерттеу), СТО стратегиялары,баяндау, салыстыру, жинақтау, топтастыру
Пәнаралық байланыс:Тарих, музыка, қазақ тілі
Көрнекілігі: Б.Соқпақбаев суреті
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі – 3мин.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптан тыс жұмысқа дайындығын қадағалау, назарын аударып, сабаққа бейімдеу, бүгінгі сабақтан не күтетіндерін, мақсатын белгілеу, бағалау парағын тарату.(3мин.)
Ой қозғау. Қызығушылығын ояту.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.
кінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру.
Оралхан Бөкейдің «Кітап оқымайтын ғасыр келе жатыр ма деп қорқамын» дегені, дүкендерде, үй кітапханасында қандай кітап бар, кімдердің кітабы екенін білмейтін жас буынды көргенде жаның түршігеді.
- Сіздер ата-ана ретінде балаларыңның ойлау, сөйлеу, жазу қабілеттерінің артуына кітап оқудың қаншалықты маңызды екенін білесіздер ме?
- Білмегенді бірге үйренуге болатын ең қолайлы жағдай отбасылық оқу.
Қазақ даласында да отбасылық оқу болған.Әлемге әйгілі Мұхтарды атасы Әуез Абай өлеңдерін отбасында оқу арқылы дамытқан.
Бірінші әр топ ең көп кітабы бар үй кітапханасын таныстыру.
Үй кітапханасында қанша кітап бар, нешеуін оқыдың? Қазақтың қандай ақын- жазушыларының кітаптары бар?
Ата-аналарға сұрақ
-Сіздердің үйлеріңізде көркем шығарма оқу қаншалықты маңызды?
-Үй кітапханасындағы кітаптардың қайсысын балаңызбен біріге отырып оқыдыңыз?
-Соңғы оқыған кітаптарыңыз?
- Сыйлыққа кітап сыйлайсыз ба?
Енді 4 топтыңІ топ Алиша топ басшысы «Ағаш ат» кітабынан «Балықшы» әңгімесі.
ІІ топ Бибіайша «Әженің баласы» кітабынан «Балапан торғай»
ІІІ топ Әбілмансұр «Ағаш ат» кітабынан «Тасбақалар шежіресі»
ІҮ топ Бейбарыс «Әженің баласы» кітабынан «Бір қалта құрт» әңгімесін ата-аналарымен бірге оқып, талқылау берілген.
Бірінші кітаптың авторы жайлы мағлұмат беріп өту.
Әңгімелеу арқылы мазмұнын айту.
Әңгіме ұнады ма, несімен ұнады?
Тақырыбын, идеясын ашу. Түсініксіз сөздермен жұмыс.Ата-анамен оқығанда қандай қиыншылыққа кезіктіңдер?
Осы әңгімелер барысында біле алмай қалған сұрақтарың бар ма?
Кітаптың авторымен кездессеңдер не айтар едіңдер?
Қалай және қашан, неден қайтыс болғандығы?
Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында өмірдің қатал сынына түсіп, аштық пен жоқшылықтың, кедейліктің ащы дәмін татқан, соның салдарынан тап болған өкпе ауруы жанына
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18- қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.
Қасым:
-Енді менің дәмімнің таусылатын уақыты жақындап қалған сияқты. Қанша өлмеймін деп құлшынсам да ауру шіркін күннен-күнге жанға батып, меңдетіп барады. Өлім үшін өкінбеймін. Өйткені екінің бірі өледі ғой. Бірақ кеудемде орындалмаған ойым, жүзеге аспаған қиялдарым бірге кетіп бара жатқанына өкінемін. Үш нәрсені армандап бұл дүниеден мәңгілік аттанып бара жатырмын. Оның біріншісі – Абайдан асамын ба деп едім, аса алмай бара жатырмын. Екіншісі – қазақтың «Евгений Онегинін» жазамын ба деп едім, оған да ажал шіркін жеткізбейтін түрі бар... Үшіншісі – көшеге шыққанын бүкіл Париж аңдып тұратын Виктор Гюгоның құрметтелгеніндей қошеметке бөленсем бе деп едім, бұл да арман болып қара жерге менімен бірге көмілетін болды,-деді.
Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ.Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Қарағандыда Қ.Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді.
Кейіпкер Іс- әрекеті Қандай мінездің адамы
Екі жақты күнделік
Әңгімеде саған не әсер етті? Несімен әсер етті?
Түртіп алу
Ү білемін + мен үшін жаңалық - Мені таңғалдырғаны ? әрі қарай білгім келеді
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.