Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Математикалық фигуралар -

Математикалық фигуралар

Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1903 | Размер: | Автор: Тәрбие
. Сабақтың тақырыбы: Математикалық фигуралар.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: математикалық фигуралардың атауларын үйрету, жаңа сөздерді қолдана білуге үйрету, жуан және жіңішке сөздерді ажырата алуға машықтандыру.
Дамытушылық: сөздік қорын байыту; ауызекі сөйлеу тілін дамыту; пішіндер мен сызықтардың қазақ тіліндегі атауын меңгерту.
Тәрбиелік: сауатты әрі көркем жазуға баулу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Кезекшімен әңгіме.
Оқушыларды түгендеу.
Әнұранды орындау

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Сан есімдердің атауын, жаңа сөздерді жаттау.
- Балалар өткен сабақта сан есімдердің атауларын үйрендік, қане естерімізге түсірейік:
10- он, 20 – жиырма, 30 - отыз, 40 – қырық, 50 – елу, 60 – алпыс, 70 – жетпіс, 80 – сексен, 90 – тоқсан, 100 – жүз, 200-екі жүз ... 1000- мың ... 9000 – тоғыз мың.

Жаңа сөздермен сөйлемдер құру керек еді, кім оқиды? 5 сөйлемнен.
Үлгі: Екі саны бірден артық.

ІІІ. Жаңа сабақ.
- Жақсы, үй жұмысын тексердік. Енді бүгінгі тақырыбымызға көшейік: тақтаға қараңдар,
бірнеше математикалық фигуралар ( пішіндер ) бейнеленген. Мүмкін біреулерін атауын білетін шығар?:

фигуралар

шаршы үшбұрыш тіктөртбұрыш шеңбер дөңгелек

сызық түрлері
түзу үзік ирек нүктелі сынық

Жаңа сөздер:
Түзу – прямая үшбұрыш – треугольник
Үзік – пунктирная шаршы – квадрат
Ирек – волнистая тіктөртбұрыш – прямоугольник
Нүктелі - точечная шеңбер – окружность
Сынақ – ломаная дөңгелек – круг

Жаңа сөздерді жеке, хормен айту.
- Балалар айта кетейін бүгін сабағымызда кім дұрыс әрі жылдам жауап берсе, сабаққа белсене қатысса сол өзіне фигураларды жинайды. Сабақтың соңында, жиналған пішіндер бойынша бағаланады. Қызыл төртбұрыт – «5», көк шаршы – «4», жасыл шеңбер – «3». Және де топпен жұмыс істейміз. Әр топ өзінің тапсырмаларын орындайды.
- Қане біздің сыныпта дөңгелек пішінді қандай нәрселер бар?
- Шаршы пішінді нелер бар?
- Тіктөртбұрыш пішінді нелер бар?
- Ал енді тапсырмаларға көшейік.

Топтық жұмыс.
- Балалар сендер екі топқа бөлініп отырсыңдар. Біріншіден топтың атауын айтындар. Яғни өз топтарыңа ат қойыңдар. Топтың атауы математикалық фигура болсын. 1- топ- «Шаршы»; 2 топ – «Дөңгелек».
Біздің суреттердің артқы жағында тапсырмалар бар, Суретті алып, тапсырманы оқып орындау қажет. Біріншіден пішіндердің қай түріне жататынын айтыңдар, кейін берілген тапсырманы орындайсыңдар. Әр топ екі парақтан алады.

1 берілген сөзді буынға бөлу: Мерекелер – 4 буын. Ме – ре- ке - лер

2 үшбұрыш сөзімен сөйлем құру. Маринада 2 үшбұрыш бар.

3 Тіктөртбұрыш сөзін тақтаға жазу, жуан дыбыстарды бір сызықпен, жіңішке
дыбыстарды екі сызықпен сызу.
4 Сөйлемді аудару: Кеше бізде бес сабақ болды. Вчера у нас было 5 уроков.

- Енді кітаппен жұмыс істейік. Дәптерлеріңді ашыңдар, бүгінгі күнін жазыңдар. Бүгін қазанның сегізі. Кітаптарыңды ашыңдар – 16 бет. 1 жаттығу

1 – жаттығу Сөздерді буынға бөліп, көшіріп жазу. Әр топтан бір адамнан шығындар.
Өшіргіш, сызық, сызғыш, қарындаш, сызу, қағаз, нүктелі, дөңгелек, үшбұрыш, ирек, үзік, пішін.
Үлгі: ө- шір- гіш, сы- зық, сыз – ғыш.

Сергіту сәті:
Санамақты айтқызу:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
Оң аяқта бес бәшпай,
Сол аяқта бес бәшпай
Қосып едім екеуін
Болыпшықты он бәшпай.
Он саусақ пен он бәшпай
Бәрі таза, бәрі ай- ай.

2– жаттығу. Керекті сөздерді қойып жазу. (16 бет) Әр топтан бір адамнан шығындар.
Мен 4 сыныпта оқимын. Біздің сыныпта жиырма оқушы оқиды. Жылдың төрт мезгілі бар. Мен сызғышпен үшбұрыш сыздым. Математика сабағында біз есеп шығарамыз. Менің інім төртбұрыш сызды.

3– жаттығу. Сөздердің аудармасын табу. Ватманға фигуралардың суретін салу. Қай топ жылдам орындайды. Әр сөзбен сөйлем құру.

Түзу - прямая
Шаршы- квадрат
Үшбұрыш –треугольник
Дөңгелек – круг

IV. Тақырыпты бекіту.

Сұрақтарға жауап беру:
4.1 Сызық түрлерін атаңдар: Математикалық фигураларды атаңдар:
Түзу – прямая үшбұрыш – треугольник
Үзік – пунктирная шаршы – квадрат
Ирек – волнистая тіктөртбұрыш – прямоугольник
Нүктелі - точечная шеңбер – окружность
Сынақ – ломаная дөңгелек – круг
Қай топ жылдам әрі дұрыс жауап береді.

4.2 Берілген сөздерден бірнеше сөздерді құру (ватманға сөздер құрастырып жазады)

1 топ - нүктелі 2 топ - үшбұрыш

Бағалау.
Жиналған фигуралар бойынша бағаланады.

Үйге: 4 жаттығу жазбаша (17 бет), жаңа сөздерді жаттау.

Қосшы орта мектебі

Ашық сабақ

«Математикалық фигуралар»
4 сынып

Ахметжанова С.С.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.