.
.
Сабақ жоспары Мен қазақша сөйлеймін
Сабақ жоспары | Предметы | Қазақ тілінен ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2441 | Размер: | Автор: ТәрбиеКүні: 16.10.2014
Сыныбы: 2 « Д»
Мұғалім: Абуова Б.Е.
Сабақтың тақырыбы: Мен қазақша сөйлеймін
Мақсаты:
Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, махаббатын ояту. Сөйлеу дағдысын, сөйлеу мәнерін қалыптастыру. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын молайту.
Міндеті: Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету
Көрнекіліктер: қанатты сөздер, үн таспа, шарлар, бүктемелер
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә)сабаққа дайындығын тексеру
Әнұран орындалады
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін сынып ішінде «Мен қазақша сөйлеймін» атты тақырыпта жарыс сабағы өтпек. Осы уақытқа дейін өткен тақырыптарға саяхат жасай отырып, білгендеріміз бен бөлісейік. Сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан мен сыныпты екі топқа бөліп алайын.
1-топ «Кішкентай білгірлер»
2-топ «Кішкентай тапқырлар»
Шарты: Әр тақырыпқа қатысты тапсырмаларды орындау
Әр айналыммен таныстырайын:
Мақал-мәтелдер жарысы. Кім көп мақал біледі екен? Кезекпен айтып шығайық.
Өнерлі өрге жүзер. Өзіміздің бойымыздағы өнерімізді паш етеміз.
Сұраққа-жауап.
а) «Ана тілі» сөзінде неше дыбыс бар?
ә) Суретпен жұмыс
б) «Қазақ тілі»сөзінде неше буын бар?
в) «Менің отбасым» тақырыбына әңгіме құраңыз.
г) Екі топтан «Тіл» тақырыбына байланысты тақпақ сұрау
Мұғалім сөзі: Балалар, қалай ойлайсыңдар, кім жеңді?
Осы кезде сыныпқа «Тіл жанашыры» кіреді де:
-Достық жеңді,- дейді.
Балалар:
- Сіз кімсіз?
Ол:
- Мен тіл жанашырымын. Сендерге қонақ ерте келдім. Кәне, төрлетіңіздер!
4 «А» сынып оқушылары «Алдаркөсенің қулығы» тақырыбында көрініс қояды.
Артынан 4 «Г» сынып оқушылары «Ана тілі» әнін орындайды.
Тіл жанашыры:
- Балалар, Достық жеңді! Сендер жарайсыңдар! Сендер әлі де қазақ тілін меңгере түсесіңдер. Мен оған сенімдімін.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Бүгін ғана емес, ертең де, үнемі қазақша сөйлеп жүрейік. Өйткені, қазақ тілі – дана тілі, ұлы тіл!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.